| № |
орыс тілінде |
қазақ тілінде |
терминнің анықтамасы (дефинициясы), түпнұсқалық жазылуы мен түпнұсқалық тілде беретін мағыналары |
||
|
Терминдер (инновация, индустрия саласы бойынша) |
|||||
|
1 |
база данных |
дерекқор |
ақпараттық технология саласына қатысты атау, электронды есептеу мәшинесінің көмегімен анықталып, өңделетін жүйелі деректер жиынтығы |
||
|
2 |
ниша |
тауаша |
индустрия саласының термині, «ниша» сөзінің француз тіліндегі (niche) мағынасы — «қуыс», «тереңдік»). «Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде» «тауаша» сөзінің мағынасы — «ыдыс-аяқ қою үшін үйдің қабырғасынан ойып жасалған орын» деп берілген. Бұл сөз «ниша» сөзінің баламасы бола алады. |
||
|
3 |
экономические реалии |
экономикалық болмыстар |
индустрия саласының термині, «реалий» латын тіліндегі мағынасы – «нақты», «заттық». Бұл сөз негізінен заттар мен құбылыстарға, мәдени концептілерге, жекелеген сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты қолданылады. Алайда қазақ тілінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес көптік жалғауы жинақтық ұғымды білдіретін, көптік мәнді сөздерге, дерексіз зат есімдерге жалғана бермейді. Сондықтан «экономические реалии» тіркесінің баламасы «экономикалық болмыс» түрінде берген дұрыс. |
||
|
4 |
фокусирование |
бағытталған |
инновация термині, «фокусирование» сөзі қазақ тілінде мәнмәтінге қарай 1. «шоғырланған», «жинақталған», 2. «бағытталған» түрінде аударылады. Сондықтан «фокусирование» сөзінің баламасын беруде көпмағыналылығын ескеру қажет. |
||
|
5 |
целенаправленная работа |
мақсатты жұмыс |
инновация термині көпшілік қолданысында да жалпылық сипат алған, «белгілі бір мақсатты көздеген, белгілі бір мүдде жолындағы іс-әрекет жиынтығы» мәнінде қолданылады. Терминге қойылатын талаптарға сәйкес қысқа да нұсқа болуы үшін «целенаправленная работа» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын «мақсатты жұмыс» деп алуға болады. |
||
|
6 |
коммерциализация технологий |
технология ды коммерцияландыру |
инновация термині, технологияны экономикалық тұрғыдан тиімді етіп, қандай да бір пайда түсіру мақсатында пайдалану. Қазақ тілінде «технология» сөзі жинақтық ұғымды білдіретіндіктен, оны жекеше тұлғада қолданған дұрыс. Сондықтан «технология ды коммерцияландыру» тіркесін «технологияны коммерцияландыру» түрінде берген дұрыс деп ойлаймыз. |
||
|
7 |
технологическое прогнозирование |
технологиялық болжау |
инновация термині, «өндірістің болашақтағы дамуын, шығын мен түсімдерді ескере отырып, технологиялық үдерістердегі өзгерістерді алдын ала болжау» мәнінде жұмсалады. «Технологическое прогнозирование» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «технологиялық болжау» атауын алуға болады. |
||
|
8 |
производственная цепочка |
өндірістік тізбек |
индустрия саласының термині, бірізділікпен, қатар-қатар орналасқан жиынтық |
||
|
9 |
критические технологий |
сындарлы технология |
инновация термині. «Критические технологии» тіркесі «әлеуметтік-экономикалық мәні бар, мемлекет қауіпсіздігі үшін ерекше маңызды технология» дегенді білдіреді. Қазақ тілінде «технология» сөзі жинақтық ұғымды білдіретіндіктен, оны жекеше тұлғада қолданған дұрыс. Сондықтан «сындарлы технология » тіркесін «сындарлы технология» түрінде берген дұрыс. |
||
|
10 |
масштабность |
ауқымдылық |
инновация термині. Елеулі кең көлемді қамтыған, ауқымды кеңістікке қатысты қолданылатын атау |
||
|
11 |
техническое перевооружение |
техникалық қайта жарақтандыру |
инновация термині, қоғам дамуына сәйкес өндірістің техникалық,экономикалық деңгейін арттыру мақсатында ескі құрал-жабдықтың орнына жаңа техникалармен жабдықтап, озық технологиямен қамтамасыз ету |
||
|
12 |
динамика |
серпін |
инновация термині, «динамика» сөзі грек тілінде «күш, қуат, жылдамдық» дегенді білдіреді. Қазіргі кезде «динамика» сөзі белгілі бір құбылыстың қандай да бір фактордың ықпалымен өзгеру, даму деңгейі. Соған сәйкес қазақ тіліндегі баламасы ретінде «серпін», «қарқын» сөздері қолданылып жүр. |
