Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау белсенділігін арттыру мақсатында Баспасөз күніне орай 2014 жылғы 24 маусымда «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізеді.
Республикалық байқауға жекелеген тілшілердің ел аумағындағы БАҚ-та жариялаған мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту және қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы 200-ден аса өткір де өзекті материалдар келіп түсті.
Байқаудың ережесіне сәйкес 2015 жылғы 10 қаңтар мен 10 маусым аралығында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдар, эфирге шыққан хабар, бағдарламалар бойынша келіп түскен материалдар «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік радио бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша бағаланады.
Байқау материалдарын елімізге белгілі жазушылар мен тәжірибелі журналист мамандарынан құралған арнайы қазылар алқасы қарастырып, жүлдегерлерді анықтайды.
Марапаттау рәсімі ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылады. Іс-шараға ҚР Парламетінің депутаттары, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, ғалымдар, жазушылар және байқаудың жүлдегерлері және т.б. қатысады. Шараның концерттік бөлімінде еліміздің танымал әртістері өз өнерлерін көрсетеді.









Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.