21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні. Осыған орай, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығында «Мәңгілік ел, мәңгілік тіл» деп аталатын мерекелік шара өтті. Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті деген бастаманы желеу еткен орталық қызметкерлері мерекелік кешті сайыс түрінде өткізді. Тіл жанашырлары өздерінің ыстық ілтипаттарын өлең шумақтары мен әсем ән арқылы жеткізді. Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Тіл – әрбір адамның жаны, тәні, бар болмыс – бітімі. Сол себепті өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға… Толығырақ
«Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК мемлекеттік және мемлекеттік емес мекеме қызметкерлеріне қазақ және ағылшын тілдерін оқытады, іс жүргізуге, аудармаға байланысты тренингтер мен семинарлар, кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын жүргізеді. Курс аяқталғаннан кейін қатысушыға мемлекеттік стандартқа сәйкес сертификат беріледі. Толығырақ
ХХІ ғасыр – ақпарат заманы. Ақпарат көздеріне газет-журнал, радио, теледидар т.б. жатады. Бұл аталған нәрселерден халық күнделікті хабар тыңдап қана қоймайды, сонымен қатар тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Теледидар жаңалықты көп әрі жылдам таратушы ақпарат көзі. Қаншама миллиондаған көрермен осы көгілдір жәшіктің бетіне үңіліп отырады. Сондықтан да, телеарналардың жұмысы талапқа сай болуы керек. Өкінішке қарай соңғы кезде телеарналар мен журналисттер қауымына айтылып жатқан сын аз емес. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» – емес пе? Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бәріміз атсалыссақ нұр үстіне нұр болар еді… Қазіргі телеарна журналистерінің ішінде қазақтың көркем, шырайлы әдеби… Толығырақ
Бижомарт Қапалбек
Мемлекеттік тілдің өрістей алмай отырғандығына Тіл орталықтары, олар әзірлеп шығарған жарамсыз әдістемелік құралдар кінәлі дейтін көзқарас бар. Қазір республика бойынша 400-ден аса Тіл орталығы жұмыс істейді екен. Оның 89-ы мемлекеттік. Осы орталықтар арасында өзара байланыс бар ма? Мемлекеттік Тіл орталықтарының саны шын мәнінде 89 емес, аудандардағы орталықтарда ғылыми-педагогикалық әлеует жоқ. Тек 2 қала мен 14 облыстағы орталықтарды қосқанда мемлекеттік орталықтардың жалпы саны -16. Бүгінгі таңда, олар жекешеленіп жатыр, бұдан былай көбісі нарықта күндерін көре алмай жойылып кетуі мүмкін. Жергілікті әкімдіктерге керегі болмай, жекешелендіруге жіберілген орталықтарды алып қалу үшін… Толығырақ
Қазақтың қай жері де тарихтан кенде емес. Соның бірі – алты Алашқа мәшһүр асау толқынды, көгілдір айдынды Арал жері, кезінде елдің елдігін, жердің кеңдігін жаудан қорғап, даудан сақтаған батырлар мен шешендердің құтты мекені болған жер. Бүгінгі ұрпақ осынау рухани мол қазынаны зерделеп, саралап қана қоймай, әлемдік өркениет көшімен бірге ілгері адымдап келеді. Толығырақ
Б.С.Жонкешов:
– Терминология мәселесі әрқашан, әр уақытта да өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде 30 томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктегі көптеген терминдер үлкен дауға айналып үлгерді. Жалпы, осы сөздік туралы айта кетсеңіз? – Дұрыс айтасыз, тіл дамуын тоқтатпайынша, терминология мәселесі өзектілігін жоймайды. Себебі жыл өткен сайын ғылым мен техниканың дамуына байланысты соған қатысты ұғымдар мен атаулар да тілімізге еніп жатады. Әр тілде пайда болып, халықаралық дәреже алған сол терминдерді қазақ тіліне қалай игеру, игергенде қазақ тілінің «қара шапанын» жаба отырып қабылдау қазіргі қазақ терминологиясының ең өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Сонымен бірге қазіргі… Толығырақ
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Осы мақсат, міндеттерді орындау үшін мұғалім түрлі жұмыстарды ұйымдастыруы қажет. Ол жұмыстардың негізі болып әрқашан түрлі ойындар қала береді. Сондықтан… Толығырақ
Көне түркі жазба ескерткіштері ескі замандардан жеткен қазақ тілі тарихының қайнар көзі болып табылады. Бұл ескерткіштерде қазіргі тілімізге қатысты көптеген элементтерді кездестіреміз. Солардың қатарында кісі есімдері де бар. Тіл табиғатына тән даму заңдылықтары нәтижесінде болған біршама өзгерістерге қарамай, қазіргі тіліміздегі есімдермен әртүрлі қырынан байланысады. Сондықтан, көне есімдер мен олардың бүгінгі тіліміздегі нұсқаларын салыстыруды қазіргі қазақ антропонимикасының алдында тұрған міндеттердің бірі ретінде тануымыз керек. Бүгінге дейін бұл бағытта зерттеулердің жүргізілгені белгілі. «Қазақ есімдерінің тарихы» атты еңбегінде ғалым Т.Жанұзақов кісі есімдерінің морфологиялық құрылымына біршама талдаулар жасаған болатын. Осы секілді зерттеу-ізденістер кейінгі ғалымдар… Толығырақ
Мемлекеттік тілді оқытушы: Зәмзебай Кенже.
Топ деңгейі: жалғастырушы деңгей. Сабақтың тақырыбы: Лексикалық тақырып: Дәрігердің қабылдауында. Грамматикалық тақырып: Барыс септігі. Сабақтың мақсаты: Білімдік мақсаты: Тіл үйренушілерді кәсіби бағытта оқыту арқылы өз саласына қатысты терминдерді, жаңа сөздерді меңгерту. Күнделікті кәсіби лексикасында қолдана білу дағдысын қалыптастыру. Барыс септігі туралы түсінік беру. Толығырақ
Сыдыкова Ляйля Казезовна Өскемен қаласы әкімдігінің «№5 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуі үлкен көрегендіктің белгісі. Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен айқындалып отыр.
Қазіргі кезде дамыған егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгеріп,… Толығырақ