Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Қазіргі қазақ әндері

 

  Қазақ әнімен асқақтаған халық. Бірақ «әннің де естісі бар, есері бар» деп оны бағалай да білген. Есті ән ұйықтап жатқан жүректі оятады, жүрек қылын тербеп, адамға түрлі ой салады.

Қазіргі қазақ әндерінің жартысынан жуығы лексикалық, грамматикалық, морфологиялық қателерге толы деуге болады. Мән-мағынасы жоқ, құр ұйқасқа құрылған арзанқол дүниелер. Тіпті кейбіреуінде ұйқасты да байқамайсың. Оның үстіне өнерпаздарымыз бесаспап болып алды ма,  өзі жазады, өзі айтады. Қазіргі таңда «тыңдаушының құлағын тескен» есер дауысты әншісімен бірге, талғам-талаптан жұрдай, мағынасыз, дені дұрыс емес, дүмбілез,  мәнсіз мәтіндер қаптап кетті. Сыры терең ұлттық бояуы қанық әндерді табу қиындап барады.

Пах-пах-пах, қандай ғажап иіс.
Шат-шат-шат, қиялыма ілес.
Қандай ыстық жүрегіммен сүйіс,
Созылған кірпігімнен күй ұш.

Иә, бұл Айқынның атақты «Пах – пах» әнінен үзінді. Жастардың сүйікті әншісіне айналған Айқын Төлепбергеннің бұл өлеңі біраз елді шулатып, «хит әнге» айналып үлгерді. Алайда, жеңіл әрі ырғақты әуенге құрылған ән мәтінін мақтай алмаймыз.

Қандай ыстық жүрегіммен сүйіс,

Созылған кірпігіммен күй ұш, – дейді. Қазақта жүрегіммен сүйіс деген  сөз жоқ, ал созылған кірпік дегенді бірінші рет естуім. Ол сөздің орнына ай қабақ, алтын кірпік деген жақсы теңеу бар.

Пах-пах-пах, көркіңе тәнтімін,
Дәмін сезгім келеді тәніңдегі қантыңның.
Жанарың жарқылын, басылмай ауқымым, – осы шумақтағы тәніңдегі қантыңның деген ақылға сыймайтын, көңілге қонбайтын дүние. Басылмай ауқымым – деп қандай ой айтпақшы болды екен?
Бұл әннен не айтып тұрғанын әншінің өзі де түсінбейтін шығар. Және  мынандай да сөздер бар: «Сәнің, тәнің, талғамың өзіңде, Және мендей жігіттің қарсы емессің ерітуіне» дейді. Жігіттің ерітуі деген не сұмдық..

Айқынның келесі бір әнін көрейік.

Көргім келеді сені көздеріңнің жалыны арбап мені
Сені іздеймін нәзік сезім арнап
Махаббаттың балынан бір татсам деп едім
Кездестірмедім – деген шумағында не ұйқас жоқ, не мағына жоқ.

Ғашық оты жанған сәттен-ақ бізге мәлім
Бұл бір сезімімді билеген, жұмбақ әлім
Құшағыма басайын, құшарға тәнім дайын
Асылым, қиратпа ғұмыр мәнін
Түн қарасы әлі кейіпіңді әдемі етеді – дейді. Құшарға тәнім дайын дегенді қай қазақтың баласы айтады? Түн қарасы кейпіңді әдемі етеді деудің орнына, сенің сұлулуығың қара түнді де әдемі етеді десе жараспай ма?

Сұлу жүзіңнен, нәр аламын мен
Мас болып калып, тәтті деміңнен
Бұйра шашыңнан айналдым еркем
Қара қасың жерге төгілген.
Жүрегім тулап, кеудем от болды
Күйіп, жанып турып, күлі шыгып, тұт болды. О заманда бұ заман қара қастың жерге төгілгенін, жүректің күйіп-жанып күлі шыққанын Айқыннан естідік.

Фию пье ну зи тоң
Жастық шағымдай ғайып боп
Жө вөз әли дөмөм
Кеудемде жандырып от. Ақиық ақын Мұқағалидың «жалаң аяқ қыз» деген әп-әдемі өлеңін фию пье ну зи тоң, жө вөз әли дөмөм деп адам түсінбейтін қайырмамен өңдеген.

Құшағына мені басып
Жылап жатсам жұбатасын ба?
Әлде жаным баска бақшада
Мұңынды ашып жылатасың ба?
Көңілімде мың бір сұрақ
Жауап таппай жылап жатыр
Жүрегіме салып құрақ
Сені ғана ойлап жатыр
Көз алдымда күнде жүрсің
Қайтем маған ұнайсың да
Сенен ұзап алыска кетсем
Мені ойлап жылайсың ба?
Сені тастап алыска кетсем,

Сагынып жылайсың ба?

