Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Мемлекеттік тіл оқыту орталықтарындағы жетістіктер мен проблемалар, оқыту жүйесін біріздендіру

 

Мемлекеттік тілді оқып-үйрену, меңгеру – Қазақстан азаматтарының парызы. мен міндеті саналып, бәсекеге қабілеттілігі және қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болуға тиіс. Үкіметтің «Үштұғырлы тіл»,- саясатын іске асыру, басқа да ұлт тілдерінің дамуына ықпал ету қазақ халқын біріктіруші фактор болып табылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050» Стратегиялық Жолдауында:«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту», –  деп атап көрсетті. Бұл-  туған тілдің саяси  мәні мен мағынасын, мемлекеттік мазмұнын анықтайтын үндеу деп түсіну қажет. Мемлекеттік тілді ойлау – болашақты ойлау деген сөз.

Қазақстандықтардың қазақ тілін толыққанды меңгеруіне  қолдау көрсету бағытында мемлекеттік тіл саясатын негізге алу Қазақстан  Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың   2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрініс тапқан. Бағдарламада тіл үйрету орталықтарының жұмыстарын жаңаша құруға баса назар аударылған. Осы орайда, ең алдымен, қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру және оларды оқытуды мемлекеттік стандарт талаптарына сай жүргізу талап етіледі.

Бұл міндеттерді орындауда Тілді дамытуға жауапты мемлекеттік мекемелермен қатар  Тіл орталықтары да ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Атап айтсақ, аталған бағдарламада – мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында оқитындар санының өсуі 2014 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 30%-дан кем емес,   2017 жылғы өсім 70%, 2020 жылға қарай – 100%- ды құрауы тиіс екендігі көзделген.

2009 жылы   мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында оқығандардың саны  29 000 адамды  құраса, 2014 жылы – 11 871 адамға өскен. Бұл көрсеткіш  40,9 %-ды құрап отыр.  Бұл  мәлімет- оқыту орталықтары  еңбегінің нәтижелілігін байқатады.

Тілдерді оқыту орталықтары мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіруде он-лайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылған қазақ тілін оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыруда, түрлі республикалық, облыстық, аймақтық шараларды ұйымдастыруда және қатысуда да белсенділік танытып келеді. Cоның ішінде оқытушылардың оң имиджін көтеретін шара ретінде «Тіл мерейі» республикалық байқауын  атауға болады. Жыл сайын өткізілетін бұл байқау арқылы Тілдерді оқыту орталықтары мамандарының кәсіби деңгейінің өсіп келе жатқаны байқалады. «Тіл мерейі» республикалық байқауы жеңімпаздарының үздік сабақтарын өткізілген шара деңгейінде  қалдырып қоймай, өңірлердегі оқыту орталықтарының мамандарына аймақтық шеберлік класы түрінде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Қол жеткізген жетістіктермен қатар әлі де шешімін таппай келе жатқан проблемалар да  жоқ емес. Тіл орталықтарының жалпы саны – 91. Ал, 2 қала мен 14 облыстағы орталық саны – 16. Барлық тіл орталықтары мемлекеттік қызметшілерді «бастауыш, жалғастырушы және тереңдетілген» деңгейлер бойынша  оқытқанымен, ондағы бағдарламаның сағат саны әр орталықта әртүрлі. Біреуінде – 70 сағаттық, біреуінде – 90 сағаттық, ал енді біреуінде 120 сағаттық оқу бағдарламасы қолданылады. Яғни, мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасының  сағат саны Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзіреттіліктерін анықтайтын мемлекеттік стандартта көрсетілген сағаттарға  сәйкестендірілуі қажет.

Басқа орталықтар да мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының тәжірибесіне көшуі керек деп есептеймін. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді өндірістен қол үзіп оқыса, тіптен тиімді болар еді. Мемлекеттік және жергілікті басқару институтына мемлекеттік қызметшілер өзінің кәсіби саласы бойынша біліктіліктерін арттыруға тұрақты түрде жіберіліп тұратындығы белгілі. Біздің ойымызша, мемлекеттік тілді үйрету курстарын да сондай жүйеге көшірген орынды. Бір-бірімен байланысты тұтас бағдарламаны аз ғана уақыт ішінде меңгеріп алу, тіл үйренушінің өзіне деген сенімділігін оятар еді. Мұндай тәжірибе өзін-өзі ақтайды деп сеніммен айтуға болады. Алайда, бұл жерде ең бастысы, адамның өз қызығушылығы мен қажеттілігі алдыңғы орында болуға тиіс.

Негізінен, аталған мәселелерді үйлестіріп, бір жолға қою – Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің          «Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың үйлестіру – әдістемелік орталығының» жұмысы.

Орталық осы уақытқа дейін Мемлекеттік бағдарлама аясында шығарылған 100-ге тарта оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеп, Республиканың барлық өңірлеріне  таратты. Орталықта жабдықталған 2 мультимедиялық кабинет және кітап қоры 3 мың дана қоры бар кітапхана жұмыс істейді.

2014 жылғы 29 сәуірде «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәй­кес ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде акредиттелді, яғни акредит­теу туралы куәлік алды.

         Біз қазір Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсы­рысы бойынша іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізіп  жа­тыр­мыз. Яғни, біздің орталық қазір заң жү­зінде ғылыми-зерттеу инс­титуттарымен теңесті.

Бүгінгі таңда Орталықтың оқу-әдістемелік жұмыстармен қоса ғылыми лингвистикалық  зерттеулер жүргізумен және баспа өнімдерін шығарумен айналысуға толық мүмкіндігі бар және ғылыми әлеуетін көтеру жолдары қарастырылуда. Қазір Орталықтың www.tilortalyk.kz cайты жұмыс жасап тұр.

Тіл орталықтарының басты мақсаты –тілдерді оқыту, оларға арнап оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу болғандықтан, республикалық орталықтан бекітіліп ұсынылған бағдарлама бойынша жұмыс жасағаны әлдеқайда тиімді болар еді.

2011 жылы қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзіреттіліктерін анықтайтын мемлекеттік стандартқа негізделген «Қазақ тілін шет тілі және екінші тіл ретінде» оқыту әдістемесі әзірленді. Қазіргі таңда бұл әдістемемен республикалық Тілдерді оқыту орталықтары жұмыс жүргізуде. Оқыту нәтижесі тіл үйренушілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ тапсыру  қорытындысымен анықталады.

Ендігі міндет – ұлттық ерекшеліктерге негізделген оқу – әдістемелік бағдарламаны  жүзеге асыруды біріздендіру.

Орталықтардың қай әдістемені жүйелі пайдаланып жүргендерін білу мақсатында  16  оқыту орталығына  сараптама жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде «Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру – әдістемелік орталығында» Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен республикаға белгілі филолог-ғалым  мамандарының қатысуымен ғылыми-әдістемелік кеңес өткізілді.

Отырыста оқыту орталықтарына жасалған сараптама негізге алынып, қолдану белсенділігі мен тиімділігіне қарай оқу-әдістемелік кешендер мен  құралдар зерделеніп, сараланды. Сараптау нәтижесінде  Тіл оқыту орталықтарының қазақ тілі курстарын ұйымдастыруда «Қазақ тілін шет тілі және екінші тіл ретінде» оқыту әдістемесін қолдану ұсынылды.

Сонымен қатар қазақ тілін меңгертуде қосымша  жиі қолданыста жүрген оқу-әдістемелік құралдардың ішінде «Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығы» әзірлеген «Сарыарқа», «Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының»  «Жаңа толқын», А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты құрастырған «Тілашар» оқу-әдістемелік кешендерін атап өтуге болады.

Ортадан жоғары деңгейден бастап іскери қазақ тілін оқытуда              Л.Дүйсембекованың «Ісқағаздарын қазақша жүргізу», О.Әбутәліптің «Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» атты еңбектері белсенді қолданып жүргендігі анықталды.

