Ұзақ жылдар бойы араласып, біте қайнасып, туыстай болып кеткен құрбысы Айымкүлдің ауылдағы тетелес сіңлісінің атына Сәлима сырттай қанық. Әуелі оның ерекше есімі елең еткізген – Арайлы екен. Айымкүлдің әңгімелерін тыңдай жүріп, Арайлының аты аталғанда көз алдына жан дүниесі тап-таза, жүрегі шуаққа толы көрікті қызды елестететін болды. Таяуда құрбысының ұлы үйленгенде сыртынан атына қанық болған сол Арайлы сонау Қызылордадан келіп, көп қолғабыс жасады. Арайлы десе дегендей екен – неше күн қарбаласта оның қабақ шытып, ренжігенін, әлдекімге дауыс көтергенін немесе қызметін міндетсініп, бұлданғанын көрмеді. Келген кісілерді биязы күлімсіреп күтіп алып, қошеметтеп шығарып салып жүргені. Әр ісіне мұқият, тындырымды, қай шаруаны болмасын ұршықтай үйіретін Арайлыға сүйсінбеген адам кемде-кем. «Мынадай жанашыр сіңлісі бар Айымкүл не деген бақытты» деп бұл да құрбысына қызыққан. Толығырақ →
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| « Шлд | ||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||
