Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Әз Наурыз құтты болсын!

 

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды.

Тамырын тереңнен тартқан осынау мейраммен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Құттықтай отырып дендеріңізге саулық, еткен еңбектеріңізге жеміс, шығармашылықтарыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық  тілеймін!

Мейірім мен шуағын төккен молшылық пен ырыстың мерекесі, жүректеріңізді қуаныш пен жылылыққа толтырсын!

Әз Наурыз баршамызды ізгілікті істер мен асқаралы армандарға бастасын!

Ұлыстың қадам басып ұлы күні,

Наурыздың қасиетті күні бүгін.

Көңіл шіркін бүр жарып, шешек жарып,

Жүректің сарқылмасын жылылығы.

 

Наурызым құт болып кел әрбір үйге,

Бөленсін шаңырағымыз шатты күйге.

Еліміз тату-тәтті ғұмыр кешіп,

Жеткізе бер біздерді келер күнге.

 

Ізгі тілекпен: Жансая Бейсенбайқызы

 

 

(Жалпы 110 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Мекемтас Мырзахметұлы
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминология-лық анықтамалық
Терминдер мен ұғымдар
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[1] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[2] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[3] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер