Бүгінде ұмыт болып бара жатқан кітап оқу дәстүрінің адам санасына ғана емес, денсаулығына тигізер оң әсері көп екен. Жалпы, оқу барысында адамның бойында біраз өзгерістер орын алатын көрінеді. Яғни, есте сақтау қабілеті жақсарып, түйсігі жоғарылайды. Біле білсеңіз, тарихта аты қалған мықты тұлғалардың көбісі кітап оқудағы жылдамдығымен ерекшеленген. Демек, жылдам оқу әдісін дамыта түскен сайын адамның түрлі қабілеті ашылуы мүмкін. Көп оқудың пайдасы Кітап оқудың пайдасын бәріміз жақсы білеміз. Ол адамзаттың рухани азығы. Сондай-ақ ол біздің миымыз бен көзіміздің жаттығу алаңы іспетті. Оқыған сайын, мидың жұмысы жақсарады. Ал мидың дұрыс жұмыс… Толығырақ
А.Абасилов
Тіл маманын даярлауда, олардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейту мен тереңдетуде «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі» атты жалпылингвистикалық пәндерге үлкен мән беріледі. Бұлар тіл, оның табиғаты, тарихы мен даму заңдылықтары, лингвистикалық талдау, зерттеу әдіс-тәсілдері, тіл білімінің салалары, олардың өзіндік бағыттары бойынша барынша толық теориялық мәліметтер береді. Тіл біліміндегі осындай іргелі бағыттардың бірі – қазіргі тіл ғылымында өзіндік зерттеу нысаны мен әдіс-тәсілдері қалыптасқан саласы – әлеуметтік лингвистика болып табылады. Оның бүгінгі таңдағы қол жеткен табыстары мен нәтижелері де ұлан-ғайыр. Алайда еліміздегі жоғары оқу орындарындағы жоғарыда аталған жалпылингвистикалық пәндер оқулықтарында әлеуметтік лингвистиканы… Толығырақ
А.Абасилов Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты
«Мемлекеттік тіл» ұғымы жаңадан пайда болған түсінік емес, ол – күллі әлемдегі елдерде ғасырлар бойында қолданылып келе жатқан бұрыннан бар ұғым. Мемлекеттік тіл – кез келген мемлекет үшін қажетті құбылыс. Демек, қандай да бір мемлекеттің өзіне қызмет ететін негізгі тілі болуы заңды құбылыс. Егемендікке қол жеткен, дамудың жаңа жолына түскен қандай да бір үлкенді-кішілі мемлекет алдымен өзіндік ішкі сыртқы саясатын айқындап алатыны белгілі. Бұл мәселе осы екі саясатта үш үрлі көрініс береді. Біріншіден, мемлекеттің сыртқы саясатында шет елдермен… Толығырақ
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ
«Сүйемін туған тілді анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутімнен, Құлағыма сіңірген таныс үнім. Сол тілмен шешем мені әлдилеген, Еркелеткен, құлыным, жаным деген. Сол тілменен бірінші білгізілген, «Апа» деген сүйгендік сөз һәм менен. Қалжақтап алып қашып құрбы бөркін, Сол тілменен ойнадым далада еркін. Сол тілменен бірінші сыртқа шыққам, Өмірден, ен даладан ұққам көркін. Сол тілменен білгіздім тілегімді, Бірінші сүйген жарға жүрегімді. Маған қарай тығылып «жаным» деген, Мойнына апарғанда білегімді. Сол… Толығырақ
Б.С.Жонкешов
«Қошке Кемеңгерұлы ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ терминологиялық қорының қалыптасуына ат салысқан ғалым. Ол 1913 жылы Омбыдағы ауылшаруашылығы училищесінің ауылшаруашылығы бөліміне түсіп, оны 1918 жылы аяқтаған. Одан кейін 1918 жылы Сібір ауылшаруашылық және өндіріс институты ветеринария факультетінің медицина бөліміне оқуға түсіп, оны төртінші курсын бітірген соң 1924 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина факультетіне ауысқан. Ташкентке ауысқанна кейін ол газет-журнал жұмысына араласады, Орта Азия университетінде және Түркістан әскери училищесінде қазақ тілінен сабақ береді. Оның журналист, жазушы ретіндегі қызметі Омбыдағы ауылшаруашылығы училищесіне түскен жылдардағы газет ісіне араласқаннан басталса, тілші ретінде… Толығырақ