Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Тілбұзар телеарналарға қашан тоқтау саламыз?

ХХІ ғасыр – ақпарат заманы. Ақпарат көздеріне газет-журнал, радио, теледидар т.б. жатады. Бұл аталған нәрселерден халық күнделікті хабар тыңдап қана қоймайды, сонымен қатар тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Теледидар жаңалықты көп әрі жылдам таратушы ақпарат көзі. Қаншама миллиондаған көрермен осы көгілдір жәшіктің бетіне үңіліп отырады. Сондықтан да, телеарналардың жұмысы талапқа сай болуы керек. Өкінішке қарай соңғы кезде телеарналар мен журналисттер қауымына айтылып жатқан сын аз емес. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» – емес пе? Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бәріміз атсалыссақ нұр үстіне нұр болар еді…
Қазіргі телеарна журналистерінің ішінде қазақтың көркем, шырайлы әдеби тілінен бейхабарлар аз емес. Солардың көркем әдебиет оқығанына да күмәніміз бар. Олар орыс журналистері айтқан «жаңалықтарды» сол күйінде аудармалап айта салады. Егер біздің айтқандарымыз жалған не қате, ал телеарналардың балдыр – батпақтары дұрыс болса, оны да дәлеледейтін бірауыз сөз болмауы бізді таңғалдырумен келеді. Өйтпек түгіл қазір қазақтар телеарналардан үйреніп, «үй құрылысын жүргізу үш жылды құрады», «шыршаның биіктігі 5-6 метрді құрайды», «жалақысы 40000-ды құрап отыр» деген орысша «составляет», «составил» -ден аударылған сөздің өзіне тоқтау сала алмай-ақ қойдық. Төменде біз қолымыз қалт еткенде телеарна журналистерінен түртіп алған сөздерге көз салыңызшы.
1) Мынадай ыдыстар сұранысқа ие.
7-канал. Жазира Бегалы (20. 02. 2014)
2) Өңірлерді аралап, мегаполиске де жетті (14. 02. 2014 КТК).
3) Қазақ көрерменіне қазақ киносының классикасын сыйлады.
(14. 02. 2010, КТК)
4) Ет асып, сорпа сапырудың шебері.
5) Оның жалпы құны 350мың теңгені құрап отыр(спорт киімі) Олжас Тайжан. (28,12,2013, КТК).
6) Елге үй үлестіруді бастамақ (ТЖҚБ) банкі Н. Аралбайұлы.
Осының өзі-ақ біздің тіліміз орыс тілінің құрсауында қалып отырғанын көрсетеді. Ал ет асудың, сорпа сапырудың шебері деу барып тұрған тілі кемтар адамның сөзі. Өйткені шебер мен аспаздың екеуі екі басқа нәрселер. Бұның бәрі орысшаның сөзбе-сөз аудармасы.
Сөз соңында тағы да айтарымыз: егер біз елдігімізді, ұлттығымызды сақтап, шын «Мәңгілік Ел» болғымыз келсе, мемлекеттік тілімізді алға шығарып, тілмізді телеарналардың шұбарлап бүлдіруіне қарсы күресті жедел бастамасақ болмайды.

Дайындаған:
Жансая Бейсенбайқызы

Ана тілі газеті № 14 2014- 10-16 сәуір
Дала мен қала
2006 жыл №16 28 сәуір

(Жалпы 151 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Терминдер мен ұғымдар
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминология-лық анықтамалық
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[1] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[2] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[3] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер