Ертеде, бала-шағасы болғанымен ағайын-туғаны не жанашыр болар жақыны жоқ, болмаса ауру-сырқау мүгедек адамдар алдын ала таныс-біліс адамдар арасынан біреуді таңдап, үйіне шақырады. Не болмаса өзі арнайы іздеп барады да өз баласына өкіл болуды сұрайды. Мұндай жағдай соғысқа және алыс сапарға аттанатын адамдар арасында да жиі орын алатын болған. Толығырақ
Бұрын сұрасатын. Көзіміз көрді, қариялар құдаласатын жандай әңгімелерінің бісмілдәсін осыдан бастайтын. Қазір де солай, танымайтын екі қазақ қай жерде кездеспесін сөздерін «қай жерденсің?» – деп бастап, ағалы-інілі немесе нағашы-жиен болып аяқтайды. Әсіресе поезда жол қысқартар әңгіме кезінде батыстан қыз алған екі жігіт бажа боп шыға келеді немесе пысық жеңгей үстіңгі сөреде соткасымен әуреленіп жатқан бала жігітті дәмге шақырып сөзге тартып қайынды немесе інілі болып қалады. Толығырақ
Естімеген елде көп. Білім иелері, сұлу тілдеріміздің талай әдемі сөзін естіп жүрміз ғой. Сингармонизм шығып, көменес «күмән» бола жаздап барып қалды. «Интернационал» би бауырмал, бауырсыз болып барып қалды. Сингармонизмнің «е» әрпі басымызды қатырып «кемесер», «кемет», «кеперетіп», «кеменес» деген өңшең «ке»-лерден сүрініп жығылуға айналдық. «Қадіс те осылай депті» деген молдалардың жұмбағы сықылды, сингорманизмнің жұмбағына түсіп, күні бүгінге шейін тіліміз сына жаздап жүр. Оның бәрінің оқасы жоқ еді. Неге десеңіз, ол «термин» де. Қолақбандай білім комиссиясының шығарған «заңы» да. Толығырақ
Қазақ халқы: «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар»,- деп ұрпағының балалы- шағалы болуын тіледі. Тіпті жаңадан қосылған жастарға бата берген қария батасының ішіне «қызы болсын моншақты, ұлы болсын он шақты»,- деген тілек сөздерді де кірістіретін болған. Осы бір қасиетті сөз жандарына медет болып, саналарына сіңген жастар балалы-шағалы болып, ұрпақ ізін жалғастыруды армандады. Толығырақ
Баласы тоқтамаған адамдар, баламның өмір-жасы ұзақ болсын деген мақсатпен: Өмірұзак, Ұзақбай, Тоқтасын деп ат қояды. Баласы оған да тоқтамаса, туыстық қарым-қатынасы жоқ, кісілігі жоғары, балалы-шағалы бір адаммен сөз байласады. Олар жөргек жасап апарып, бала шыр етіп жерге тускенде кінділігін кесіп, жөргекке орап әкетеді де, азан шақырып ат қойып, үстіне қариялардың ескі-құсқыларынан киім тігіп кидіреді.
Бірнеше күн өткен соң, нәрестенің өз ата-анасы барып сатып алады . Бұл салттың да тәрбиелік мәні зор.
Мен өмір бойы орыстардың арасында болдым. Мектепті түгелдей орыс тілінде оқыдым. Жоғары оқу орынында да бір де бір қазақты көрген емеспін. Қызмет барысында да түгелдей орыс тілін қолдандым. Былайша айтқанда мен, қазақ тілімен ешуақытта бетпе бет келген емеспін. Жасырмаймын жастау кезімде қазақ тілін толық білмегенім рас. Бірақ мен ешуақытта өз ана тілімнен бас тартып көрген емеспін. Бүгінде мен текқана өз ана тілімде сөйлеймін. Мен ана тілімді жақсы көремін, оны құрметтеймін. Мен өзіміздің мемлекеттік тіліміз қазақ тілін құрметтеу арқылы отанымды сүйемін. Осы бір ой-тұжырым, менің кеудемде жүрегіммен бірге ғарышта… Толығырақ
«Баланы-сылау, қарды-қылау өсіреді» деп, бала өздерінен талпынып жургенге дейін ауық-ауық қойдың құйрық майымен сылап, қол-аяғын керіп-созып : «өс, өс, өс!» деп ақырын-ақырын созғылап отырады. Толығырақ
Баланың қырқынан шыққанға дейінгі күтімі
Бала дүниеге келген күннен бастап қырқынан шыққанша түнде шам өшірілмейді. Мұның да өзіндік мәні бар. Бала қырқынан шыққанша шам жағып қою – баланың шошу, тұншығудан және ана мен баланы әртүрлі қауіп – қатерден сақтануы үшін қажет.
Әдетте, бала қырқынан шыққанша баланы бір күні тұзды, бір күні сабынды, кейде маралшөп салынған суғға алма-кезек шомылдырып отырады.
Баланы тұзды сумен шомылдырса, баланың денесі шымыр болып,… Толығырақ
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Толығырақ
Баланы бесікке салу
Әдетте баланы бесікке баланың кіндігі түскен соң салады. Баланы бесікке салуға (бөлеуге) ерекше мән беріледі. Баланы бесікке саларда «тышты ма» ырымы жасалады. Онда баланы бесікке салуға жиналған әйелдердің біреуі: «тыштыма ма?» деп дауыстағанда, бесікті айнала отырған әйелдер: «тышты, тышты» десіп, бесіктің түбек салатын тесігінің астына тосылған қолдарға, бауырсақ, құрт, ірімшік, қант, кәмпит тастайды. Оны алған балалар таласа-тармаса жейді. Баланы алғаш бесікке балалы-шағалы, инабатты кісілердің бірі салады.