Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Сөйлемдердің ақпараттық мазмұны

 

Сөйлемдердің ақпараттық мазмұны                                                         

Түйіндеме: Мақалада сөйлемдер ақпараттық мазмұнына  қарай объективті әлемді бейнелейтін сөйлемдер, субъективті әлемді бейнелейтін сөйлемдер түрінде екіге бөлінеді.

Сөйлемнің ақпараттық мазмұны арқылы коммуниканттардың моделі айқындалады.

 Субъективті әлемді бейнелейтін сөйлемдерде коммуниканттар моделі:  тыңдаушы мен сөйлеуші ретінде қарастырылады. Объективті әлемді бейнелейтін сөйлемдерде коммуниканттар баяншы және қабылдаушы ретінде танылады. 

Субъективті әлемді бейнелейтін сөйлемдер пікіралысудың құралына, объективті әлемді бейнелейтін сөйлемдер ойды білдіру құралына жатқызылады.  Нәтижесінде сөйлемдер коммуникативтік бірліктер ретінде тұжырымдалады.   

Тірек сөздер: ақпараттық мазмұн, тілдің коммуникативтік қызметі,  тілдің пікір алысу қызметі, субъективті әлем, объективті әлем, қатысымдық бірлік,  коммуниканттар моделі, тіл субъектілері.

Аннотация: В статье рассматриваются информационное содержание предложений. В связи с этим они разделится таким видам: предложения изображающий субъективный мир и предложения изображающий объективный мир. А так же информационном содержанием предложения определяются модель коммуникантов. В предложениях которые передают извещение о субъекте модель коммуникантов: говорящий и слушатель. В предложениях которые передают извещение о объекте модель коммуникантов: автор и приемник.

Предложения изображающий субъективный мир это средство для языковой общений.

Предложения изображающий объективный мир это средство для языковой коммуникаций. В результате предложения являются коммуникативными единицами.

Ключевое слова:  информационное содержание, коммуникативная функция языка, языковая коммуникация,  языковые общение, субъективный мир, объективный мир, коммуникативная единица,  модель коммуникантов, языковые субъекты.

Abstract: This article explores the information content of the proposals. In this regard, they will be shared typed: proposals depicting subjective world and the objective world depicting offers. As well as the information content of proposals defined model communicants. The proposals that transmit notice of the subject model communicants: the speaker and the listener. The proposals that transmit notification object model communicants: the author and receiver.

Offers depicting subjective world is a toll fool for language communication.

Offers depicting objective world is a toll for linguistic communication. As a result, proposals are communication units. 

Key words: Information content, the communicative function of language, linguistic communication, language communication, the subjective world, the objective world, communicative unit model communicative unit model communicants, language subjects.

 

Адамзаттың тыныс-тіршілігі үнемі шешуін талап ететін мәселелер мен міндеттерден тұрады. Бұл жағдай адамдар  бірін-бірі  түсіне алғанда ғана дамиды және оң шешімін табады. Адамдардың  бірін-бірі түсінуі сөйлеу әрекеті барысында жүзеге асады. Сөйлеу әрекеті тіл арқылы орындалады. Сондықтан В.И.Постовалова атағандай «тіл адамның әрекет қабілетінің құрамдас бөлігі» [1, 29 б.] болып табылады. Ендеше, адамдардың бар әрекеті, тіршілігі тілден көрініс табады.

 Тіл адам өміріндегі нақты жағдаяттардан, халықтың күнделікті  тыныс-тіршілігінен, ондағы болып жатқан уақиғалардан, адам танымынан хабар беріп, ақпараттық қызмет атқарады. Тілдің ақпараттық қызметін екіге бөліп қарастыруға болады: 1. Объективті әлем туралы ақпарат беру; 2. Субъективті әлем туралы ақпарат беру. Бұл қызмет сөйлемдер арқылы анықталады. Дәлірек айтқанда, сөйлемдер объективті және субъективті әлем туралы хабар беретін тілдік бірліктер болып табылады.

