Б.С.Жонкешов А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты
Тәуесіздік жылдары қазақ терминологиясын жаңғырту мәселесі жиі сөз болып келеді. Тіпті Елбасының «Қазақстан–2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында да мәселе етіп көтерілген: «Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай, бай терминологиялық қорын жасаған соң оны рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық өмірдің бар саласына батыл енгізуіміз керек. …Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу… Толығырақ
Б.С.Жонкешов
«Қошке Кемеңгерұлы ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ терминологиялық қорының қалыптасуына ат салысқан ғалым. Ол 1913 жылы Омбыдағы ауылшаруашылығы училищесінің ауылшаруашылығы бөліміне түсіп, оны 1918 жылы аяқтаған. Одан кейін 1918 жылы Сібір ауылшаруашылық және өндіріс институты ветеринария факультетінің медицина бөліміне оқуға түсіп, оны төртінші курсын бітірген соң 1924 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина факультетіне ауысқан. Ташкентке ауысқанна кейін ол газет-журнал жұмысына араласады, Орта Азия университетінде және Түркістан әскери училищесінде қазақ тілінен сабақ береді. Оның журналист, жазушы ретіндегі қызметі Омбыдағы ауылшаруашылығы училищесіне түскен жылдардағы газет ісіне араласқаннан басталса, тілші ретінде… Толығырақ
Б.С.Жонкешов:
– Терминология мәселесі әрқашан, әр уақытта да өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде 30 томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктегі көптеген терминдер үлкен дауға айналып үлгерді. Жалпы, осы сөздік туралы айта кетсеңіз? – Дұрыс айтасыз, тіл дамуын тоқтатпайынша, терминология мәселесі өзектілігін жоймайды. Себебі жыл өткен сайын ғылым мен техниканың дамуына байланысты соған қатысты ұғымдар мен атаулар да тілімізге еніп жатады. Әр тілде пайда болып, халықаралық дәреже алған сол терминдерді қазақ тіліне қалай игеру, игергенде қазақ тілінің «қара шапанын» жаба отырып қабылдау қазіргі қазақ терминологиясының ең өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Сонымен бірге қазіргі… Толығырақ
Заңнама және ресми іс-қағаздар мәтініндегі терминдер мен атаулардың ұғынықты әрі дұрыс қолданылуына қатысты мәселелер баспасөз беттерінде, тіл мәселесіне байланысты әртүрлі ғылыми-практикалық мәжілістерде жиі айтылып, орынды қозғалып жүр. Қазір тұтастай алғанда ресми тіл лексикасындағы терминдердің қалыптасу, орнығу проблемаларын әр қырынан зерделеу және жүйелеу процестері жүріп жатыр. Міне, осы тұрғыдан келгенде, құқықтық норма шығармашылығы қызметіндегі және бұқаралық баспасөз бен көрнекі жарнама құралдары мәтіндеріндегі тілдік құралымыздың қолданысы төңірегінде ортаға салар кейбір ойлар бар. Толығырақ
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінің сарапшысы, жазушы Кеңес Сіләмханұлы Юсуповтің 1999 жылғы 21 шілде – тамыз айларында Егемен Қазақстан газетінде жарияланған «Сөз алдындағы жауапкершілік» мақаласынан алынды. Толығырақ
Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға оралады. Себебі – қазақтың ұлттық ғылым тілінің, терминологиялық қорының дамып, қалыптасуының тұтастай бір кезеңі ғалым еңбектерімен, оның ғылыми-педагогикалық, ағартушылық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметімен, қайраткерлігімен тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ терминологиясының тарихы, оның даму, қалыптасу кезеңдері туралы сөз қозғағанда Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне жан-жақты тоқталу, оны терең зерттеу өте маңызды. ХХ ғасыр басындағы қазақ терминологиясының дамуы мен Алаш зиялыларының ұлттық ғылым тілін қалыптастырудағы рөлі туралы сөзді Ахмет Байтұрсынұлынан бастайтындығымыздың себептерін нақты тілдік-тарихи деректерге негіздей отырып айта алсақ қана біз ғалым мұрасының қадіріне жетіп, оның озық ойлары мен терминжасам тәжірибесін қажетімізге жарата аламыз. Ол бастаған жолды жалғастырып, ғылым тілін дамытудағы ол қалыптастырған лингвистикалық дәстүрді сабақтастыру мүмкіндігіне ие боламыз. Сол себептен де Ахаң мұрасына аса мұқият қарап, оған әр қырынан үңіліп, жан-жақты зерделеу – қазақ тіл білімінің кешегі тарихы үшін ғана емес, оның алдағы уақыттағы дамуы үшін де қажет іс. Біз ғалымның қазақтың ұлттық терминологиялық қорын қалыптастыруда ұстанған бағыты, қалыптастырған қағидаттары, айтқан ойлары мен терминжасам тәжірибесі төңірегінде ой өрбітпекшіміз. Толығырақ