Қазақ халқы ежелден рухани мәдениеттің ошағы болып қалыптасты. Ақын-жырауларымыздың, би – шешендеріміздің ұрпаққа айтқан өсиеті қазақ даласында әлі күнге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Бесік жырынан бастап, батырлар жыры, халық ертегілері, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және жаңылтпаштар – аса қажетті құнды дүниелер.
Міне, осындай рухани құндылықтарымызды дәріптейтін «Даналық әліппесі» оқу- тәрбие кешені – халқымыздың қымбат қазынасын бірізділікте жинақтаған тәрбие құралы. XVI-XVII ғасырларда қазақ халқында келіні бала көтерген үйге белгі салған. Белгіні көрген ақын – жыраулар, би – шешендер сол үйге ат басын бұрып, өнерін көрсетіп, батасын беріп, өсиетін айтып отырған. Нәтижесінде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сияқты даналар дүниеге келген. Осы дәстүрді жаңғыртуға «Даналық әліппесі» ықпал етеді деген үміттеміз.Осы орайда , «Interactiv Kazakhstan»компаниясы даналықтың рухани көзі болып табылатын рухани жәдігерлерді жинақтап, жүйелеп, топтап «Даналық әліппесі» деген атпен жаңа «сөйлейтін қалам »технологиясы негізінде қолданысқа енгізіп отыр.
Аталған жинақ – өмірге келген баланың рухани қажеттілігін қанағаттандыруда қолдануға икемді «сөйлейтін қаламның» көмегімен,бала бойына халқымыздыңданалығын табиғи қалпында дарытуды көздейтін біртұтас жүйелі тәрбие құрылады. Халқымыздың даналығы негізінде әзірленген «Даналық әліппесі» әр отбасындағы ата-ана, әке –шеше, бала-шаға- барлығына ортақ рухани құндылықтар жиыны, білім көзі, ақпараттық-насихат қоры болып табылады.











Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.