«Сырға той» – ұл балалары қайта-қайта шетінеп тұрмай жүріп көрген ұлының құлағына ырымдап сырға тағып, сол ұлы аман-есен ел қатарына қосылғанда жасалынатын той.
Ертеде ұл перзенттері қайта-қайта шетінеп тұрмаған кісілер ырымдап, ұл балаларының оң құлағын тесіп, оған қыздардың сырғасын тағып қоятын болған. Кейін ұлы аман-есен ел қатарына қосылып, ата-анасының күпті көңілдері орныққанда, қуанышын көппен бөлісіп, той жасап, аузы дуалы адамдардың батасын алып, ұлының құлағындағы сырғасын көп көзінше алып тастаған. Міне бұл «сырға той» деп аталған.
Мейлі «сүндет той», мейлі «сырға той» болсын, екеуінің де өзіндік мән-мағынасы зор. Яғни ол адамдар арасындағы қарым-қатынасты кеңейтеді.
Сондай-ақ, оқи отырыңыз
(Жалпы 113 рет, ал бүгін 3 рет қаралды)







Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.