Үлкен дәу, Ортаншы дәу, Кіші дәу бейнесі

[cg_gallery id=»30″]

Адамға қастығы да жоқ, адамға достығы да жоқ аралық бейнелер:

Үлкен дәу, ортаншы дәу, кіші дәу – «Тотан батыр» ертегісінде бар.  Ертегіде: «Күндердің бір күні бұларға Ұлытау көрінеді. Жақындағанда таулар біріне-бірі соғылып, қозғалып тұрады. Бұлар таңданысып тұра қалады. Бәрі жақын баруға қорқады. Жолдастарын осы араға қойып, Тотан өзі барады. Егер бір жанжал бола қалса, жолдастары көмекке әзір тұрады.

Келсе, бұл тауды бір дәу мекен етеді екен. Оның үш баласы бар екен. Балалары еншіге таласады екен. Әкесі: «Олай болса, әрбіріңе күштеріңе қарай енші беремін. Қайысыңның күшің көп болса, өзімде қаласың!» – деп, тауды көтертіп тұр екен. Таудың бірдей болмауы себебі – әрқайсысының жасына, күшіне қарап көтерткен екен. Тауды көбірек қозғап тұрған кіші ұлы екен, – делінеді. Бұл ертегіден дәудің бала-шағасы болады деген түсінік айқын аңғарылады.

Қазақ ертегілерінің көбінде дәулерді үш ағайынды деп суреттеу жиі кездеседі. Бұл сюжет «Қаңбақ шал» ертегісінде де бар. Ертегідегі:

– Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.  Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да: 
– Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз – деп жалынып қойғызады.
 

Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге: 
– Кел жердің ішек қарнын шығарйық – дейді»
немесе,

– Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! – дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі, – деген үзінділер дәудің ерен күштің иесі болғанмен ақылы аз екенін байқатады.

Фольклорлық сюжеттерді талдай келе осы топқа жататын дәулерге мынадай сипаттама беруге болады: Олар – дене бітімдері ерекше жаратылған, ебедейсіз үлкен. Сол үлкен дене бітіміне сәйкес орасан зор күшке ие. Бірақ өздері аңғал, алаңғасар болып келеді. Ешкімге зияны жоқ, ен далада зерігіп өмір сүріп жатқан жердің алғашқы тұрғындары іспетті мифтік образдар.