Ғылыми-әдістемелік кеңесте  оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру, мамандардың беделін көтеру және еңбектеріне мемлекеттік қолдау көрсету  мақсатында санат беру мәселесі көтерілді.

Өңірлік деңгейде жұмыс тәжірибесі пысықталған, оқу-әдістемелік әзірлемелер шығарған немесе Тіл конкурстарының жеңімпазы атанған, сонымен қоса, республикалық орталық арқылы өз біліктілігін арттырған оқытушыларды санаттау қажеттігі талқыланды.

Қазіргі уақытта оқытушылардың біліктілігін көтерудің  заңнамалық негізін қарастыру үшін құзырлы органдарға ұсыныстар әзірленуде. Сондай-ақ қазақ тілін күнделікті толыққанды қызметтік және кәсіптік қарым-қатынас тіліне айналдыруды іске асыру мақсатында әзірленетін салалық оқу құралдары әзірленіп, сараптамалық кеңес отырысына ұсынылу қажет.

Сонымен қатар, тіл үйренушілердің орталықтардан  деңгейлік оқу курстарынан өткендігін растайтын  республикалық деңгейдегі  Сертификатты бір орталықтан беру жүйесін енгізу қарастырылуда.

Сіздерге Сертификат үлгісінің жобасын  ұсынып отырмыз (слайдтан көрсетіледі).

Кеңес мүшелері оқыту орталықтарының жұмысын  бірізге түсірудің тағы бір жолы – тоқсан сайын атқарып жатқан жұмыстарының есебін беруді жолға қою қажеттігін ұсынды.

Мемлекеттік тіл  оқыту орталықтарының деңгейін көтеру, оқыту әдістемесінің бірыңғай жүйесін әзірлеу мақсатында негізгі үйлестіруші орган болып, Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы  белгіленуі қажет. Еліміздегі барлық орталықтардың оқыту әдістемесін біріздендіру барысында олардың  негізгі діңгегін айқындау  жұмыстары  жүргізілуі қолға алынады.

Сөзімді қорытындылай келе, бүгінгі кеңесті Министрлік пен Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Тілдерді оқыту орталықтарына көрсетіп отырған қолдауы  деп санаймыз.  Осы орайда, Орталық тарапынан келесідей ұсыныстарымыз бар:

  1. Тілдерді оқыту орталықтарының қазақ тілі курстарын ұйымдастыруда «Қазақ тілін шет тілі және екінші тіл ретінде» оқыту әдістемесін негізге алу;
  2. Мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасының сағат санын белгілеуде қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзіреттіліктерін анықтайтын мемлекеттік стандартты басшылыққа алу;
  3. Тілдерді оқыту орталықтары әзірлеген мемлекеттік тілді оқытуға арналған салалық оқу-әдістемелік кешендерді Орталықтағы ғылыми-әдістемелік кеңес шешімімен анықтап, бекіту;
  4. Республика бойынша барлық тіл үйренушілерге берілетін Сертификат үлгісін бекітіп, орталық арқылы беру.

Тілдерді оқыту орталықтары, шын мәнісінде, бір жүйеге түскен жағдайда ғана  әлеуетті құрылым болып қалыптаса алады.  Бұл орайда, әлі де  ауқымды жұмыстар атқарылатыны сөзсіз. Алайда, алдағы мақсат-міндеттеріміз, басты бағытымыз айқындалғаннан кейін оны жүзеге асыру жеңілдей түспек.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бірлесе еңбек етсек, біз алмайтын асу жоқ. Өйткені, баршамыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара еңбек еткенде ғана жемісті нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Іске сәт, құрметті тіл жанашырлары!

                                                                      «Ш. Шаяхметов атындағы

                                                                                             Тілдерді дамытудың республикалық                                                                                                       үйлестіру –  әдістемелік орталығы»

                                                                                             РМҚК  директоры  Қ.Әбілдің сөйлейтін                                                                                                сөзінің тезистері

(Жалпы 369 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминология-лық анықтамалық
Терминдер мен ұғымдар
Мекемтас Мырзахметұлы
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[1] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер