2015 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы «Алаш аманаты және тәуелсіздік мұраты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Шараның мақсаты – қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру үшін күрескен Алаш қайраткерлерінің өнегелі өмірі, күресі және шығармашылығын насихаттау. Сонымен қатар Алаш қозғалысының тарихи тағылымын және рухани дәстүрлерін қазіргі тәуелсіздік құндылықтарымен сабақтастыра көрсету. Сөйтіп, ұрпақтар арасындағы жалғастықтың арнасына зерделеу жүргізу.
Алаш және Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелде Парламент Мәжілісінің депутаты Оразгүл Асанғазы,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры,
ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Дихан Қамзабекұлы, «Ақжол» ҚДП орталық кеңесінің хатшысы Сәбит Байдалы және Алаштанушы ғалымдар,
БАҚ өкілдері қатысты.
Өтетін орны: «Асылтау» бизнес орталығы, Алматы көшесі №1
Басталуы: 15 желтоқсан, сағат – 11.00







Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.