Қазақ халқы ежелден рухани мәдениеттің ошағы болып қалыптасты. Ақын-жырауларымыздың, би – шешендеріміздің ұрпаққа айтқан өсиеті қазақ даласында әлі күнге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Бесік жырынан бастап, батырлар жыры, халық ертегілері, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және жаңылтпаштар – аса қажетті құнды дүниелер.
Міне, осындай рухани құндылықтарымызды дәріптейтін «Даналық әліппесі» оқу- тәрбие кешені – халқымыздың қымбат қазынасын бірізділікте жинақтаған тәрбие құралы. XVI-XVII ғасырларда қазақ халқында келіні бала көтерген үйге белгі салған. Белгіні көрген ақын – жыраулар, би – шешендер сол үйге ат басын бұрып, өнерін көрсетіп, батасын беріп, өсиетін айтып отырған. Нәтижесінде … Толығырақ
Қазіргі білім беру үрдісі ең алдымен дара тұлғаға бағытталып, ересек тіл үйренушінің іскерлік сапаларын, коммуникативтік құзыретін, әлеуметтенуге бейімділігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, білім мазмұнын құрайтын оқу материалдары әлеуметтік тұлға дамытушы мүддені көздеуге қызмет ететіндей болып құрылуға тиіс. Осыдан келіп мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі таңда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде игеру мәселесі – әдіскер-тілші ғалымдардың еншісіндегі маңызды проблемалардың бірі. Осыған байланысты қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытуға деген сұраныс күннен күнге өсуде. Толығырақ
Адам – таным субъектісі, іс-әрекет субъектісі, өмір жолының субъектісі. Адам өмірінің мәні – стратегиялық бағыты, тәсілі, ұстанған бағыты, болашақ бағдарлары, келешек дамуы. Ал «Мен» дегеніміз – «Біз» атты психологиялық мәртебеге ие тұлғаның әлеуметтік сапасы. Адам тұлға ретінде мәдениетті тудырады және сонымен өмір сүреді. Тұлға халықтың, этностың мәдени дәстүрінің даму болашағында қарастырылады. Адамның адам болып өмір сүруі үшін мәдениет шегінде қалыптасқан мәдени-антропологиялық прототип қажет.