Соңғы жазбалар
  • Петропавл қаласында «Тіл – татулық тірегі» этнос жастарының республикалық форумы өтеді
  • Көптілділік – уақыт талабы, ел болашағы
  • Үштұғырлы тіл саясаты: келешек ұрпақ ұпайынан ұтылмасын десек
  • Үштұғырлы тіл: Қазақстанда тілдерді оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері хақында
  • Елімізде үш тілде білім беру жүйесі кезең-кезеңімен жүргізіледі
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

«Этносаяси сөздік» оқырманға таныстырылды

Этносаяси сөздік ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Сұхбат» залында 2015 жылдың 3 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығында баспадан шыққан «Этносаяси сөздіктің» тұсаукесерін өткізді.

Тұсаукесерге ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Надежда Нестерова және тағы да басқа депутаттар, мемлекеттік мекемелер өкілдері, ғалымдар, ҚХА сарапшылар қауымдастығы, этносаяси сөздіктің авторлар ұжымы, редакциялық алқа мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Этносаяси сөздік» жайында Орталықтың директоры, әрі сөздіктің авторларының бірі Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы былай дейді: «Бұл сөздік этномәдени орталық басшыларына немесе сонда істейтін қызметкерлерге ғана арналмаған. Бұл сөздіктің қалың көпшілікке де берері мол. Өйткені мұнда қазақ елінде тұратын этнос өкілдері туралы мол мәлімет жинақталған. Яғни бұл – энциклопедиялық басылым. Бұнда 200-ден аса этносаяси терминдер мен тіркестерге түсініктеме берілген. Яғни сөздік қорымыз 200 сөзге толықты деуге болады. Сөздіктің таныстырылымына байланысты болған бүгінгі жиында мамандар сөздіктегі танымдық ақпараттың молдығын бағалай келе оның оқулық дәрежесіндегі еңбек екендігін атап өтті».

Этностарды әр қырынан сипаттауға болады. Мәселен, оның мәдениеті, дәстүрі, тарихы, экономикасы және т.б. Ал бұл сөздікте этностар кітаптың аты айтып тұрғандай саяси тұрғыдан жан-жақты сипаттала жазылған. Және де сөздікті жай мәлімет алатын немесе сөздің лексикалық мағынасын түсіндіретін танымдық басылым ғана деп түсінбеу керек. Тек мамандарға ғана емес, қалың көпшілікке арналғандықтан бұл сөздіктің практикалық маңызы өте зор. Онда біздің республикамыздың ішкі саясатында қолданылып жүрген барлық заңдарға түсінікті тілде анықтама берілген.

Тұсаукесер қорытындысында осы сөздіктің бірнеше данасы мен ҚХА ҒСК мүшелері мен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлерінің ғылыми еңбектері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы ҚХА Депозитариіне салтанатты түрде табысталды.

Кенесова Арайлым Алпамысқызы

 

 

(Жалпы 270 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Терминология-лық анықтамалық
Мекемтас Мырзахметұлы
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминдер мен ұғымдар
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[1] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[2] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[3] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Мамыр (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Нау    
  1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31  
Профиль