ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері мен пәнаралық зерттеулері нысаны бойынша 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру негізінде орындалып жатқан «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жобасының 2015 жылғы нәтижесі бойынша қорытынды шара ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен СУРЕТШІЛЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ өтеді. Толығырақ
Осы сайтта жарияланған Шымкентті көріп шок алған (риза болған) баланың пікірін салыстыру үшін бір ғасыр бұрын жазылған қала туралы мақаланы назарларыңызға ұсынамыз. Толығырақ
Қазақ халқы: «шыныққан – шымыр болады, тәрбиесіз – қыңыр болады» деп, дене шынықтыру мен дене тәрбиесінің адам денесі мен денсаулығына төтенше пайдалы екенін ықылым замандарда-ақ жете түсініп, балаларының денесін жастай шыңдап, шынықтырып, сау денелі, қару-қайратты тең жетілген сегіз қырлы, бір сырлы азамат болып есеюлеріне ерекше көңіл бөліп, ұрпақтарын сом денелі, ширақ қимылды, ақыл-айлалы, кемелді азаматқа айналдыру үшін халықтық спорттың әр қилы түрімен айналыстырып, сан алуан сайыс өнерін үйреткен. Толығырақ
«Сырға той» – ұл балалары қайта-қайта шетінеп тұрмай жүріп көрген ұлының құлағына ырымдап сырға тағып, сол ұлы аман-есен ел қатарына қосылғанда жасалынатын той. Толығырақ
Баланы тұңғыш атқа мінгізу – қазақ тәлім-тәрбиесіндегі мән-мағынасы терең, тәрбиелік қуаты күшті салттарының бірі. Толығырақ
Баланың «бауырынан табақ жүгірту» ырымынан кейін, арада біраз уақыт өткен соң бала қаз тұрып, жүруге бейімделеді. Міне, осы кезде сәбидің ата-анасы «тұсау кесер» салтын өткізеді. Онда баланың аяғын ала жіп, майлы ішек және шөп тектес заттармен (орап) тұсап, білімді, өнегелі немесе ұзақ сапарларда көп болған және жүйрік, аяғы жылдам адамдардың біріне: – Жүйрік бол, шауып кет! Қадамың сәтті, бақытың тәтті болсын, бісміллә!- деп тұсауды кестіріп жібереді. Тұсауы кесілген баланы ата -анасы немесе жақын туыстарынан екі адам екі қолтығынан демеп ұстап: Толығырақ
Туылғанына 5-6 ай болып, талпына бастаған сәбиді тез аяқтансын деген мақсатпен туған-туыс, көрші-қолаңды шақырып, баланың «Бауырынан табақ жүгірту» ырымын өткізіледі. Онда ауылдың өнегелі, инабатты кісілерінің бірі арнаулы дайындалған бір табақ асты қолына алып, оны талпынып тұрған баланың оң жағынан сол жағына, сол жағынан оң жағына қарай өткізіп:
-Балапандай талпын да, Аршында, бөпем, аршында! Желмаядай желгек бол, Қас тұлпардай сергек бол!- деген игі білдіріп, табақтағы астан алдымен баланың өзіне дәм татқызып, қалған асты жиналған жұрт бөлісіп жеп, балаға ақ баталарын береді. Міне, бұл «Бауырынан табақ жүгірту» деп аталады. «Бауырынан табақ жүгіртудің»… Толығырақ
Нәрестенің кіндігі түскен соң, оны бесікке салып, көрші-қолаң, туыс-туғандардың әйелдерін түгел шақырып, «бесік той» жасайды. Ал, күллі дүйім елге той жасауға жағдайы келмегендер, өз шамаларына қарай салт бойынша баласын бесікке салады. Толығырақ
Өмірден көрген-түйгені көп, тәжірибелі де парасатты қазақ халқы тұнғыш немересін, тіпті, екінші, үшінші немерелеріне дейін омыраудан шыға салысымен « кенжеміз» деп, өз тәрбиелеріне алып бағып-қағып, жақсы азамат етіп жетілдіруге күш салады. Бұған себеп: жас ата-ананың баланы бағып-қағу тәжірибесі аз болады; тәлім-тәрбиені неден, қалай бастауды толық білмеуінде болса керек. Толығырақ
Бірнеше жылдан бері «Нұр Отан» партиясының тікелей қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы іске асырушы жоба – голливудтық блокбастерлерді қазақша сөйлету ұлттық руханиятқа ұпай әкелетін өте игілікті іс ретінде бағалануда.
Осы жоба аясында қазақ тілінде дубляждалған 11-і фильм күні кеше Астанада көрермендер назарына ұсынылды. Толығырақ