||
|
13 |
уязвимость |
осалдылық |
инновация термині, бұл күнде көпшілік қолданыстағы сөз «бір нәрсенің осал тұсы, әлжуаз жері, кемшілік» деген мәнде жұмсалады. |
||
|
14 |
расхождение |
айырмашылық |
инновация термині, «расхождение» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы – айырмашылық, алшақтық, өзгешелік, сәйкес келмеу |
||
|
15 |
реагирование |
ден қою |
инновация термині, «реагирование» сөзі әу баста латынның «reagere» деген сөзінен шыққан, мағынасы – қарсы келу. Кейін сөз мағынасының кеңеюі нәтижесінде «әсер ету, ықпал ету»; «көңіл бөлу, назар аудару» сияқты мәндерге ие болған. Мәнмәтінге байланысты сөз мағынасы өзгеріп кететіндіктен, қазақ тіліндегі бірнеше баламасын көрсету керек деп білеміз. |
||
|
16 |
автономный кластерный фонд |
дербес кластерлік қор |
инновация термині, ортақ мүддеге бағытталған, бүкіл аймақты қамтыған, сол аймаққа тұтастай ықпал ететін, ұйым |
||
|
17 |
бизнес-инкубирования |
бизнес-инкубациялау |
инновация термині, жаңадан құрылған, қалыптасып келе жатқан шағын кәсіпкерлік субъектілерін өндірістік үй-жай, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингілік және ақпараттық қызмет көрсетіп, қолдау |
||
|
18 |
инновационность |
инновациялық |
инновация термині, латын тілінен енген «innovation» атауының сөзбе-сөз мағынасы – «жаңару бағытында». «Инновационность» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «инновациялық» сөзінен гөрі «жаңартпалық» атауы дәл келіңкірейтін сияқты. Себебі орыс тіліндегі «инновационность» зат есім тұлғасындағы сөз, ал қазақ тіліндегі баламасы сын есім тұлғасында берілген. Мұндай балама кейін аударма жасауда да, мәтінді дұрыс түсінуде де қиындық тудырары сөзсіз. Сол себепті «инновационность» сөзінің баламасы ретінде «жаңартпалық» атауын алған дұрыс деп ойлаймыз. Мағынасы – нарық талаптарына сәйкес өндіріс тиімділігін арттыру, жетілдіру мақсатында енгізілген жаңалық |
||
|
19 |
производительность труда |
еңбек өнімділігі |
индустрия термині, еңбек тиімділігін анықтау үшін қолданылатын өлшем атауы |
||
|
20 |
инновационный грант |
инновациялық грант |
инновация термині, ғылыми-зерттеу жұмыстары, оқу, тәжірибе жүргізуі т.с.с. үшін жеке адамдарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға беріліп, кейін есеп алынатын қаржылай көмек |
||
|
Терминдер (өнеркәсіп салалары: фармацевтика, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, машина жасау және т.б.) бойынша) |
|||||
|
21 |
абсорбент |
сіңіргіш |
техника термині, сіңіргіштік (абсорбция) қасиеті бар заттек |
||
|
22 |
абсолютно |
мүлде, тіпті, әбден, өте |
техника термині, «абсолютно» сөзі қазақ тілінде мәнмәтінге қарай мүлде, тіпті, әбден, өте көмекшілері арқылы беріледі. |
||
|
23 |
абстракты |
өсімдік сүзіндісі |
техника термині, ағылшын тілінен енген abstracts сөзінің орыс тіліндегі мағынасы «растительные экстракты» деп берілген екен, «экстракт» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы «Орысша-қазақша сөздікте» – «сығынды, сірінді» түрінде берілген. «Сүзінді» сөзі «сүзіп алынған», яғни «сүзгіден өткізілген» деген мағынада ұғынылады. Сондықтан «абстракты» сөзінің қазақ тіліндегі баламасын «өсімдік сығындысы» түрінде алған дұрыс деп ойлаймыз. |
||
|
24 |
автолебедка |
автошығыр |
техника термині, жүк тасымалдау мақсатында қолданылатын механизм. |
||
|
25 |
бортовка |
өңір қатырмасы |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин. «Бортовка» сөзінің қазақ тіліндегі баламасын «өңір қатырмасы» тіркесімен, сипаттама ретінде бергеннен гөрі терминология талаптарына сәйкес қысқа да нұсқа бір сөзбен – арқау деген атаумен дұрыс деп есептейміз. «Арқау» сөзінің мағынасы – киім өңірінің астарына салынатын ширақ тоқылған мата. Бұл сөз орыс тіліндегі «бортовка» сөзінің анықтамасымен (дефиниция) сәйкес келеді: Бортовка – плотная полульняная или хлопчатобумажная ткань полотняного переплетения, употребляется при шитье верхней одежды в качестве прокладки, придающей устойчивость её формам (борта, грудь, плечи и т.д.). //Большая советская энциклопедия. — М.: Советская энциклопедия. 1969–1978 |
