Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Жаңа жобаның жаңалығы

          Қазіргі электронды ақпарат алудың жолдары кеңейіп, кітап оқу жағы кенжелеп отырған заманда жас ұрпақ өзінің төл құндылықтарынан ажырап қалмас үшін бұл жобаның мәні ерекше. Бұрынғыдай әжесі мен атасының қойнында жатып ертек тыңдайтын бала қазір аз.

Бүгін Алматыда «Бесігіңді түзе» жобасы аясында дөңгелек үстел өтеді. Басқосуды Мемлекеттік тілді дамыту институтының бастамасымен Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, «Алтын қыран» қайырымдылық қоры, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы және «Руханият» орталығының қолдауымен  өткізіледі. Ол инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында халық ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлерді біріздендіру шараларын ұйымдастыруға арналған. Халқымыз бізге ауыздан ауызға жеткізіп жүз том мұра тастап кетті. Қазір халық ауыз әдебиетіндегі ұлттық тәрбиеге берері ұшан теңіз сол мұра балалар санасына  жетпей том-том болып шаң басып оқылмай, беттері ашылмай мұражайдың қол тигізбейтін нәрсесіне айналып сөрелерде жиналып тұр. Оларды баланың күнде қолданатын электронды құралына енгізу бүгінгі күннің басты міндеті болуы тиіс. Берісі, ертегінің сюжеттерін монитордан көретіндей етіп аудио жинақтар шығару, арғысы, қазақ  ертегілерінің  желісімен мультфильмдер жасау бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады.
           Қазіргі электронды ақпарат алудың жолдары кеңейіп, кітап оқу жағы кенжелеп отырған заманда жас ұрпақ өзінің төл құндылықтарынан ажырап қалмас үшін бұл жобаның мәні ерекше. Бұрынғыдай әжесі мен атасының қойнында жатып ертек тыңдайтын бала қазір аз. Бүгінде барлық баланы электронды ақпарат құралдары тәрбиелеп жатыр. Онда қазақша өнімдердің үлесі өте аз. Көбіне шетелдерден келген бастары төртбұрышты, үшбұрышты, жасыл түсті адами сиқы жоқ неше түрлі құбыжық кейіпкерлерді кез келген қазақ баласы қайдан көрсе де тап басып, түсін түстеп айтып береді. Мынау Шрек, Naruto, Спанчбоб, Кун Фу Панда, Скуби-ду, Смешарики… деп шұбыртып ала жөнеледі. Өйткені, Тәуелсіз Қазақстан аумағында тұрып электронды құралдардан көзін ашып көргені, аузын ашып таңырқап, көңілі сүйіп ұнатқаны өзіміздің халық ауыз әдебиетіндегі сан түрлі кейіпкерлер – желаяқ, көлтауысар, таусоғарлар емес, осы мәні жоқ құбыжықтар. Өйткені олар алдымен бала санасына тәуелсіз экраннан талғамсыз беріліп жатқан мультфильмдер арқылы сіңіп жатыр. Содан кейін танымал болған әлгі құбыжық кейіпкердің бейнесі сурет, фигура түрінде шығарылып сауда жүйесімен таратылады. Соларды мысалға алып үлгі ұстаған түрлі-түсті шағын кітапшалар шығарылады. Тіпті Қазақстанда шығатын балалардың тағам өнімдерін жарнамалайтын шаралардың өзінде әлгі шетелдік кейіпкерлер жапсырма түрінде таратылады. Сөйтіп әлгі кейіпкер баланың піріне айналады.

 Өкінішке қарай, қазір ауыз әдебиетіндегі халық арасында көп тараған ұнамды күлдіргі кейіпкер – Алдар көсеге қатысты бірнеше туынды (мультфильмдер, кітаптар, қуыршақтар) бар. Бірақ әр туындыда  ол әртүрлі бейнеде.
            Біздің ойымызша, ертегінің кейіпкері мультфильмде де, ертегі кітаптарда да, ойыншық-фигураларда да, оқулықтарда да бір кейіпте, бір образда болуы тиіс. Яғни, ең алдымен әр кейіпкердің портреті жасалуы керек. Оларды оқулық, жинақ, мультфильм түрінде шығаратын шығармашылық топтар осы образдан ауытқымауы керек. Сонда қазақ баласы өз кейіпкерлерін қайда көрсе де жазбай танитын болады. Дөңгелек үстелдегі әңгіме осы төңіректе өрбітіледі. Келіп ой бөлісуіңізді сұраймыз. Сондай-ақ шара аясында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мемлекеттік тапсырысы бойынша балаларға арнап шығарған «Экологиялық әліппе» және «Балаларға арналған ертегілердің аудиожинағы» атты кітаптары Астана қаласының балабақшаларына тегін таратылатын болады.  

                                                                               Дуанабай Жолдасбек

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

(Жалпы 69 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Мекемтас Мырзахметұлы
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминдер мен ұғымдар
Терминология-лық анықтамалық
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[1] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Шілде (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Мау    
  1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Профиль
Соңғы пікірлер