Қазіргі электронды ақпарат алудың жолдары кеңейіп, кітап оқу жағы кенжелеп отырған заманда жас ұрпақ өзінің төл құндылықтарынан ажырап қалмас үшін бұл жобаның мәні ерекше. Бұрынғыдай әжесі мен атасының қойнында жатып ертек тыңдайтын бала қазір аз. Толығырақ
Өткен аптада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Мемлекеттік тілді дамыту институты бірлесіп, «Бесігіңді түзе» жобасы аясында дөңгелек үстел отырысын өткізді. Шараның басты мақсаты – инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру және халық ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлерді біріздендіру. Нақтырақ айтқанда, балаларға арналған оқулықтар мен мультфильмдердегі кейіпкерлер бейнесін бірізге түсіру мәселесі кеңінен қаралды. Жиынға тіл мамандары мен киногерлер, аниматорлар қатысты. Толығырақ
АСТАНА, 21 қараша. BAQ.KZ – Мемлекеттік тілді дамыту институтының бастамасымен Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру–әдістемелік орталығы инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында халық ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлерді біріздендіру шараларын ұйымдастыруға арналған «Бесігіңді түзе» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізеді. Толығырақ
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Мемлекеттік тілді дамыту институтының бірлесе ұйымдастыруымен Алматы қаласында 2013 жылдың 15 қарашасы күні инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында халық ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлерді біріздендіру шараларын ұйымдастыруға арналған «Бесігіңді түзе» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті. Толығырақ