Бірнеше жылдан бері «Нұр Отан» партиясының тікелей қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы іске асырушы жоба – голливудтық блокбастерлерді қазақша сөйлету ұлттық руханиятқа ұпай әкелетін өте игілікті іс ретінде бағалануда.
Осы жоба аясында қазақ тілінде дубляждалған 11-і фильм күні кеше Астанада көрермендер назарына ұсынылды.
«Кек алушылар» фильмі
«Кек алушылар: Альтрон дәуірі» голливудтық фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Болашақ» қауымдастығының төрағасы Қуандық Бишімбаев және дубляжды жүзеге асырған шығармашылық топ, жобаға қаржылай қолдау білдірген «KASSA NOVA» банкінің өкілдері мен көрермендер қатысты.
– Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пәрменімен өмірге 2011 жылы жолдама алған бұл жобаны «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы осы уақытқа дейін табысты іске асырып келеді. Мақсатымыз – әрбір патриот қазақстандыққа керек мемлекет тілін дамытуға құр сөзбен емес, нақты іспен, көзбен көретін, қолмен ұстайтын, яғни «кәдеге жарайтын» жұмыспен атсалысу, – деді тұсаукесерде сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, жобаның бастамашысы Бауыржан Байбек.
Қазақ тіліне аударылған голивудтық картиналар
Осы жобаның арқасында бүгінде ана тіліміз дүниежүзілік киноның алып өндірісі саналатын Голливуд фильмдерінің алдын ала көрсетілімі жасалатын санаулы тілдің біріне айналды. Жалпы, көрермендердің, соның ішінде әсіресе, жастардың тарапынан бұл туындыларға деген сұраныс күннен-күнге өсу үстінде.
Тұсаукесер рәсіміне жиналған шығармашылық өкілдері, танымал өнер жұлдыздары жобаның қазақ тілін насихаттауға, үйретуге нақты үлес болып қосылып отырғанын айтады. «Жалаң ұранмен, жартыкеш жобамен іс бітпейді. Нұротандықтар елдің арманын, Елбасы бастамасын нақты әрекетпен іске асыру арқылы, жалпы қоғамға өнеге көрсетіп отыр» деді өнерсүйер жұртшылық.
Ақпарат www.mtdi.kz – сайтынан алыднды.









Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.