[cg_gallery id=»34″]
Қазақ халқының мифологиялық түсініктерінде жылқы – желден, түйе – сордан, қой – оттан, сиыр – судан, ешкі – тастан жаратылған деген наным бар. Қазақы наным бойынша әр төрт түліктің өз жебеуші пірі болады. Төрт түліктің өсіп-өнуіне, олардың тосын келген ауру мен апаттан аман қалуына осы пірлерінің тигізер жәрдемі көп деп иланған. Жылқының пірі – Қамбар ата, түйенің пірі – Ойсыл қара, сиырдың пірі – Зеңгі баба, қойдың пірі – Шопан ата, ешкінің пірі – Сексек ата деп есептеген ата-бабаларымыздың ғұрыптық фольклорында бұл бейнелер жан-жақты көрініс алған.
Қой атасы – Шопан ата. Зерттеушілердің пікірінше 13 – 14 ғасырларда өмір сүрген. Ол халық жадында шопандық кәсіптің пірі ретінде аңыздық тұлға болып сақталады. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз – әңгімелер көптен таралып, қой түлігінің қасиеттерін дәріптеген және сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп – жебеу тілеп, мұсылмандық дәстүрмен рухани жалғастыққа ұмтылған.
Қой атасы – Шопан ата зерттеушілердің пікірінше шамамен 13 – 14 ғасырларда өмір сүрген және Қожа Ахмет Иасауи тариқатының басшыларының бірі болған. Жалпы ислам дүниесінде әрбір кәсіптің киелілігін, абыройлығын әйгілеп, ол кәсіптердің бастауында тұрған рухани ұстаз, қасиетті пірге құрмет көрсету дәстүрі бар. Сондай-ақ дәстүрлі қазақ мұсылмандығында да қазақтың ата кәсібі малшылыққа байланысты пір тұтылатын қасиетті есімдер бар. Солардың бірі Шопан ата Ол Иасауи тариқаты дәстүрінің ұстазы ретінде тарихи тұлға болса да халық жадында шопандық кәсіптің пірі ретінде аңыздық тұлға болып сақталды. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз әңгімелер көптеп таралып, қой түлігінің қасиеттерін дәріптеген және сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп-жебеу тілеп, мұсылмандық дәстүрмен рухани жалғастыққа ұмтылған.
Мәселен, «Шопан атаға» деген өлеңде былай делінеді:
…Атың жақсы, Тәңірім,
Мен бір тілек тілейін.
Сұрағанда, бергеніңді білейін…
Ай мүйізі шақпақтай,
Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең, қойды бер…
Қорыта айтқанда, қазақ фольклорында төрт түліктің пірі ретінде Қамбар Ата, Шопан Ата, Зеңгі Баба, Ойсыл Қара, Сексек Аталардың есімдері аталады. Бұл бейнелер туралы деректерде олардың төрт түлікті қалай бағындырғаны туралы сөз болып, халықтың олардан күтетін арман-тілектері сомдалады.