Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ҰСТАНЫМДАРЫ

Мақалада тілді шет тілі ретінде оқытудың әдістемелік негіздері қарастырылады. Автор оқытудың мазмұны мен ғылыми-теориялық зерттеулерге негізделген әдіс-тәсілдері тіл үйретудің негізгі ұстанымдарын айғақтайтынын айтып, қазақ тілі шет тілі ретінде оқытудың негізгі ұстанымдары мен ерекшеліктерін сипаттайды. Оқытудың негізгі мақсаты тіл меңгерушінің коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру болғандықтан, бұған қол жеткізу үшін лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, әлеуметтік-мәдени, дискурстық құзіретттері тыс қалмайтыны айтылады.

Тілді шет тілі ретінде оқыту үш маңызды элементтен құралады. Бұлар: оқу материалы, оқытушы және оқыту әдісі. Оқу материалын оқытудың мақсаты мен міндеттеріне сай сұрыптау, оны тіл меңгерушіге електен өткізілген әдіс-тәсілдермен ұсыну тіл оқытуда шешуші фактор болып табылады. Оқытушы әдіскерлердің тіл меңгертудегі ғылыми зерттеу нәтижелері теорияның практикадағы көрінісі болмақ.

Әдіскер зерттеушілер бұл мәселені шешуі үшін көптеген мақсаттар мен міндеттерді саралап нақтылауы тиіс.

Қазақ тілін шет тілі ретінде үйренетін оқушы кең көлемдегі құзіреттіліктерді меңгеруі тиіс. Осы орайда тіл оқытудың негізгі ұстанымдарын ажыратып, нақтылау – мақаламыздың мақсаты. Олар: тілдік білімнің сұрыпталу ұстанымдары, оқытудың ғылыми-әдістемелік ұстанымдары [1]. Шет тілі ретіндегі сабақтың әрқайсысында тілді одан әрі тереңдете меңгеруді қамтамасыз ететін тілдік білімнің негізі қалануы тиіс. Олай болса, оқытудың  негізгі идеясын тілдік материалдың мазмұны мен оны ұсынудың әдіс-тәсілдері анықтайды. Мазмұн мен ғылыми зерттеуге негізделген әдістеменің бірлесе жұмыс істеуі, олардың бірін-бірі толықтырып отыруы оқытуға қойылатын негізігі талаптардың бірі. [2;3;4].

Тілді оқытудың негізгі мақсаты – тіл үйренушінің коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру.

  1. Тілді оқытудың ғылыми ұстанымы – негізгі мақсатқа қол жеткізу үшін арнайы ғылыми-теориялық зерттеудің нәтижесіне құрылған тіл меңгертудің әр деңгейіне қажетті грамматикалық білім мен сөйлеу материалдарын сұрыптау және оны жүйелі түрде ұсыну.
  2. 2. Оқытудың жүйелілік ұстанымы. Оқыту мазмұны негізгі тілдік қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыс, әлеуметтік-мәдени салалары бойынша материалдардың тақырыптық топтастырылу әдісімен құрылуы тиіс. Ұсынылатын тілдік материал әр сабақта қарапайымнан күрделіге ұстанымы бойынша жүйелі кезеңдерден құрала отырып, берілетін материалдың спиральды дамуын қамтамасыз ете алуы тиіс. Оқыту жүйесінің мұндай ұстанымы бірізділікке қол жеткізеді.
  3. Түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдану ұстанымы.

         Біріншіден, коммуникативтік құзіреттілік тәсіл. Екінші тілдің немесе шет тілінің қарым-қатынастық, яғни функционалдық қызметін оқыту. Оқыту сөйлеу әрекетінің төрт түрі: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылымды (диалогтық және монологтық) меңгерте отырып, коммуникативтік құзіреттіліктің бірнеше түріне дағдыландыру мен оны қалыптастыруға бағыттауы тиіс. Коммуникативтік құзіреттілік өз аясында:

  • лингвистикалық (грамматикалық білім және сөздік қор);
  • әлеуметтік лингвистикалық (тілдік қарым-қатынасқа түсу үшін мақсат пен жағдаятқа сай тілдік формаларды таңдай білу);
  • дискурстық (коммуникативтік айтылымдарды түсіну және соған сай тілдік құралдарды таңдап қолдана білу);
  • стратегиялық (вербалды, вербалды емес құралдарды қолдана білу);
  • әлеуметтік-мәдени (осы тілде сөйлейтін халықтың әдет-ғұрпын, мәдениетін білу) сияқты негізгі түрлерін қамтиды.

Екіншіден, жеке тұлғаға бағытталған тәсіл – жеке тұлғалардың әлеуметтік – мәдени, эмоционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, жекелік жұмыстармен қаматамасыз ету. Бұл жұмыстар тілді меңгерту үдерсінде берілген жаттығулар жүйесінің алуан түрлілігімен анықталады. Жаңа тілде қарым-қатынас практикасы үшін берілген тапсырмалардың саны мен түрінің көптігі, тапсырмаларды орындаудағы коммуникативтік талаптың нақты қойылуы, сөйлеу жағдаяттарына орай лексика грамматикалық құрылымдардың таңдап алынуы мен оның реті жеке тұлғаның тілді тосқауылсыз меңгеруне жағдай жасай алады. [5].

