Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

«Тіл – татулық тірегі» республикалық байқауы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірігіп 2015 жылдың 20-21 ақпанында «Тіл-татулық тірегі» атты республикалық байқау өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты – өзге ұлт өкілдерінің арасында Мемлекеттік тілді дамыту, ана тілін қолданып, ұлттық мәдениет пен этносаралық байланысты нығайту. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді мақсат тұтқан байқауға әр аудан, қала, облыстардан іріктелген 16 үміткер қатысты. Байқау 4 айналымнан тұрды. Алғашқы күні қатысушылар «Мемлекеттік тіл- бұл…» тақырыбында эссе жазып, комиссия мүшелерін бейнероликтерімен таныстырса, ал екінші күні олар туып-өскен жері мен өздерін таныстыруды бірі – қара сөз өрнектерінің желісімен, енді бірі – өлең жолдары арқылы жеткізді. Одан кейін қатысушыларымыз «Ой-жарыс» атты сұрақ жауап кезеңіне көшті. Байқаудың бірінші күнінің қорытындысында әділ-қазылар мүшесі ең үздік бейнеролик пен ең үздік жазылған эссенің үміткерлерін анықтады. Осы сайысқа қатысушы үміткерлеріміздің талпыныстарын әділ бағалап, өз төреліктерін берген әділ-қазылар алқасының мүшелеріне еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің депутаты – Алдан Смайыл, Қазақстан Жазушылар одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің депутаты – Нұрлан Оразалин, «Тұран» университетінің профессоры – Қарлығаш Қадашова, «Ұлт тағдыры» республикалық қозғалысының төрағасы – Дос Көшім мен Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі – Марат Алмасұлы Әзілханов төрелік етті. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Қарағандылық беларусь қыз – Диана Платоновичке бұйырды. 1-орынды Қостанай қаласынан келген Алла Гаврилова иеленсе, 2-орынды Алматы қаласынан келген Ольга Колесникова, 3-орынды Қызылорда қаласынан Геннадий Шиповский қанжығасына байлады. Cонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты- Бақытбек Смағұл байқауға қатысушы үміткерлерге өзінің ыстық лебізін білдіріп, Қарағандылық Диана Платонович пен Қостанай өңірінің тумасы Алла Гавриловаға Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалін табыстады. Сондай-ақ басқа да қатысушы үміткерлер назардан тыс қалмай арнайы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Қазақ Ұлттық Өнер Университетіндегі «Жамбыл» атындағы залға жиналған көпшілік қауым Мемлекеттік тіліміздің республикадағы өзге ұлт өкілдерін ұйыстырудағы рөліне куә болып, Қазақстан Республикасының болашағы қазақ тілінде екендігіне тағы бір көздерін жеткізді.

 

Алмажан Қадырханқызы

(Жалпы 298 рет, ал бүгін 3 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Мекемтас Мырзахметұлы
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминдер мен ұғымдар
Терминология-лық анықтамалық
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[1] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер