Есім сөздердің орнына қолданылатын есімдік деп атаймыз.
Есімдік түрлері:
құрамына қарай:
Дара (простое – один корень)
Мысалы: мен, сен, ол.
Күрделі (сложное – несколько корней)
Мысалы: бірнеше, кейбіреу, қай-қайсысы.
тұлғасына қарай:
Негізгі (непроизводное – нет суффикса)
Мысалы: бұл, міне.
Туынды(производное – есть суффикс)
Мысалы: біреу, мынау, барлық.
мағынасына қарай:
Жіктеу (личное)
Мысалы: мен, сен, сіз, ол, олар, біз.
Сілтеу (указательное)
Мысалы: бұл, сол, мынау, осы, міне, анау.
Сұрау (вопросительное)
Мысалы: кім? не? неше? қай? қалай? қашан?
Өздік (возвратное)
Мысалы: өз, өзім, өзі.
Белгісіздік (неопределенное)
Мысалы: кейбіреу, әлдеқайда, әлдеқандай, әрқалай.
Болымсыздық (отрицательное)
Мысалы: ешкім, ешқашан, ешқайда, ешқандай.
Жалпылау (определительное)
Мысалы: бәрі, бүкіл, барлық, бүтін, түгел.








Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.