Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Жастар тілі

 Қазақ «сөзіне қарап кісіні таны» деген. Сөзі түзу, маржандай, тілі таза деген тіркестер осының дәлелі. Тілімізге бөтен сөздердің енуі – тіл тазалығына нұқсан келтіру деп білеміз.

Кейде күнделікті сөйлеп жүрген сөзімізге мән беріп қарамаймыз. Қай елдің тілінде, қандай мағынада сөйлеп жүрміз, құлаққа қалай естіледі деген ой жоқ. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды, дегенмен ХХІ ғ жастарының дені солай.

Қазіргі таңда жастар арасында жаргон және сленг сөздер жиі қолданылып жүр. Тіл білімі терминдерінің сөздігінде бұл сөздерге мынадай анықтама берген.

Жаргон – (франц. jargon) – шағын әлеуметтік топ қолданатын, ешқандай жеке тілдік дербестігі жоқ жалпыхалықтық тілдің тармағы. Ұрылардың жаргоны. Дворяндық жаргон. Мектеп жаргоны. Солдаттар жаргоны т.б. түрде кездеседі. Жаргонның жалпыхалықтық тілден айырмашылығы оның лексикасы мен фразеологиясында. Ж. аргомен мағыналас, оның аргодан айырмасы: Ж. жағымсыз (қорлау, жақтырмау) ұғымда қолданылады. Мыс: супен (сүйкімсіз), ылай, көк мойын, ащы (арақ), телик (теледидар) т.б.

Сленг – (англ. slang жаргон) – белгілі бір кәсіп, мамандық немесе әлеуметтік топ адамдары қолданатын сөздер мен сөйлемшелер, мысалы, суретшілер С., теңізшілер, С. т.б. яғни кәсіби сленгтер, сленг сөздер.

Адам өмірінің ең қызықты шағы –  студенттік кез. Студент атанысымен қоршаған орта да, тілі де, сөзі де өзгере бастайды. Мәселен университет – универ, жатақхана – общага. Сонымен қатар студенттер арасында қалыптасып кеткен, өздері шығарған тұрақты тіркестерге көз жүгіртсек. Мысалы: куратор – өгей шеше, лекция – ұйықтайтын жер, шпор – жедел жәрдем, семинар – жан беретін жер, стипендия (шәкіртақы) – бір күндік қуаныш, жатақхана – екінші үй, емтихан – тар жол тайғақ кешу. Одан басқа тема, типа, короче, если что, зубрить, читалка, шеф, стрелять етті, потеря болды, сущняк алды деген толып жатқан орыстың арзанқол сөздері жастар санасын жаулап алды.

Көйлегің жынды екен, вкусыңа базар жоқ, біздің ботаник келе жатыр, маяк тасташы, қумашы, жыланбашы,-  деп қазақша сөйлегендерді мамбет санап косякқа кіргізіп, өздерінше блотной болып құлаққа лапша іліп жүрген қазақтың жастары ай!

Бұл біздің біліп естіп жүрген таныс сөздеріміз. Біз естімеген әлі қаншама жаргондар бар десеңізші. Осындай құлаққа түрпідей естілетін сөздер өкінішке қарай жастар арасында ғана емес, үлкендер ішінде де жиі айтылып жүр. «Әке», «Ана» деген қасиетті сөздерді махан, пахан, батя деген жыртық сөздермен жамап жүргеніне қалай көзіңді жұмып қарайсың? Қазақтың көркем, шырайлы, әсем сөздері айдаладан қаңғырып келген, қайдан шыққаны белгісіз лақпа сөздермен ластанып жатыр.

Міне жаһандану заманында ешбір сүзгіден өтпеген ақпараттар тасқыны ағылып, жастардың көзін тұмандандырып, санасын уландырып барады. Осыларға төтеп беретін қазақы тіл, ұлттық салт-дәстүр. Бүгінгі жастардың арасында тіл байлығының нашарлығынан дейміз бе, әйтеуір бір сүреңсіз, нәрсіз сөздер өршіп тұр.

Алайда барлығына жастарды кіналай беруге де болмайды. Интернеттегі кейбір сананы улайтын сайттар, теледидардағы түкке тұрғысыз түрлі бағдарламалар, әлеуметтік желілердегі жеңіл әңгімелер, отбасындағы тәлім-тәрбие де баланың санасына әсер етеді. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» – деп ұлы ғұлама Әл-Фараби данамыз айтып кеткендей тәрбие болмаған жерге білім қонбайды. Ал, тәрбие басы бесіктен, отбасынан басталады. Сондықтан да ата-ана ұл-қыздарын дұрыс, мәдениетті сөйлеуге тілі шыққаннан баулу керек. ХХІ ғасырды ақпарат пен жаңа технологиялардың заманы деп компьютерге телміре бермей әдеби кітаптар да оқып тұрған жөн деп санаймын.

«Тіліңді жоғалтсаң, діліңді жоғалтсаң, жоғалтасың бәрін» – деп, тіл жанашыры ақын Мұхтар Шаханов ағамыз бекер айтпаса керек-ті. Жастар, достар, өз тіліміз – сарқылмас, таптырмас байлығымыз! Қолда барда алтынның қадірін білейік!

 

Жансая Бейсенбайқызы.

(Жалпы 418 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Терминология-лық анықтамалық
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминдер мен ұғымдар
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[1] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Шілде (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Мау    
  1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Профиль
Соңғы пікірлер