Соңғы жазбалар
  • Мемлекеттік қызметшілерге сертификат табысталды
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Сабақ тақырыбы:

Сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

The useful  teaching methods of parts of speech

Сыныбы: 11

Жалпы мақсат:

Сөз таптарынан алған білімдерін жинақтау, қорыту, толықтыру;

жеке тұлғаның ой-қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен ізденуге, өзіндік ой-пікір қалыптастыру және тест тапсырмаларымен еркін жұмыс істей білуге дағдыландыру; сөздердің морфологиялық ерекшеліктерін қатар талдауға үйрету;

Сілтеме:

6,7-сыныпқа арналған қазақ тілі мен ағылшын тілі оқулығы, әдістемелік нұсқаулықтар, көмекші құралдар.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

  1. Бейнежазбамен ой түйіндеу.
  2. Мәнмәтіндермен жұмыс.
  3. «Танымпаз оқушыны» анықтау, сұрақ-жауап.
  4. Постер қорғау.
  5. Сәйкестендіру, талдау.
  6. Сергіту сәті «Уақыт шеңбері».
  7. Қорытындылау: мен және Англия.
  8. Рефлексия. Мен не үйрендім?

Негізгі идеялар:

Сөз таптарының қазақ тілі және ағылшын тілінде жасалу жолдары туралы білімдерін кеңейтеді, жүйелейді, қорытады, салыстырады; топтық жұмыс барысында өзгенің пікірін тыңдай отырып, қорытуда топпен ақылдасады, өз идеяларын ұсынады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Бейнежазба, тірек сызба, үлестірмелі парақшалар,  флипчарт, жапсырмалар, түрлі түсті қаламдар.

Оқыту әдістері:

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, жұптық, топтық, диалогтік әдістер, СТО, АКТ, қатар қамту тәсілі.

Тапсырмалар:

Сөз таптары туралы түсініктерін кеңейтеді; олардың тұлғасына, құрамына, мағынасына және атқаратын қызметіне қарай берілген тапсырмалармен еркін жұмыс істей білуге үйренеді, өзіндік ой-пікірін қалыптастырады, сөздердің морфологиялық ерекшеліктерін қатар талдауға үйренеді.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу,

ой қозғау

 

(10 мин) 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бертілеуова К.Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі көңіл күйлерің жақсы ма? Бүгін біздерге өз білімімізді дәлелдер тағы бір сәт туған сияқты. Дайынбыз ба? Ендеше, ҰБТ-ға дайындау мақсатында өтетін сабағымыздың тақырыбы – «Сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері». Сендерге сәттілік тілеймін!

Олжаева Ү.Good morning, children! How are you? Are you ready to begin our lesson? The theme of the lesson is” The useful methods of teaching of parts of speech” in order to get high scores in ENT. Good luck! 

Бертілеуова К. Қазір біз топқа бөлінеміз, ол үшін үстел үстінен оюлы қағазды алып, ішіне жазылған сөздер ұғымы бойынша өз жұптарыңды табуларыңды сұраймыз (жұптарын тапқан оқушыларға мұғалімнің көмегімен топтарға бөліп отырғызады).

Олжаева Ү. Yes, children, if you have a blue coloured paper, you are in the first group, if you have a green paper then you are in the second group. The rest students , you will be in the third group. Take your sits , please.

Бертілеуова К.Қазір біз «Құмырсқалар» атты  бейнежазбадан үзінді көреміз. Сол бейнежазбаны көре отырып,  қолдарыңа алған оюлы қағаздағы сөздерді қатыстыра құраған сөйлемдеріңмен, сабағымыздың келесі бөліміне өтеміз. Сөйлем «ҰБТ» тақырыбына қатысты болуы керек.

Олжаева Ү.Dividing words into parts of speech began in many centuries ago. BC in the IV century Greek words were divided into 4 parts in Aristotel’s work. So from parts of speech one of them was   included 

Бертілеуова К.Иә, содан бері ғылым дамып, әр тілдің грамматикаларында сөздердің топтары түрліше топтастырылып отырғаны белгілі. Мысалы, қазіргі тіл білімінің бастауы болып табылатын 1914 жылы баспадан шыққан «Тіл – құрал» атты оқулығында ұлтымыздың ұлы көсемі А.Байтұрсынов сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер деп 2 үлкен топқа бөлсе, бұл кітаптың 1915 жылғы басылымында сөздерді 9 топқа бөлген. Мұндағы жалғаулық пен демеулікті ғалым Қ.Жұбанов қосып, шылау атағаны ғылымда әбден орнықса, 1952 жылы ғалым А.Ысқақов еліктеуіш сөздерді қосты. Біз бүгінгі сабағымызда 9 сөз табының ішінен қазақ және ағылшын тілдерінде зат есім, сын есім, үстеу сөз таптарының ерекшеліктеріне кеңінен тоқталатын боламыз.

Олжаева Ү.Oh, Klara! Thank you, for your information.English words have been traditionally classified into 8 lexical categories or parts of speech. Then let’s teach them how to use nouns, adjectives, adverbs.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қағазға жазылған сөздерге қарай жұбын табады. Өз жұбымен топқа бөлінеді, топ атын, топ басшысын сайлайды.

 

 

 

 

Оқушылар бейнежазбаны көре отырып, бір сөйлеммен ойларын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

Өздеріне керекті материалдарды жазып алып отырады.

Жаңа тақырып

 

(20 мин)

 

1.Оқушыларға мәнмәтіндер тарату, жұптық жұмыста орындау тапсырылады. Таратылған үлестірме парақшалардан қанша мәнмәтіндерді таба білгендерін тексеріп, осы тапсырманы топтық жұмыста орындау тапсырылады.

1.Оқушылар жұптық, топтық жұмыста мәнмәтіндермен жұмыс істейді.

2. «Танымпаз оқушыны» анықтау. Топқа тақырыпты оқыта отырып, сұрақ тізімін жаздыртады. Кім қанша сұрақ тізімін жазғанына қарай сол топқа ұпай беріледі.Диалог әдісі бойынша   әр топ бір-біріне сұрақ қояды.

Оқушылар тақырыпты оқиды, өздігінен сұрақ тізімін жазады. Топ арасында берілген тапсырманы  талдап, қарсы топқа сұрақ қояды, қойылған сұраққа өздері де жауап береді.

3.Флипчарт таратылады, 3 топтың басшыларын ортаға шақырып, 3  түрлі сөз таптары жазылған (зат есім, сын есім, үстеу) парақша  ұсынылады,таңдау бойынша постер қорғау тапсырылады. «Екі жұлдызша, бір тілектерін» тыңдау.

3.Постер қорғайды. 3 топ мүшелері өздеріне тиесілі тапсырма бойынша жұмыс істейді. «Екі жұлдызша, бір тілектерін» айтады.

4.Сәйкестендіру тапсырмасы бойынша 3 түрлі тақырыптағы тапсырмамен жұмыс істеу тапсырылады, өздері тексереді және сөздердің морфологиялық ерекшеліктерін қатар талдауға дайындалады.

Оқушылар берілген уақыт ішінде тез әрі жылдам, дәл орындауы керек. Тапсырма соңында сағат тілімен өздерін тексереді, талдайды.

5.Сергіту сәті. Оқушыларды ортаға шақырып, «Уақыт шеңбері» стратегиясы бойынша ойын ойнау барысында қазақша-ағылшынша сөздерді айту ұсынылады.

Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы сергіту сәтін жасайды.

Қорытын

дылау

(5 мин)  

7. Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға кезекпен сұрақтарға жауап беру арқылы «Мен және Англия» тақырыбында Қазақстан мен Ұлыбритания елінің картасын құрастыру тапсырмасы беріледі.

Оқушылар дұрыс жауап беру арқылы «Мен және Англия» тақырыбында Қазақстан мен Ұлыбритания елінің картасын құрастырады.

Үйге тапсырмасын  беру

(2 мин) 

Оқушыларға берілген 3 сөз табы бойынша қазақша-ағылшынша 10-10-нан тест құрастыру тапсырылады.

Тест тапсырмаларын құрастырып келеді.

Бағалау

(3 мин) 

Бағдаршам түстері бойынша бағалау.

Топ бағаланады.

Рефлексия

(5 мин )

 

«Мен не үйрендім?», оқушыларға өзіндік ой-пікірін жапсырмаға жаздырту, оқыту.

Өзіндік ой-пікірімен бөліседі.

11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау  

Алматы қаласы Алмалы ауданы

М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бертілеуова Клара Әлібекқызы мен ағылшын пәні мұғалімі Олжаева Үміт Тұрсынқұлқызы

(Жалпы 573 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминдер мен ұғымдар
Терминология-лық анықтамалық
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[1] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[2] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[3] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер