Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Ай мұрағаты: Наурыз 2015

« Алдыңғы 1 2 3

Перзент дүние есігін ашқанда.

Перзент дүние  есігін ашқанда

Қазақ халқы дүниеге бір перзент келсе, тек сол перзент келген отбасы ғана емес, бүкіл ауыл, ел-жұрт, туыс-туған түгел мәре-сәре қуанып, шашу апарып, «бауы берік болсын» айтуды кісілік парызы санайды. Толығырақ

Мереке құтты болсын!

8-наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесі. Халқымыз әйел адамды, аналарымызды қашанда құрметтеп, қыз балаға төрден орын берген.

Толығырақ

Жарапазан жырының тәрбиелік мәні

«Жарапазан жырының тәрбиелік мәні»

Діни әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге байланысты туған өлең жырлар ислам дінінің негізінде пайда болған. Қазақ халқында мұндай өлеңдердің түрі көп емес бірен-саран ғана. Атап айтсақ: жарапазан, бата беру, ас қайыру.

Толығырақ

Қазақта қалта болған ба?

Қазақтың кейбір заттары

Қалта жөнінде

Ертедегі қазақтардың киімінде қалта жоқтың қасы болды. Тіпті бертінірекке дейін біз оны сирек көрдік. Мұның себепетері де бар. Мысал үшін бұрынғы қазақтар ақша дегенді керек етпеді. Өз ішінде бар заттарды сатып алмайтын сақыралықтарға бәрі су тегін еді. Қымызды сабасымен ішіп, етті табағымен жесе де, оларға ақша төлеп жатқан ешкім жоқ. Айлап-жылдап ел араласа да, одан ешкім жамбасақы алмайды. Сондықтан ақшаны қажет етпейтін қазаққа қалта да қажетсіз болды.

Толығырақ

Даналық әліппесі

Қазақ халқы ежелден рухани мәдениеттің ошағы болып қалыптасты. Ақын-жырауларымыздың, би – шешендеріміздің ұрпаққа айтқан өсиеті қазақ даласында әлі күнге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Бесік жырынан бастап, батырлар жыры, халық ертегілері, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және жаңылтпаштар – аса қажетті құнды дүниелер.

Міне, осындай рухани құндылықтарымызды дәріптейтін «Даналық әліппесі» оқу- тәрбие кешені – халқымыздың қымбат қазынасын бірізділікте жинақтаған тәрбие құралы. XVI-XVII ғасырларда қазақ халқында келіні бала көтерген үйге белгі салған. Белгіні көрген ақын – жыраулар, би – шешендер сол үйге ат басын бұрып, өнерін көрсетіп, батасын беріп, өсиетін айтып отырған. Нәтижесінде … Толығырақ

Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту әдістемесі

 

Қазіргі білім беру үрдісі ең алдымен дара тұлғаға бағытталып, ересек тіл үйренушінің іскерлік сапаларын, коммуникативтік құзыретін, әлеуметтенуге бейімділігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, білім мазмұнын құрайтын оқу материалдары әлеуметтік тұлға дамытушы мүддені көздеуге қызмет ететіндей болып құрылуға тиіс. Осыдан келіп мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды.

Толығырақ

Өзге тілді дәрісханада тіл дамытудың түрлі әдістері

Бүгінгі таңда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде игеру мәселесі –  әдіскер-тілші ғалымдардың еншісіндегі маңызды проблемалардың бірі. Осыған байланысты қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытуға деген сұраныс күннен күнге өсуде. Толығырақ

Тіл үйренушінің тілдік тұлғасы

Адам   – таным субъектісі,  іс-әрекет субъектісі, өмір жолының  субъектісі. Адам өмірінің мәні – стратегиялық бағыты, тәсілі, ұстанған бағыты, болашақ бағдарлары, келешек дамуы. Ал «Мен» дегеніміз – «Біз» атты психологиялық мәртебеге ие тұлғаның әлеуметтік сапасы. Адам тұлға ретінде мәдениетті тудырады және сонымен өмір сүреді. Тұлға халықтың, этностың мәдени дәстүрінің даму болашағында қарастырылады. Адамның адам болып өмір сүруі үшін мәдениет шегінде қалыптасқан мәдени-антропологиялық прототип қажет.

Толығырақ

Қызметтік тағайындау

2015 жылдың 3 – наурызында Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығында жаңа тағайындаулар орын алды. Мәдениет және спорт министрлігінің жарлығымен орталық директоры қызметіне Қонысбай Әбіл тағайындалды.  Толығырақ

Сөз бедерлеудің құралдары

Сөз бедерлеудің құралдары      (БАҚ негізінде)

Тоқмахан Ф.Ш.

 

Қазақ ұлтының тілі – тарихы мен бүгіні және болашағы бар ұлттық құнды қазына. Ұлтсыз тіл жоқ, тілсіз сол тілде сөйлейтін, тілді дамытатын, динамикалық прогресске өсіретін халық жоқ. Осы себепті қазақ халқының тағдыры да қазақ тілімен тікелей байланысты. Осы кезекте төртінші билік көзі болып табылатын, бүгінгі таңда ең үлкен сұранысқа ие бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Кез келген ұлттың тілі, жағдайы, әлеуметтегі өзгерісі сол ұлттың бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде телехабарлардан, газет-журналдар тілінен көрініс табады. Толығырақ

« Алдыңғы 1 2 3
Жаңа өнімдер
Терминдер мен ұғымдар
Терминология-лық анықтамалық
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Мекемтас Мырзахметұлы
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[1] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[2] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[3] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Наурыз (2015)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Ақп   Сәу »
  1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер