Дүмпілдек – балалардың ойыны, 7-8 жасынан тартып 20 жасқа келгенше ойнайды. Еркекбалалар мен қыздар араласып ойнай береді. Көбінше түн ішінде ай жарықта ойналады.Жылдың төрт мезгілінің қайсы кезінде болса да ойнала береді. Артықша жазды күні болады. Күн жылы болса, қораның шетінде балалар жиылады да, -а- деп дүмпілдек ойнағанға кіріседі. Ойынның тәртібі мынадай болады: ойнағандар көп болса 14, аз болса 4 адам болуға тиіс. Онан көбі көп болып кетеді, азы аздық қылады. Екі жақ болып бөлініп, екі жағы да өздеріне басшы сайлайды, бір тарабы жерге шапандарын, тондарын дегендей шәмкеніп тізіліп үймектеп жатады.… Толығырақ
Петербордан жоғары Архангельский деген губерне бар. Соның көп жері сазды болып, шөп шықпайды, мүк шығады. Онда самоиед деген жұрттың күн көретіні бұғының бір түрлі тұқымы. Ол бұғының мүйізі тармақ-тармақ, жалпақ болады. Үлкендігі тайдай, жүні қара бурыл, жасаған сайын ағара-ағара, ақырында ақ боз болып кетеді. Еркегі жыл сайын мүйізін тастайды. Ұрғашысының да мүйізі болады, бірақ еркегінікінен кішірек. Баласын отыз жұмадай көтеріп, май айының ортасында табады. Оттайтұғыны манағы мүк. Бүғының қол тумасы да болады. Ондағы жұрт сүтін ішіп, етін жеп, терісін киіп және терісінен үйлерін… Толығырақ