Объективті әлем туралы ақпарат беретін сөйлемдер адамның рухани жан-дүниесіне табиғаттың, қоғамның ықпал етуінен туындайды. Адам санасында өзінен тысқары тұрған  объективті дүниенің бейнесі көрініс тауып, бұл құбылыс сөйлем арқылы жарыққа шығады.

Субъективті әлем туралы ақпарат беретін сөйлемдер адам санасының өзі, басқа, бөгде адамдар туралы ой-пікірінен туындайды. Нәтижесінде адамзатқа тән әрекеттер мен қасиеттер де сөйлем арқылы жарыққа шығады.  

Г.В.Колшанскийдің «Тіл әлемге және адамзатқа қатысты екі жақты субстанция» деп тануы [2, 81 б.] біздің пікірімізге дәлел бола алады.

 Объективті әлем туралы ақпарат беретін сөйлемдерде адам өзін емес, өзін қоршаған ортадағы əлемнің шынайы көрінісін танып біледі де, сол танылған заттар мен құбылыстар туралы хабар береді. Мысалы, Бүгін жаңбыр жауып тұр десек, табиғаттың белгілі бір мерзіміне тән құбылыс  туралы, Биыл егіннің түсімі  мол болды десек, табиғи өнім туралы, Түн ортасы ауды  десек, табиғи болмыс туралы, Қасқыр  жыртқыш аң, Қойүй жануары десек,   жануарлар мен хайуанаттар туралы  хабар беріліп тұр.

Субъективті әлем туралы ақпарат беретін сөйлемдер қоғам мүшелерінің өзара әрекеттесу шарттарын, адамның ішкі жан-дүниесін, болмысын көрсетеді. Мысалы, Мен кітап оқығанды ұнатамын десек, осы сөйлемде адамның ішкі дүниесінен хабар беріледі. Ол кино көруге жиі барады десек, адамға тән қасиет туралы хабар аламыз. Олөте ақкөңіл жігіт  десек, адамның болмысы туралы хабар айтылып тұр.

Объективті әлем туралы ақпарат беретін сөйлемдер тілдің коммуникативтік қызметімен байланысты, ал субъективті әлем туралы ақпарат беретін сөйлемдер тілдің пікіралысу қызметімен байланысты өмір сүреді. Тілдің коммуникативті қызметі мен пікіралысу қызметі екі түрлі сипатқа ие. Бұл жөнінде профессор Б.Хасанұлы: «Язык – средство общения или коммуникации?» деген көлемді мақаласында жан-жақты талдау жасай келіп, былай дейді: «Говорят, языковая коммуникация и языковые общение одно и тоже, как и коммуникативтные постулаты и постулаты речевого общения. Однако не всегда допускается  синонимия валентных способностей этих слов. Например, говорят: конференция проводится «для общения», но не говорят «для коммуникации». Лучше было бы говорить «для диалогического общения. Есть социолингвистике такие понятия, как социально-коммуникативная система, коммуникативная ситуация и., др. где слово «коммуникативная» трудно заменить словом «общение» Мы говорим «интеллектуальное общение», но не говорим «интеллектуальная коммуникация». Следовательно, эти слова не всегда выступают как абсолютные синонимы» – деген пікір айтса [3, 293 б.],  Н.А.Ипполитова «коммуникация и общение различаются и по степени активности участников. В коммуникации всегда активен один, а в общении одновременно все партнеры» [4, 37 б.] деп тұжырымдайды. Ендеше, объективті әлем туралы ақпарат беретін сөйлемдер коммуникативтік қызмет атқарады. Ал субъективті әлемге қатысты сөйлемдер пікіралысу қызметін атқарады. Осыған орай, сөйлем құрамынан коммуниканттардың моделін анықтауға болады. Коммуникативтік қызмет атқаратын сөйлемдерде коммуниканттар баяншы және қабылдаушы моделін түзеді. Пікіралысу қызметін атқаратын сөйлемдерде коммуниканттар сөйлеуші және  тыңдаушы моделін түзеді. Баяншы өзі туралы емес, өзін қоршаған ортадан танығанын, байқағанын, сезгенін, білгенін айтады немесе жазады. Баяншының қоршаған ортаны танып-білуі оның танымдық қызметіне қарай әр түрлі деңгейде болуы мүмкін. Соған байланысты баяншы қолданатын сөйлемдердің де танымдық сипаты әр түрлі болады. Мәселен, баяншы жалпыхалыққа танымал болған табиғи болмыс туралы хабар беруі мүмкін. Мысалы, жаңбыр жауды, күн жылынды, қыс түсті т.б.    Мұндай сөйлемдер жалпыхалықтың танымына ортақ сөйлемдер ретінде танылады. Сондықтан оларды негізінен ауызша формада, қажет болған жағдайда ғана жазбаша формада  қолданамыз. Баяншының қоршаған ортаны тану әрекеті, тәжірибесі, білімі тереңде жатса, онда сөйлем баяншының өзіне тән танымдық ерекшелігін анықтайды. Мұндай сөйлемдер негізінен жазбаша формада көрініс табады. Мысалы,  Атмосфера – жерді қоршап тұратын газдар қабаты. Ол көптеген газдардың жер бетіне жақын болуына мүмкіндік бере отырып, жердің гравитациясымен тартылады. Атмосфералық газдардың көпшілігі тропосфера деп аталатын атмосфераның төменгі қабатында жинақталған… (Сұрақ және Жауап кітабынан) тәрізді сөйлемдер баяншының ғылыми танымдық тұжырымдары. Сондықтан оларды баяншы жазу арқылы жүзеге асырады. Себебі мұндай сөйлемдер кез келген жерде қолданыла бермейді. 