Бұл,  сөзін де, әнін де өзі жазатын Асан Пердешовтің туындысы. Мына әннен «жылаудан» басқа ештеңе ұқпадық. Сағынып жылайсың ба, сұрағым жылап жатыр, мұңынды ашып жылатасың ба, мені ойлап жылайсың ба – басқа сөз құрып қалғандай «жылауық» әндердің қатарын көбейткен.

Ал енді Бүркіт пен Аишаның орындауындағы «Туған жер» әнінің сөздеріне көз жүгіртіп көріңіз:
Кеудем толы жырым – ағын,
Жалындаймын, жанығамын,
Мен өзіңе асығамын.
Алыстама жасыл бағым,
Сағынғанда қасыңдамын,
Әсем ауылым.
Өшпес оттай ыстық сезім,
Сағыныштан сынып төзім,
Буланды көзім.
Бұл шумақтағы кейбір сөздерді құлағым шалыс естіді ме, әлде дұрыс естісем де түсінуге санам жетпеді ме — білмеймін. Екінші тармақтағы «жанығамын»деген сөз қандай мағына береді? «Сағыныштан сынып төзім» деген жолға қарап «төзім таусылуы мүмкін, бірақ сына ма?» деген сұрақ туындайды. Бұған қоса «Буланды көзім» деген сөзге назар аударыңыз. Ұйқас қудым екен деп, қандай болса сондай сөзді қолданудың қажеті не? Бұл әннің екінші шумағында «Шашыңмен ойнап дауылың» деген тармағы бар. Шашпен ойнаса самал жел ойнайтын шығар, ал дауыл…

«Домино» тобы. «Айым-ай» әнін тыңдап көріңіздерші.
Келші жаныма, келші жаныма,
Махаббатым-ау, махаббатым.
Оралшы маған, оралшы маған

Бақыт құсым-ай, бұлақ әнім ай.
Арманым менің, арманым менің,
Аңсадым сені, аңсадым сені,
Гүлдей құлпырғай, көктен жарасқан,
Жұлдыздар сені күнге таласқан. Осы әндегі «бұлақ әнім», «көктен жарасқан», «жұлдыздар сені күнге таласқан» дегендерден не түсінуге болады. Ұйқасы келді екен деп мағынасына мән беруді ұмытқан.

Кезінде талайларды шулатқан мына әннің сөздеріне қарасаң еріксіз күлкің келеді.
Көйлегім қара болса да,
Өзегім қағаздай аппақ.
Маған ғашық болған қыздар,
Ешқашан болмайды қап-қара.
Ал мендей жақсы жігітті,
Ұнатпаған қызға айтамын:
«Сүймесең, проблема қанша,
Қош бол, бақытты бол, жаным! Бұл Денардың «қара көйлегі». Не ұйқас не мағына жоқ. «Сүймесең проблема қанша» деп тілді шұбарландырып жібергенін қайтерсің.

«Mysterions» тобы айтатын «Өмір» әнінің сөзіне назар салып көріңіз. Әуені шет елдік әннен ұрланғандығымен қоса, сөздері сын көтермейді. Қазақша әріптердің де қадірін кетіріп, қалай-болса солай айтылған.
Өмір — сынақ, өмірім майдансың,

Жүрем сенен жеңіс тілеп.
Жеңілсеңіз, жылама күйініп,
Тағдырда жоқ жүрек.
Өмір түстей, арасы жылы суық,
Бала күндердей бақытты күн қайда,
Есіңе алсаң, есік ашық.

Қазақта өмір түстей, арасы жылы суық деген тіркес болмаған. «Тағдырда жүрек жоқ» деп не айтқысы келді? «Жеңілсеңіз, жылама күйініп» дегенді «жеңілсеңіз, «жыламаңыз күйініп» деуге болады емес пе?
Иә, қаншалықты сынасақта, дәл осы әндер уақытында «хит» болды, бола да береді… Өйткені,  бұл әндер бүгінгі тыңдарманның  талғамы.  Әлде, біз сөз бен әннің жүйесін, киесін түсінбейтін жағдайға душар болдық па?

Қорыта айтқанда мұндай мысалдарды тізіп тауысу мүмкін емес. Ән – жеке адамға қонатын дара қасиет, киелі өнер. Халықтың айнасы, қазынасы. Өнеріне қарап халықтың мәдениетін, ұлттық болмысын білуге болады. Бұрынғы Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса,Үкілі Ыбырайдың әндері қандай еді?! Әуенінде сазы, сөзінде жаны бар болатын. Ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған киелі өнерімізді бағалайық!

 

Жансая Бейсенбайқызы

 

 

 

 

(Жалпы 321 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминология-лық анықтамалық
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминдер мен ұғымдар
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[1] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[2] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[3] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Шілде (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Мау    
  1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Профиль
Соңғы пікірлер