Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Терминология

Терминдер (Көлік және қатынас жолдары)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясына бекітуге ұсынылатын материалдарды (терминдерді, сөз тіркестерін) ресімдеу кестесі Толығырақ

Қазақ терминдерін біріздендіру жолдары

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Терминология Комиссиясы терминдерді біріздендіру үшін жыл сайын төрт отырыс өткізеді. Әр отырыста комиссия 200-1000 (орта есеппен 600) термин сөзді талқылап, бекітеді. Сонда жылына төрт отырыста шамамен 2400 термин сөз бекітіледі екен. Толығырақ

Жұлдыз есебіне негізделген күнқайыру

Бұрынғы қазақ қоғамында уақытты жұлдыздар бойынша есептеудің жүйесі болған. Әлі күнге дейін бұл уақыт есебі тоғыс есебі деп аталады. Әлемнің басқа елдерінде кездеспейтін бұл жүйеде уақыт Ай мен Үркер жұлдыз шоғырының әрбір 28 күнде бір «тоғысып» отыруы бойынша анықталады.

Көне дәуірлерден келе жатқан тоғыс жүйесінде есепшілердің Үркер жұлдыз шоғырын таңдап алуының себебі болуға тиіс. Толығырақ

Қаһармандарды суреттеу ұстанымдары

Зұфар Сейітжанов, филология ғылымдарының докторы, профессор

Ақын, жыршылар батыр бейнеленетін (кейде жауларында) кескіндеп суреттегенде оларды белгілі бір қалыпқа келтіреді. Көбіне батырларды бір тұрғыдан суреттейді. Сөйтіп батырлардың даралық қасиеттерінен гөрі көркемдік жинақтау арқылы жасалатын жалпылау сипаты басым болады. Батыр бейнесін «типтік» сипатқа келтіру үшін әр түрлі әдіс-тәсілмен көркемдеу құралдары пайдаланылады. Соның бірі – теңеу. Басқаша айтқанда, эпикалық образ жасауда теңеу ерекше мәнге ие. Алайда, көркемдеу құралдар жайдан жай туа салмайды, халық өмірімен тығыз байланыста болады. Белгілі бір дәуірдің түсінігі мен эстетикалық талап-талғамына сай жасалады. «Айтушы мен тыңдаушылар баяндалып отырған оқиғалар мен батырлардың іс-әрекетін ашық және тура бағалайтындығына сай көркемдеп бейнелеу құралдары пайда болады. Сөйтіп қай батырды болмасын, қай сұлу қызды болмасын «универсалды» эпитеттер, теңеулер, формулалық сипаттаулар пайда болады»[1]. Толығырақ

Терминологиялық институт ашу қажеттілігі күн тәртібіне айналды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, 2015 жылғы 15 маусым күні Астана қаласы «Жұмбақтас» қонақ үйінде «Медициналық терминдерді біріздендірудің нормативтік-лингвистикалық негіздері» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді. Толығырақ

«Медициналық терминдерді біріздендірудің нормативтік-лингвистикалық негіздері» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, 2015 жылғы 12 маусымда «Медициналық терминдерді біріздендірудің нормативтік-лингвистикалық негіздері» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді. Толығырақ

Кірме сөзге кіріптарлық тіл көсегесін көгертпейді

Тілімізге кірме сөздерді қабылдау мен қолдану, оларды орфографиялық нормаларымызға сәйкес жазу мәселесі бір ғасыр бойы күн тәртібінен түспей келеді. ХХ ғасыр басында ардақты Ахаң (Байтұрсынұлы) «Жат сөздерді басқалар, мәселен, орыстар өз тілінің заңына үйлестіріп алғанда, солай алуға біздің де қақымыз бар» десе, алаш ардақтысы Халел Досмұхамедұлы «Тілге кірген жат сөздер де сіңу үшін, тілге «өзілік» болуы үшін сол тілдің заңымен өзгеріп, танымастай халге келуі керек. Толығырақ

Өз тіліміздегі өсімдік атауларын білеміз бе?

Ботаник ғалымдарымыздың есептеулері бойынша, республикамыздың аумағында алты мыңнан астам өсімдік түрі бар делінеді. Оның 760-ы басқа ешбір жерде өспейтіні де дәлеледенген. Демек қазақ жерінде өсетін барлық өсімдіктің қазақша атауы бар деген сөз.

Он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» бар болғаны 768 ғана өсімдік атауы бар. Соның өзінде кейбіреуі жаңсақ жазылып, атаудың толық мағынасын бере алмайды. Демек, қазақ жерінің көптеген өсімдік түрлері басқа ұлттардың, әсіресе, орыстардың атауымен тұрғаны ұлттық намысымызға сын деп ойлаймын.Аталған түсіндірме сөздікте 67 мың сөз тіркелген екен. Оған басқа жақтан іздемей-ақ өзімізде өсетін өсімдіктердің атауын қоссақ, сөз қорымыз… Толығырақ

Қазақтың сөзімен аталатын нан бар ма?

Күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде көп қолданатын сөзіміздің бірі – нан. Дегенмен осы уақытқа дейін дүкенге барып «маған бір бөлке нан беріңізші, немесе «тандыр нан, таба нан бар ма?» – деп сұрап тұрған адам баласын кездестірмедік. Сол баяғы үйреніп қалған «булка, лепешка, батон, ржаной» сынды орыс сөздерінен құтыла алмай келеміз. Қазір дүкенге барсаң нан көп. Түр-түрі толып тұр. Ал енді атауларына қараңызшы, міне, былай дейді: Бородинский черный хлеб, семиречинский, грузинский, южный, столичный, хала, лепешка, ромашка, рулетка, домашний, мраморный деп тағысын тағылар тізіліп кете береді. Дәл бір Ресей жағында жүргендейсің. Сары бидайға толы астықты… Толығырақ

Жаңа өнімдер
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминология-лық анықтамалық
Терминдер мен ұғымдар
Мекемтас Мырзахметұлы
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[1] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер