[cg_gallery id=»12″]
Адамға қас, онымен қоректенетін хтоникалық бейне:
Жеті басты дәу – «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде бейнеленеді. Ертегіде: «Бір уақытта алдарынан бір үлкен тау көрінеді. Тау теңселіп, қозғалып бұларға қарай жақындап келеді. Бұл, жеті басты дәу еді…
Кендебай қолына жүз батпан шоқпарын алып, Керқұла аттың барлық шабысымен дәуге қарсы шаба жөнеледі. Көзді ашып-жұмғанша ағып өтіп бара жатып, салып кетеді, Дәудің бір басы ұшып түседі. Кейін қарай шауып, тағы соғып өткенде, екінші басы ұшып кетеді. Осылай ерсілі-қарсылы жеті өтіп, жеті рет соққанда жеті басы бірдей ұшып кетіп, дәу төңкеріле құлайды. Кендебай дәудің көзін ойып, қоржынға салып алады», – деген үзіндіден дәудің болмыс-бітімін анық аңғаруға болады.