||
|
26 |
брюки клеш |
кең балақ шалбар |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин. «Клеш» сөзі француз тіліндегі cloche сөзінен шыққан, мағынасы – «қоңырау». Яғни киімнің етегі не балағының кең пішілгенін білдіреді. Сол себепті «брюки клеш» тіркесінің баламасы қазақ тілінде «кең балақ шалбар» деген тіркеске сәйкес келеді. |
||
|
27 |
вал товарный |
тауарлық білік |
техника термині, түрлі механизмдердегі айналып тұратын белдік, білік. |
||
|
28 |
валик подающий |
жеткізуші білікше |
техника термині, екі жақты байланыстырушы, тасымалдаушы жұмыр білік, белдік |
||
|
29 |
водолазка |
мойынжейде |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин. киім атауы, мойынды қапсыра жауып тұратын жұқа киім |
||
|
30 |
гранулированный чугун |
түйіршіктелген шойын |
техника термині, түйіршік түріндегі шойын, түйіршіктелген шойын. Терминнің мейлінше қысқа болғаны дұрыс қой, сол себепті «түйіршіктелген шойын» тіркесі дегеннің орнына «түйіршік шойын» деп алған дұрыс деп есептейміз. |
||
|
31 |
ветошь |
қиынды, қиқым |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин. «Ветошь» сөзінің орыс тілінде бірнеше мағынасы бар: Ветхая, изношенная одежда // Лоскуты старой ткани, отходы текстильного производства. Яғни қазақ тіліндегі баламасы: 1) ескі-құсқы, тозығы жеткен нәрсе; 2) бидай шүберек; 3. Мата қиындысы. Сол себепті «ветошь» сөзінің көпмағыналық сипаты қазақ тілінде де ескерілуі керек деген ойдамыз. |
||
|
32 |
вмятина |
жаншылма |
техника термині, жаншылған, бастырылған, майысқан зат |
||
|
33 |
дооснащение |
толық, жете жарақтандыру |
техника термині, толық жабдықтау, толық қамтамасыз ету |
||
|
34 |
натяжитель |
кергіш |
техника термині, керетін, созатын нәрсе |
||
|
35 |
носки |
ұйық, шұлық, |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин, киім атауы. Қазіргі кезде «чулки» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «шұлық» сөзі қолданылып келеді. Сол себепті «ұйық» сөзін «носки» сөзінің баламасы ретінде ұсынуға болады. Яғни «носки» сөзінің баламасы ретінде бір ғана баламаны («ұйық») ұсынып, «шұлық» сөзін бермей-ақ қоюға болады. |
||
|
36 |
колготки |
колготкы, шұлықдамбал, жұқа шұлық |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин, киім атауы. Әйел адамдардың мықымға дейін созып киетін киімі. |
||
|
37 |
трусы |
түзкиім, келтедамбал, ішкиім, шолақ дамбал |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин, киім атауы. Жалаңаш денеге киілетін киім, дамбал. Қазіргі кезде «трусы» сөзінің қазақша баламасы «ішкиім», «дамбал» түрінде тұрақтанып қалды. Сондықтан бірнеше балама бергеннен гөрі жиі қолданылуына байланысты тұрақтану сипатына қарай «ішкиім», «дамбал» атауларын ұсыну керек деп ойлаймыз. |
||
|
38 |
спад производства |
өндірістің артта қалуы |
техника термині, өндірістің тоқырауы, өндіріс тиімділігінің азаюы. «Спад производства» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын «өндірістің артта қалуы» дегеннен гөрі «өндірістің құлдырауы» деп алған жөн деп ойлаймыз. Себебі өндіріс аз уақыт құлдырап қалуы мүмкін, бірақ ол кезде бірден артта қалып қоймауы да мүмкін. Аз уақыт тиімділігі азайып, тоқырауы мүмкін. Яғни өндірістің артта қалуы – салдар, нәтиже, өндірістің құлдырауы бірден сондай салдарға апармауы да мүмкін. Сондықтан «Спад производства» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын «өндірістің құлдырауы» деп алған дұрыс. |
||
|
39 |
шипы колес |
дөңгелектердің бүртабаны |
техника термині. Қазіргі кезде зерттеушілер арасында варианттарды термин мағынасын нақтылау мақсатында жұмсау үшін «дөңгелек» сөзін «круглый», «шеңбер» атауы сияқты геометриялық атау ретінде қолданып, көліктің дөңгелегіне қатысты «доңғалақ» сөзін пайдалану туралы ұсыныстар айтылып жүр. Әрі «доңғалақ» сөзі жалпылық ұғымда қолданылады. Сондықтан орыс тілінің үлгісімен көптік тұлғасында қолдану міндетті еместігін ескере отырып, «шипы колес» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын «доңғалақтың бүртабаны» деп алған дұрыс болады деп ойлаймыз. |