Объективті әлем туралы ақпарат беретін сөйлемдерде сөйлеушінің кім екені белгісіз. Аласапыран көктемнің кезі еді. Қыс бойы қар астында тұншыққан жер беті бір түннің ішінде- ақ, ұрланып көшіп кеткендей зым-зия жоқ болды. Жер ақ көйлегін шешкен арудай сыланып, құлантаза болды да қалды. Көктем көрінісі көзді арбап, көңілге нелер қилы ой салатын ең бір жақсы шақ еді. Құстар да көбейіп кетті. Ертеден кешке дейін дүр-дүр етіп ағаштан ағашқа қонып, у-шу базар жасап, мәз-мейрам болып шықылықтасып, бір тыным таппайды. (Д. Исабеков) деген сөйлемдерде сөйлеуші айтқан ойына, сөйлеген сөзіне өзін қатыстырмай, сырттан бақылап тұрған адамның кейіпінде сөйлеген.

 Ал, Ай достарым, жау жүрегіне сермелген найза біздің батальон болса, сол найзаның болат жебесі сендерсіңдер. Өйткені жау бекінісіне ең алдымен ілінген сендер болып тұрсыңдар. Ендеше, батальон, тіпті батальон емес, бүгінгі бар шабуылдың тағдырын шешетін тағы сендерсіңдер.  Сендер жауды осылай алдап, қалың күшін бұрсаңдар, біз оң жағынан айналып келіп соғып, жарып кіреміз.(М.Ә) деген сөйлемдерде сөйлеушінің кім екені, тыңдаушының кім екені, сөйлемдегі ақпарат иесінің кім екені белгілі. Сөйлемнен тіл субъектілерін тауып алуға болады. Сөйлеуші тыңдаушыларға олардың әрекеттері, қасиеттері туралы ақпарат беріп тұр. Мысалы, Ай достарым, жау жүрегіне сермелген найза біздің батальон болса, сол найзаның болат жебесі сендерсіңдер дегенде тыңдаушының кім екені, қандай адамдар екені туралы  ақпарат беріп тұр. Өйткені жау бекінісіне ең алдымен ілінген сендер болып тұрсыңдар деген сөйлемде тыңдаушылардың хал-ахуалы туралы хабар беріп тұр. Ендеше, батальон, тіпті батальон емес, бүгінгі бар шабуылдың тағдырын шешетін тағы сендерсіңдер дегенде сөйлеуші тыңдаушыларға міндет жүктеп тұрса, Сендер жауды осылай алдап, қалың күшін бұрсаңдар дегенде сөйлеуші тыңдаушылар орындайтын әрекет туралы хабар беріп тұр. Ал Біз оң жағынан айналып келіп соғып, жарып кіреміз дегенде сөйлеушінің өз әрекеті туралы хабар беріп тұрғанын көруге болады. Сөйлем ішінде тіл субъектілері айқын көрініс тапқан. Олар: сендерсіңдер, сендер, біз.

