Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау белсенділігін арттыру мақсатында Баспасөз күніне орай 2015 жылғы 24 маусымда «Тілеп Қобыз Сарайында» «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
Республикалық байқауға жекелеген тілшілердің ел аумағындағы БАҚ-та жариялаған мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту және қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы 200-ден аса өткір де өзекті материалдар келіп түсті. Жеңімпаздар «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік радио бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша марапатталды. Марапаттау рәсімі ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылды. Іс-шараға ҚР Парламетінің депутаттары, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, ғалымдар, жазушылар және байқаудың жүлдегерлері және т.б. қатысты. Шараның концерттік бөлімінде еліміздің танымал әртістері өз өнерлерін көрсетті. «Үздік мақала» номинациясы бойынша І орынды «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі, басылым шолушысы Сүлеймен Мәмет, ІІ орынды «Арқа ақшамы» қоғамдық-саяси апталық газетінің редакция меңгерушісі, жауапты хатшысы Құлынтай Монай, ІІІ орынды Екібастұз қалалық «Отарқа» газетінің жауапты хатшысы Жұмаділова Дария Ертайқызы иеленді. «Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша І орын «Мемлекеттік тілді дамыту институты» сайтының тілшісі Слямбеков Қымбатқа, ІІ орын «Қазақ үні» газетінің редакторы Дастан Елдесовке, ІІІ орынға Батыс Қазақстан облысы «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Казақпарат.кз» сайтының меншікті тілшісі Ғайсағали Сейтаққа бұйырды. «Үздік телеарна бағдарламасы» номинациясы бойынша І орынды «Бірінші Қарағанды» телеарнасының тілшісі Мұсабеков Алмас Дарханұлы, ІІ орынды «Жетісу» телеарнасының редакторы Асылбекова Айман Серікқызы, ІІІ орынды Қостанай облысы «Акцент» Лисаковск телеарнасының бас редакторы Лизунова Диана алды. «Үздік радио» номинациясы бойынша І орынды Қазақ радиосының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Есенбек Санатұлы, ІІ орынды «Рудный дауысы» радиосының тілшісі Астанаев Жанарыс Асанбекұлы, ІІІ орынды «Халық радиосы» орыс редакциясының меңгерушісі Аманжулова Асемгуль Наурзбайқызы иеленді.









Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.