АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Әмір Рақыш Сәтұлының 85 жасқа толу мерейтойына орай өткізілетін «Қазақ тілі коммуникативтік мәдени жүйеде: теориясы мен практикасы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға шақырамыз.
Өтетін уақыты: 24 – сәуір 2015 жыл.
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Пленарлық мәжіліс – конференцзал, 09.00–13.00
Секциялық мәжілістер – 312, 314-аудиториялар.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Қазақ тілінің коммуникативтік дәстүрі: бүгінгі талаптары;
- Мәтін лингвистикасы және дискурс құрылымы: іскери және ғылыми коммуникация; БАҚ коммуникациясының мәтін құралдары және жарнама; шешендік өнер;
- Жоғары және орта мектептерде тілдерді оқытудың әдіснамалық негіздері және заманауи білім беру технологиялары;
- Қазақ тілі мәдениетаралық қатысымда және шет тілді аудиторияда білім беру үдерісін ұйымдастыру мәселелері;
- Қазақ тілінің тарихы мен түркітанудың өзекті мәселелері.
Конференция тілі: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Конференцияға қатысу формасы: ауызша және жазбаша.
Конференция жұмысына қатысу жөніндегі өтінім мен мақала мәтіні 2015 жылдың 10 сәуіріне дейін мына электронды пошта бойынша: қабылданады. Конференция материалдары мақалалар жинағы түрінде жарық көреді. Мақала мазмұны мен грамматикалық қателер үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді және мақалаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Конференция жарнасы – 4000 теңге.
Мақалалар мына мекенжайда қабылданады:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, 050040, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасы (315 бөлме).
Жауапты қабылдаушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасы, Өтепова Жанар – ұялы телефоны 87076676789, Байдилдаева Асель, ұялы телефоны 87025955010. Карточка нөмірі: 4402573551833371 (Халық банкі.)
Конференцияға қатысушылар: Конференция жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар, белгілі қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, докторанттары мен магистранттары қатысады. Конференцияға қатысқан баяндамашыға сертификат беріледі. Іссапар шығыны қатысушылар тарапынан төленеді.
Ұйымдастыру комитеті: Байланыс телефондары: 8(727) 2211327.
Электронды пошта:
Жауаптылар: Салқынбай А.Б, Иманалиева Ғ.Қ.
Тіркеу 2015 жылдың 24 сәуір күні сағ. 9.00-де жүргізіледі. Басталуы сағ. 10.00-де.
Конференция бағдарламасы мен жарияланған мақалалар жинағы конференция өтетін күні беріледі.
І КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІМІ
| 1 | Аты-жөні (толық) | |
| 2 | Мекеме (жұмыс орны, мекенжайы) | |
| 3 | Қызметі, ғылыми атағы, дәрежесі | |
| 4 | Секция атауы | |
| 5 | Баяндама тақырыбы | |
| 6 | Мекен-жайы (мемлекет, қала) | |
| 7 | ||
| 8 | Телефон | |
| 9 | Қонақ үй ( керек, жоқ) |
ІІ ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
- Көлемі 5-6 беттен аспауы тиіс. Парағы – А4. Шрифт: Microsoft WORD. Қазақ және орыс тіліндегі мәтіндерге – Tіmes New Roman шрифті қолданылады, өлшемі 14, мәтін ішінде айырықшаланатын сөздер курсивпен теріледі, жол аралығы – 1 интервал. Беттің төрт жағынан бөлінісі: сол жағы 3 см, оң жағы – 1 см, жоғары мен төменгі жағы – 2 см.
- 2. Мақала тақырыбы бас әріптермен ортасына жазылады. 1 интервалдан кейін ортасында автордың аты-жөні, ғылыми атағы, мекеме атауы, қала, мемлекет және электрондық поштасы көрсетіледі (кіші әріппен, өлшемі 12).
- 2 интервалдан кейін мақала аннотациясы (150 сөз) және бір интервалдан кейін түйін сөздер 2 тілде болуы қажет.
- 4. Мақала мәтіні 1 интервалдан кейін жазылады.
- Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі.
Мақаланы безендіру үлгісі:
СҮЙЕК КОНЦЕПТІСІ
Күркебаев Кежетай Құрманбайұлы
ф.ғ.к., доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Алматы, Қазақстан
Аннотация:
Түйін сөздер:
Мақала мәтіні:
Әдебиеттер:
- Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі,1998. – 302 б.
- Касенова Ш. Қазақ мәдениетіндегі концептілік өрістер // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2008. – №22. – 4‑ 6 б.








Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.