Қазақ тілім, қасиеттім, киелім, Қамыңды ойлап алашың мен жүр елің. Бар қазаққа пана болған, жыр болған, Абай, Мұхтар, Шәкәрімнің тілі едің..
Қазақ тілім құндылығым, мұратым, Ар-намысым бетке ұстар ұятым. Қазынасы ата-бабам қалдырған Мақтанышым өр кеудемде тұратын.
Қазақ тілім салт-дәстүрім, ғұрыпым, Қайтпас қайсар халқымның рухы. Шұбарланбай өзге тілмен тең болмай, Бұзылмасын таза тілім шырқың.
Қазақ тілім, ана тілім алғашқым, «Ана» деген шықты менен алғашқы үн. Бір өзіңде жүрегіммен жыр жазып, Дос-құрбымен сен арқылы сырластым.
Қазақ тілім Жиреншедей шешенім, Төле, Қазыбек, Әйтекедей көсемім. Дауды шешкен өткір тілді сөзімен Қазағымның билері-ай кешегі.
Ана… Толығырақ →
