|
Тақырыбы: |
Қарсы мәндес сын есім |
||
|
Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары |
1.Қарсы мәндес сын есімнің негізгі белгілерін меңгереді. 2.Қарсы мәндес сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игере отырып, сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөледі. Сөйлеу дағдысы қалыптасады |
||
|
Оқып-үйренудің нәтижесі |
Сын есімнің негізгі белгілерін ажыратып,қарсы мәндес сын есімдерді таба алады. 7-9-жаттығу (С), 10-12-жаттығу (В), 13-15-жаттығу (А) бойынша жұмыс жасай алады. |
||
|
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер |
Топтық жұмыс, «Таразы», тест, ой шақыру, ой қозғау, кері байланыс, |
||
|
Оқушылардың оқып-үйрену барысын бағалау |
Жұптық, топтық бағалау |
||
|
Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы |
Деңгейлік тапсырмалар |
||
|
Ресурстар |
5 түрлі гүл, үлестірмелі топтама, жапсырма қағаздар, постер, маркер, |
||
|
Негізгі дереккөздер |
|
||
|
|
|||
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақтың мазмұны |
||
|
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
||
|
Кіріспе (3мин) |
5 түсті гүлді таңдау арқылы топқа бөлінеді. Әр топқа таңдаған түстеріне қарай психологиялық мінездеме беріледі. |
Жағымды ахуал туады. Сабақтың сын есімге қатыстылығын біледі. |
|
|
І . БІЛУ (5мин)
|
«Таразы» әдісі арқылы өткен сабақтағы білімдерін таразылау.
Оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстыру:
|
Әр топтан бір оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді. Тест орындайды.
Оқушы өзін-өзі бағалайды Топ қарсы топты бағалайды |
|
|
ІІ. ТҮСІНУ (10мин)
|
1.Сәйкестендіріп,қарсы мәндес сөздер тауып ойнайық! 2.Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелде және оларға қарсы мәндес сын есім тап Ірі,жұқа,қатты,биік 3. 1.Үлкен кісі бастар,кіші кісі қостар. 2.Жақсы бала-қуаныш,жаман бала-өкініш. 3.Қант тәтті болады,бұрыш ащы болады. 4.Жақсы бала ойлағыш,жаман бала тойлағыш.
|
Әр топтан бір оқушы шығып,сәйкестікті табады. 4-топ бір қарсы мәндес сөз табады.
Қасқыр –қорқау,жыртқыш. Түлкі-қу,өтірікші. Қоян-қорқақ,мақтаншақ
Ережемен жұмыс жасап,өз ойын айтады,мысалдар келтіреді
Ірі-ұсақ,жұқа-қалың,қатты-жұмсақ,биік-аласа
Үлкен-кіші,жақсы-жаман,тәтті-ащы. |
|
|
ІІІ. ҚОЛДАНУ (5мин) |
Сергіту. «Психологиялық тест» Берілген сын есімдерді жұптастыру. |
Аласа-биік,қараңғы-жарық, қымбат-арзан,жұқа-қалың,жуан-жіңішке,қою-сұйық,жақын-алыс.
|
|
|
ІҮ. ТАЛДАУ (10мин) |
Жаттығулар орындау. І-топ:8-жаттығу.Өлеңді жатқа жазып,қарсы мәндес сын есімдердің астын сызу. ІІ-топ: 9-жаттығу.Мейірімді,инабатты,жуас сөздерін қатыстырып сөйлем құрап жазу. І- ІҮ-топ:11-жаттығу.Шығармашылық тапсырма: Керікті сипаттау. ІҮ-топ:12-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазып,қарсы мәндес сын есімдерді тауып,астын сызу. |
І топ: 8-жаттығу ; ІІ топ: 9-жаттығу; І- ІҮ- топ:11-жаттығу (Керікті сурет салу,көрініс,шағын мәтін арқылы сипаттап береді) ІҮ-топ:12-жаттығу бойынша жұмыс жасай алады. |
|
|
Ү.ЖИНАҚТАУ(5мин) |
Ребусты шешу арқылы сын есім ақылын тыңдау |
||
|
VІ. БАҒАЛАУ (5мин) |
Кеше,бүгін,ертең… Оқушы пікірін тыңдау |
1.Жапсырма қағаздар арқылы рефлексия жасалады.
2.Әр топ бағалау парағы бойынша қорытынды бағаларын шығарады.
3.Оқушы өзін-өзі бағалау парағына бүгінгі тапсырманы қай деңгейде меңгергенін көрсетеді. |
|
|
(2мин) |
Үйге тапсырма беру
|
Қарсы мәндес 5 сын есім жазып,сөйлем құрайды |
|
Алматы облысы Талғар ауданы №33 орта мектеп
Мұғалім Есбосынова Ботагөз Қожаққызы










Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.