Субъективті әлем туралы ақпарат беретін сөйлемдерден екі немесе одан да көп адамдардың пікіралысуын көреміз. Мұндай сөйлемдерде адамның сезгені, білгені сол сәтте тіл арқылы жарыққа шығады. Нәтижесінде сол сәттегі  сөйлеушінің ашуы (лебі), күлкісі, сұрауы, жауабы, қуанышы… тағы сондай психологиялық жағдайлары сөйлемнен көрінеді. Психологиялық жай-күйге байланысты неше түрлі сөйлем түрлері туындайды. Ашулану кезінде қолданылған сөйлем мен  қуану кезінде айтылған сөйлем жай кезде қолданатын сөйлеммен бір дәрежеде болмайды. Сол сияқты ренжігенде қолданылған сөйлем мен қуану сәтінде қолданатын сөйлемнің  өзіндік ерекшеліктері бар. Ол негізінен дауыс ырғағынан айқын көрініс табады. Мұндағы керекті мағынаны көңілдің күйі, ойдың тегеуріні тәртіптеп, реттеп беріп отырады.

 С.Ақаев: «адам сөзді өз мақсат мүддесіне сай таңдап немесе соған сай икемдей қолданып, бір оқиғаның өзіне әр түрлі реңк бере хабарлауы мүмкін. Мұндайда тіл қандай да бір хабар жеткізу, соның ішінде билік айту құралы болып қана қоймай, өз мазмұны мен құрылымы арқылы санаға тікелей әсер етіп, жаңа тууы тиіс ойдың бағыт-бағдарын анықтайды» [5, 86 б.] дей келе, алынған мәлімет негізгі, тікелей хабарланған ой бойынша ғана емес, хабарлаушы бірлікті (сөз, сөйлем, мәтін) талдау, қорыту арқылы да қалыптасады деген қорытынды жасайды. «Тіл арқылы айтылатын ой сөзге, сөз тіркесіне солардан құралған сөйлемдерге негізделеді. Тілдің бас арқауы – сөз. Арқаусыз кілем, алаша тоқылмайтыны сияқты сөзсіз сөйлем де құралмайды» деген [6, 5 б.] профессор М.Балақаевтың пікірін басшылыққа ала отырып, сөздің қолданыс аясын, ақпарат берудегі қызметі тек сөйлем аясында ғана анықталады, ал сөйлем тілдің қарым-қатынастық  қызметін анықтайтын қатысымдық бірлік деп тұжырымдауға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1 Постовалова В.И. Лингвокультурология  в свете антропологической пардигмы // Фразеология в контексте культуры. – М.: Языки русской культуры, 1999. – С. 29-31.

2 Колшанский Г.В. Некоторые вопросы семантики языка в гносеологическом аспекте  //Принципы и методы семантических исследований. – М.: Наука, 1976. –81 с.

3 Хасанулы Б. Язык – средство общения или коммуникации? //Жизнь языка и язык в жизни: сб. статьей \ под общ. ред. Н.Ж.Шаймерденовой. –Алматы: Қазақ университеті,  2005. – 480 с.

4 Ипполитова Н.А. Князева О.Ю. Савова М.Р. Руский язык и культура речи: учебник  /под.ред. Н.А.Ипполитовой. – М.: ТК Велби Изд. Проспект, 2004.

5 Ақаев С. Т Терминнің тілдік және танымдық сипаты: филол. ғыл. док. … дис. – Алматы, 2002. – 291 б.

6 Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. – Алматы: Мектеп, 1989. – 96 б.

Ильясова Н.А.

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті, филология ғылымдарының докторы

 

 
(Жалпы 207 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Терминология-лық анықтамалық
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминдер мен ұғымдар
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[1] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[2] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[3] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер