Жақында қазақ тілін зерттеп жүргеніне 50 жылдай уақыт болған филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Байынқол Қалиұлы Қалиевтің «Түсіндірме сөздік жасаудың теориясы мен практикасы» деген монографиясы жарық көрді. Кітапта автор 15 томдық «Қазақ әдеби тілі сөздігіне» ғылыми тұрғыдан сараптама жасап, сөздік жасауда жіберілген біраз кемшіліктерді көрсеткен. Бұл іске кіріскендігін ғалым былайша түсіндіреді:
«Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» деп аталатын түсіндірме сөздікті жасап шығарды (2011 ж). Оқып қарасам, «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» деген атына қарамастан бұл сөздікке енген сөздердің… Толығырақ