Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Толығырақ
Баланы бесікке салу
Әдетте баланы бесікке баланың кіндігі түскен соң салады. Баланы бесікке салуға (бөлеуге) ерекше мән беріледі. Баланы бесікке саларда «тышты ма» ырымы жасалады. Онда баланы бесікке салуға жиналған әйелдердің біреуі: «тыштыма ма?» деп дауыстағанда, бесікті айнала отырған әйелдер: «тышты, тышты» десіп, бесіктің түбек салатын тесігінің астына тосылған қолдарға, бауырсақ, құрт, ірімшік, қант, кәмпит тастайды. Оны алған балалар таласа-тармаса жейді. Баланы алғаш бесікке балалы-шағалы, инабатты кісілердің бірі салады.
Балаға ат қою
Жаңа туылған балаға ат қою – өмірлік мән-маңызы бар, аса игілікті іс саналатындықтан, қазақ халқы балаға ат қоюға ерекше көңіл бөліп, өмір есігін ашқан әрбір перзенттің атын жалпақ жұрт силап – қадірлейтін білікті, қадірлі кісілерге қойдыруға тырысады.
Әдетте баланың атын ел-жұрт көп жиналған шілдехана үстінде қояды. Онда атын қоятын баланы: «мына балаға ат қойып беріңіз» деп көп ортасында отырған білікті кісілердің біріне ұстатқанда, әжейлер оған «бай-бақытты болсын» деп шашу шашады.
Баланы қолына алған кісі оның құлағына: Сенің атың – … ! –… Толығырақ