Үшіншіден, құрылымдық тәсіл. Оқытуда грамматикалық білімді неғұрлым азайта отырып сөйлеу құрылымдарын көбейту. Берілген құрылымдар: модельдер, сөйлеу үлгілері, сөйлем типтері сияқты дайын формалдық құрылымдармен жұмыс істеу. Коммуникативтік мақсатты көздеген қажетті тілдік материал қарапайымнан басталып, біртіндеп күрделене түсуі тиіс.

  1. 4. Кешенділік ұстанымы. Тілді меңгертуде сөйлеу тілінің бүкіл аспектісі тыңдалым, оқылым, жазылым, сөйлесім бір-бірімен байланыста қамтыла отырып, әрқайсысын қалыптастыруға бағытталған толыққанды жұмыс түрі жүргізілуі тиіс. Әр әрекеттің өзіне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, кешенді жұмысқа құрылған оқыту өз көздеген мақсатына қол жеткізеді.

         Тәжірибеде расталғандай, бұл аспектілердің ішінде тыңдалымның салмақ-үлесі басымырақ болып отыр. Тыңдап түсіну естіген шет тілдік хабарды естіп, түсініп, қабылдауды білдіреді. Тыңдап түсінудің механизмі күрделі үдеріс. 

Оқытудың мақсатына жету үшін студент шет тілді түсініп ауызекі сөйлеу актісіне қатыса алуы тиіс. Алайда тәжірибеде тіл үйренушілер ауызекі сөйлесуде ауызша хабарды түсініп қабылдауда үлкен қиындықтарға кездеседі. Оның себебі бұл сөйлеу әрекеттерінің ішіндегі сөйлесушіге байланысты құбылыс емес. Тыңдаушы сөйлеушінің сөйлеу үдерісін бақылай алмайды. Хабардың мазмұнын, тілдік құралдарды сөйлеуші өзі таңдайды, сондықтан тыңдаушы берілген мәліметті сол күйінде қабылдауға мәжбүр болады. Тыңдаушы бұл әрекетте ештеңені өз мүмкіндігіне орай өзгертіп хабарды қабылдауын оңайлата алмайды. Сондықтан тыңдап түсіну күрделі психикалық әрекет болғандықтан, әдетте тез қажытып, тыңдаушының назарын бәсеңдетеді.

Түсініп тыңдау сөйлеу әрекетінің бір түрі ретінде болғанымен де, тіл үйренуде ең маңызды рөл атқарады. Себебі  тыңдап, естіп, түсініп, қабылдамаған жағдайда, сөйлеу де, жазу да, оқу да болмайды. Хабарды қабылдамаған жағдайда оған ауызша жауап қайтара алмайды, дыбыстар легін ғана естіп, сөздің мағынасын түсініп қабылдамаған жағдайда жаза да алмайды, тіпті оқу әрекетінде тіл үйренуші іштей оқып отырса да, өзінің ішкі дауысын естіп түсінбесе, дұрыс оқыған нәрсенің мазмұнын түсіне де алмайды. Сондықтан тыңдап түсіну басқа сөйлеу әрекеттерімен тығыз байланысты болғандықтан, әсіресе, коммуникативтік бағыттағы шет тілін үйренуде маңызды рөл атқарады.

Сондықтан да, біздің ойымызша,  тілді жаңа бастап үйренушілерге тыңдалым үшін ұсынылатын тілдік материал арнайы құрылғыға жазылып, таза және анық дыбысталған болуы тиіс. Алғашқы сабақтан бастап тіл үйренуші әрбір дыбысты, сөзді, сөздің жалғау жұрнақтарын, содан келе, сөз тіркестері мен сөйлемдерді анық естіп түсіне алса ғана, өз мақсатына қол жеткізбек. Тіл оқытудың А2 деңгейлеріне таяу келгенде ғана, тыңдалым аутентикалық материалдар болса, оқушы игеріп алып кете алатыны тәжірибеде көрініп отыр. 

Яғни тіл үйренудің бұл деңгейінде түсініп тыңдауға үйретуде  аутентикалық аудитивтік материалдарда түрлі дыбыстар: көлік дыбысы, түрлі дауыстар, телефон шылдыры, музыка т.б. шулардың болғаны дұрыс деп табады. Бұл тіл үйренушілерге меңгеру үшін берілген жағдайлардың ерекшеліктерін түсініп, түрлі шу арасында естілген сөзді ұғу дағдыларын қалыптастыра алады.

Алғашқы кезеңде оқылым мен жазылым дағдысын тіл меңгеруші сабақтың өн бойында берілген түрлі жаттығулардың көмегімен қалыптастыра алады. Оқыту мазмұнының күрделене дамуына қарай, оқылым мен жазылымды қалыптастыру жолдары да ерекшелене бастауы тиіс. Қарапайым бір сөйлемнен бастап құрылған мәтін түрлері үлкен әңгіме, баяндама, реферат т.б. түрінде көрінуі тиіс.     

