Сексек Ата бейнесі

[cg_gallery id=»26″]

Қазақ халқының мифологиялық түсініктерінде жылқы – желден, түйе – сордан, қой – оттан, сиыр – судан, ешкі – тастан жаратылған деген наным бар.  Қазақы наным бойынша әр төрт түліктің өз жебеуші пірі болады. Төрт түліктің өсіп-өнуіне, олардың тосын келген ауру мен апаттан аман қалуына осы пірлерінің тигізер жәрдемі көп деп иланған. Жылқының пірі – Қамбар ата, түйенің пірі – Ойсыл қара, сиырдың пірі – Зеңгі баба, қойдың пірі – Шопан ата, ешкінің пірі – Сексек ата деп есептеген ата-бабаларымыздың ғұрыптық фольклорында бұл бейнелер жан-жақты көрініс алған.

Ешкі пірі – Сексек ата шежірелік деректерде Қазығұрт тауының бауырында Тұрбат деген жерде жерленген Исмайыл атаның баласы делінеді. Аңызға көз жүгіртсек: Ал Шекшек болса ағасының қатыгездігін айтып, ел-жұртына рахымды болуды, қуып жіберген інілерін тауып әкелуді айтқан екен. Ол: «Сен мені құртып, орнымды алғалы жүр екенсің»,- деп жазалап, осы маңдағы иен далаға әкеліп тастапты. Қорлыққа шыдамаған Шекшек талай рет өліп алмақ та болыпты. Ақырында қайратына мініп, есін жиып, етегін түріп, қырат-қыраттың тауешкі асатын жолдарын бекітіп, мың бір жапада қыруар тауешкілерді қолға үйретіп алыпты – деген деректі байқаймыз.

Адамзат баласы әу баста аңшылық кәсіпті күнкөріс етсе келе-келе малды қолға үйретіп, шаруашылықтың  жаңа түрімен айналыса бастайды. Жабайы аңдарды үй жануарларына айналдырып қолға үйрету ісі мезолит, неолит дәуірінен-ақ бастау алғандығы дәлелденген. Яғни, сол кезеңнен бергі мал шаруашылығының өркендеуінің себебін тылсым күштермен, рух-иелермен байланысты деп қарайтын көзқарас осы аталған пірлер образын тудырған. Оларға өлең, қара сөз түрінде жалбарынып, игіліктер тіленген. Әрбір төрт түліктің берер жемісі сол пірлеріне байланысты деп есептелгендігі мынадай өлең жолдарында сақталған.

…Ауыл көшіп қонғанда,
Өрегенін қайтерсің.
Бөрі бақыр келгенде,
Көрегенін қайтерсің.
О бөріні көргенде,
Ысқырғанын қайтерсің.
Құйыршығын бұтына
Қыстырғанын қайтерсің.
Бөрі ала қашқанда,
Бақырғанын қайтерсің.
«Ойбай, ием, кеттім, – деп,
Шақырғанын қайтерсің?!».

Қорыта айтқанда, қазақ фольклорында төрт түліктің пірі ретінде  Қамбар Ата, Шопан Ата, Зеңгі Баба, Ойсыл Қара, Сексек Аталардың есімдері аталады. Бұл бейнелер туралы деректерде олардың төрт түлікті қалай бағындырғаны туралы сөз болып, халықтың олардан күтетін арман-тілектері сомдалады.