Ағылшынның Джонатан Ньювелл есімді журналисі бар. Өткен жылы көктемде Астанаға сапары кезінде сол кісінің елорда әуежайы басшылығын дүр сілкіндіргені есте. Әуежай есігіндегі үш тілде берілген «Өзіңнен. От себя. Push off» сөзінің ағылшынша нұсқасынан қате тауып, оның суретін әлеуметтік желідегі жеке парағына жариялап жібергені сол еді, басшысы бар, қосшысы бар, біздегілер «Жаздық, жаңылдық. Кінә бізден» деп, құлдық ұрдық. Табан астында қатені түзетіп, соңы БАҚ арқылы кешірім сұраумен тынды. Толығырақ
Бүгінгі күні қазақ тілінің қоғамда алатын орны, оның мәртебесін арттыру және қолданыс аясын кеңейту мәселесіне келгенде тағы бір ерекше назар аударатын жайт – қазақ тілінің көрнекі ақпарат пен жарнама тілі ретінде қолданылуы. Жасыратыны жоқ, бұл салада қазақ тілі – қосалқы тіл, аударма тіл. Қазіргі таңда ақпарат құралдарының қай-қайсысында болмасын қазақ тілінде берілетін жарнаманың 99 %-ы өзге тілден, оның ішінде орыс тілінен тәржімаланатын аударма мәтін екендігі шындық.