Жалғыз көзді дәу бейнесі

[cg_gallery id=»3″]

Адамға қас, онымен қоректенетін хтоникалық бейне:

Жалғыз көзді дәу –  бейнесі бірнеше ертегіде кездеседі. Соның ішінде «Жалғыз көзді дәу» атты ертегіде Дәу дүлей күштің иесі ретінде суреттеледі.

Ертегідегі: Бір күні аң аулап, шаршап, қатты ұйықтап кеткен екен, жер сілкінгендей дүбір, жер жарылғандай айғайлаған дауыстан оянып кетеді.

«Бұл не сұмдық», – деп орнынан ұшып тұрып, сарайдың терезесінен қараса, маңдайында жарқыраған жалғыз көзі бар дәу айғайлаған даусы жер жаратындай, астындағы мінген қара тұлпарының тұяғы тиген жер жерошақтың орнындай опырылып, буы бұрқырап, осқырынған күйінде сарайға шауып кіреді.

Жігіт сарайдың иесі осы жалғыз көзді дәу екенін біледі. Жалғыз көзді дәу тұлпарынан түсіп, сарайда бөтен иістің бар екенін сезіп, жалғыз көзі отша жайнап: «Кім бұл менің сарайымды иемденген, қазір көзіңді құртайын?!», – деп айғай салады» деген үзіндіден оның осал жау еместігі көрінеді.

         Ертегіде дәу қырық күн, қырық түн ұйқы көрмей, тамақ ішпей, ел шауып, неше түрлі зұлымдық істеп, сарайына әбден әлсіреп келеді екен. Ол сарайына келген соң, қырық күн ұйықтап әбден әлденіп, қайтадан жорыққа шығып отырады екен деп баяндалады.

         Мұндай адам жегіш дәу «Ақжан батыр» ертегісінде де бар. Оны өлтіру де оңай емес. Бұл ертегіде: «Есіктің тұсына таман қарсылай жүрсе, үйдің нақ ортасында жалғыз көзді дәу қолына үйде қалған байдың інісін алып, оны отқа қақтап жеп отыр екен дейді. Ақжан батыр киіп кетіп, жалғыз көзді дәудің тап көзінен көздей отырып, саржамен атады. Сол кезде дәу алты қанат киіз үйді көтеріп ала жөнеледі», – деп суреттеледі.

Жалғыз көзді дәу қазақ иран, араб ертегілеріне ортақ образ. Бұл жөнінде ХІ Көроғлы Геродот еңбектерін терең талдап жазу арқылы түсіндірген.

Батыс пен Шығыс халықтарының көпшілігінде кездесетін жалғыз көзді дәу образы жайлы Едіге Тұрсынов ежелгі түркілердің дуалистік мифінде айтылып, кейін скифтер арқылы гректерге өткен деп тұжырым жасаған.

Зерттеушілердің болжамы бойынша қазақ ертегілеріндегі дәулер жалғыз көзді болса, парсыларда екі басты дәу жиі кездеседі. Яғни бұл мифологиялық кейіпкерлердің әр халықтың фольклорындағы ерекшелігін көрсетеді.