«Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асырмақ.
Осы мақсатта үстіміздегі жылы мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік базасын әзірлеу көзделіп отыр. Соның ішінде мемлекеттік тілді жеделдете оқытуға арналған оқу-әдістемелік құралдар мен анықтамалықтар, публицистикалық, ғылыми әдебиеттер әзірлеу және шығаруды қолға алады.
Осыған орай, еліміздегі негізгі ғылыми базасы қалыптасқан оқыту орталығының авторлығымен дайындалған әзірлемелерді электронды поштасы арқылы 18 мамырға дейін республикалық орталықтың сараптамалық комиссиясына ұсынуларыңызды сұраймын.
Бұл туралы хат қосымшасымен Республика бойынша тілдерді оқыту орталықтарына жөнелтілді. Ауқымды іске бей-жай қарамауларыңызды сұраймын.
Орталық директоры Қ. Әбіл











Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.