         Күнделікті сабақта жүргізілетін оқылым, жазылым түрлерімен қатар, материалдың мазмұнына, даму қарқынына негізделген өз бетімен оқу мәтіндері, түрлі жобалық тапсырмалар арқылы берілген жазылым тапсырмалары да болуы тиіс. Оқытудағы мұндай жұмыс түрлері тіл үйренушінің лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктерін дамытуға ықпал етеді.

         Сөйлесім мен тыңдалым – егіз әрекет. Тыңдалым қалыптаспаған жағдайда сөйлесім қалыптаса алмайды. Тыңдалым дұрыс жолға қойылған болса, сөйлесімді жетілдіру үшін тіл үйренушілерге  жаңа сабақты бекіткеннен кейін, өз ойын еркін айтқызуға бағытталған  жағдаяттық тапсырмалар беріліп отырғаны дұрыс. Сөйлесім – бұл оқытуышының осы сабағында жүргізілген бүкіл әдіс-тәсілдерінің жемісін көрсетеді. Сөйлесімге қол жеткізу үшін оқытудың әр сабағының жаттығу жүйесі қарапайымнан күрделіге ұстанымы бойынша құрылуы тиіс. Жаттығудың түрлері төмендегідей ретте болғаны дұрыс.

  1. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар:
  • имитативтік – (қайталап айту) шартты – коммуникативтік бағытта;
  • орнына қою – тілдік дағдыны қалыптастыру мен автоматтандыру үшін;
  • трансформациялық – сөйлемдерді өзгертіп қайта құруға арналған; сөйлемдерді толықтыру, кеңейту, қосу; ұқсас сөйлем құрау, дайын фразаларды әр жағдайға байланысты сөйлемге қосу т.б.
  1. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру жаттығулары:
  • шартты сөйлеу– оқу материалы негізінде;
  • сөйлеу – шынайы қарым-қатынас үлгісі;
  • респонсивті – сұрақ жауап, репликалық және шартты сөйлесу жаттығулары;
  • ситуативтік – бір жағдаятты сипаттау;
  • рөлдік ойындар – әлеуметтік – тұрмыстық, кәсіби;
  1. Сөйлеу біліктілігін дамыту жаттығулары, яғни репродуктивтік жаттығулар:
  • мазмұнын айту;
  • сипаттау – көрген фильм, сурет т.б. бойынша әңгімелеу;
  • драмалау – мәтінді рөлге бөліп айту;
  • дискутивтік – бір мәселені талқылау;
  • ауызша әңгімелеу – берілген тақырып бойынша;
  • инициативтік – сұхбат алу.

Тілді меңгеру мақсатында оқыту – жан-жақты дайындықты қажет ететін күрделі үдеріс екен. Мақаламызда оқытудың негізгі мазмұндық және құрылымдық параметрлерін көрсете алатын негізгі ұстанымдар мен бірқатар дидактикалық және әдістемелік ерекшеліктер ұсынылды. Бұл параметрлерге оқытудың бүкіл компоненттерінің өзара сабақтастығы, олардың оқу үдерісінің талаптарына сай болуы, қойылған мақсаттың және нысананың нақтылығы және оқыту әдісі жатады [7].  

         Әдебиет:

  1. Гез Н.И. и др. Методика обучения иностранным языкам в средней школе / Н.И. Гез М.В. Ляховицкий. – М.: Просвещение 1982.
  2. Демьяненко М.Я. Основы общей методики обучения иностранным языкам / М.Я. Демьяненко К.А. Лазаренко и др. – Киев, Высшая школа, 1976.
  3. Колесникова И.Л. Англо-русский терминологический справочник по методике преподавания иностранных языков: справочное пособие.- М.: Дрофа, 2008.
  4. Пассов Е.И. Основы коммуникативной методики. – М.: Просвещение, 1989.
  5. Сметанина М. Н. Английский язык. Базовый курс: учебное пособие для студентов-заочников 1–2 курсов неязыковых факультетов педагогических вузов. – Челябинск: Изд-во Челяб. гос. пед. ун-та, 2010.
  6. Г. Мұсаева. Қазақ тіліндегі жай сөйлемдерді меңгеру динамикасы. Алматы, «Қазақ университеті», 2013.
  7. Беспалько В.П. Теория учебника: дидактический аспект. М., 1988.                                                                                                                                                                                                                 Мұсаева  Гүлбағиза  Әбіласымқызы,                                                                                                                                                                                                                                                                     әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің  доценті, филология ғылымдарының кандидаты
(Жалпы 505 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминдер мен ұғымдар
Терминология-лық анықтамалық
Мекемтас Мырзахметұлы
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[1] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[2] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[3] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Шілде (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Мау    
  1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Профиль
Соңғы пікірлер