ҚХР Шэньси провинциясында тұратын ірі кәсіпкер Чжан Фанның үйіндегі жеке кітапханасынан қазақ халқының белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары бар кітап табылды. Толығырақ
«Ана тілі»- басылымының кезекті санындағы мына бір мақала көп жағдайдың мәнін ашып тұрғанға ұқсайды. Сол себепті біз аталмыш мақаланы сайтқа жариялауды жөн санап отырмыз. Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан артық уақыт болса да жер-су, елді-мекен атаулары осы күнге дейін дұрыс жазылып, нақты айғақтармен тарихи атаулары қайтарылмай жүр. Бұл мәселе дәл қазіргі таңда солтүстік өңірлердегі түйткілді мәселе деп айтсақ та болады. Егер мәселенің алдын алмасақ енді бір жиырма жылдықта түзетіп алу қиынға соғатыны анық. Толығырақ
Нәрестенің кіндігі түскен соң, оны бесікке салып, көрші-қолаң, туыс-туғандардың әйелдерін түгел шақырып, «бесік той» жасайды. Ал, күллі дүйім елге той жасауға жағдайы келмегендер, өз шамаларына қарай салт бойынша баласын бесікке салады. Толығырақ
Өмірден көрген-түйгені көп, тәжірибелі де парасатты қазақ халқы тұнғыш немересін, тіпті, екінші, үшінші немерелеріне дейін омыраудан шыға салысымен « кенжеміз» деп, өз тәрбиелеріне алып бағып-қағып, жақсы азамат етіп жетілдіруге күш салады. Бұған себеп: жас ата-ананың баланы бағып-қағу тәжірибесі аз болады; тәлім-тәрбиені неден, қалай бастауды толық білмеуінде болса керек. Толығырақ