Мен – қазақпын мың өліп, мын тірілген. Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен, Құрсағыма сыйдырам даланы мен. Пәк сәбимін бесікте уілдеген, Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың. Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда, Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.
Мен – қара көз сұлумын, сайтан қызбын Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым. Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім, Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.
Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым. Бәлки қайсақ, бәлки бір гуннен тудым. Деп шатыпты біреулер «күннен тудым». Жоқ, сірә, мен қара құл, күңнен тудым.
Руым көп солардың аттарындай, Мінезім бар таулардың қатпарындай. Ән-жырым бар бабалар хаттарындай, Әжімім бар бейнеттің таптарындай.
Қаза тапқан солдаттай ізгі өлімнен, Қалалар да өтіпті түз белінен. Қаңқалары табылып жатыр қазір Соғыстар мен жорықтар іздерінен.
О, замандас, соларға бір қараңыз; Әр кірпіші, әр тасы бір қора аңыз. Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп, Өшкендерді табатын бір ғана біз.
Мирасы ма, мұра ма, аз ба со да? Алынбайды алтындай қазбаса о да. Тереңім көп, тұңғиық тарихым кеп, Жылдар көші том-томдап жазбаса да. Толығырақ
Халықаралық симпозиумы (толық мәлімет www.kazmkpu.kz сайтында http://symposium.kazmkpu.kz сілтемесінде). Толығырақ
Ботаник ғалымдарымыздың есептеулері бойынша, республикамыздың аумағында алты мыңнан астам өсімдік түрі бар делінеді. Оның 760-ы басқа ешбір жерде өспейтіні де дәлеледенген. Демек қазақ жерінде өсетін барлық өсімдіктің қазақша атауы бар деген сөз.
Он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» бар болғаны 768 ғана өсімдік атауы бар. Соның өзінде кейбіреуі жаңсақ жазылып, атаудың толық мағынасын бере алмайды. Демек, қазақ жерінің көптеген өсімдік түрлері басқа ұлттардың, әсіресе, орыстардың атауымен тұрғаны ұлттық намысымызға сын деп ойлаймын.Аталған түсіндірме сөздікте 67 мың сөз тіркелген екен. Оған басқа жақтан іздемей-ақ өзімізде өсетін өсімдіктердің атауын қоссақ, сөз қорымыз… Толығырақ
Қазіргі кезде «қостілділік», «көптілділік» деп атап жүрген ұғымдар бар. Ғылыми түсінік бойынша қостілділік – белгілі бір аймақ көлемінде қатар өмір сүретін этникалық топ өкілдерінің екі тілді алма-кезек қатар қолдануы екен. Алайда дүниеге келген сәби ешқашан да қостілді болып тумайды, өмір мен қоғам қажеттілігінен, мәжбүрліктен үйренеді. Қостілділік арнайы оқып үйренуден бастау алып, дами келе табиғи тілдік ортаның қалыптасуына дейін ұласады. Мәселен, бұл тарихи үдерісті өз басынан кешірген Қазақстандағы орыс-қазақ қостілділігінің тарихы сонау XVIII ғасырдан бастау алып, бүгінгі күнге дейін әртүрлі сапада дамығаны нақты мысал бола алады. Сол заманның идеологиясы мен қоғам… Толығырақ