||
|
40 |
подрез |
тілікше |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин. Бір нәрсені (тері, былғары т.с.с.) қажетіне қарай тілу арқылы кесіп алынған бөлік. |
||
|
41 |
пряжа |
иірімжіп |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин. Тоқыма үшін пайдаланылатын иірілген жіп. |
||
|
42 |
пряжа трощеная |
қосарланған иірімжіп |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин. «Трощеная пряжа» тіркесі «өзара байланыспаған, бекітілмеген, сабақтаспаған екі немесе бірнеше жіп» дегенді білдіреді. Тіркестің баламасы ретінде берілген «қосарланған иірімжіп» атауындағы «қосарланған» сөзінің орнына «қатарласқан» деген сөзді қолданған дұрыс деп ойлаймыз. Себебі «қосарланған» сөзі екі нәрсеге қатысты қолданылады, алайда мұнда жіптің екеу болуы міндетті емес, одан көп болуы да мүмкін. Сондықтан өзара байланыспаған, сабақтаспаған жіптерге қатысты «қатарласқан» деген сөзді қолданған жөн. Сонда «пряжа трощеная» тіркесінің баламасын «қосарланған иірімжіп» деп алу керек. |
||
|
43 |
пряжа рыхлая |
босаң иірімжіп |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин. Тығыз, қатты емес, бос иірілген жіп. «Босаң» сөзі адамның мінезіне, болмысына қатысты қолданылғанмен, жіпке қатысты қолданылмайды. Алайда «пряжа рыхлаяә тіркесінің орнына «бос жіп» деп алуға да келмейді. Себебі ондай жағдайда ол «пайдаланылмаған, бос тұрған» деген мағынаны білдіріп кетеді. Сондықтан «пряжа рыхлая» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы «бос иірілген жіп» түрінде болғаны дұрыс деп есептейміз. Сонда тіркестің мағынасы дәл де түсінікті болады. |
||
|
44 |
парусина джутовая |
кендір кенеп |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин. Өте тығыз, төзімді, кенептен, кендірден тоқылған қалың мата |
||
|
45 |
подгузники |
жөргектер, кішкене жаялықша |
сәбилер мен бүлдіршіндердің (кейде науқас үлкен кісілердің де) дәретін сыртқа шығармау үшін кигізіп қоятын төсеніш. Қазіргі кезде «подгузник» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы «жөргек» түрінде тұрақтанып қалды. Сондықтан «кішкене жаялықша» түріндегі сипаттама баламаны келтірудің қажеті жоқ деп ойлаймыз. Себебі оны науқасқа ұшыраған үлкен кісілер үшін де қолданады. Сондықтан оның кішкене болуы міндетті емес. Әрі жаялық сөзінің өзіндік мағынасы, өзіндік қолданысы бар. Сондықтан «подгузник» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде осы күнде біршама тұрақтанып қалған «жөргек» сөзін қолданған дұрыс. Қазақ тілінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес оған көптік қосымшасын жалғаудың қажеті жоқ. |
||
|
46 |
медицинское назначение |
медициналық мақсат |
медицина термині, «медицинское назначение» атауы науқасқа диагноз қою, емдеу, сауықтыру үшін берілетін нұсқаулар. Сондықтан «медициналық мақсат» түріндегі калька арқылы жасалған тіркес бұл атаудың мағынасын толық ашып бере алмайды. «Медицинское назначение» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «дәрігердің ұсынысы», «дәрігердің нұсқауы» деп алған дұрыс болады деп ойлаймыз. |
||
|
47 |
медикаменты |
медикаменттер |
медицина термині, «медикаменты» сөзі қазақ тілінде емдеу мақсатында қолданылатын дәрілердің жалпы атауы. Қазақ тілінде ол үшін «дәрі-дәрмек» деген атау бар. Сол себепті тілімізде «медикаменты» сөзінің баламасы болғандықтан, «медикаменттер» түріндегі атаудың қажеті жоқ деп есептейміз. «Дәрі-дәрмек» сөзі көптік жалғаусыз да жинақтық ұғымды білдіретіндіктен, оны жекеше тұлғада беріп, «дәрі-дәрмек» түрінде «медикаменты» сөзінің баламасы ретінде қолдануға болады. |
||
|
48 |
листовое стекло |
табақ шыны |
техника термині, әйнек өнеркәсібінің негізгі өнімдерінің бірі, әйнек түрі, натрий, кальция, силикат қосылған мөлдір дене. |
||
|
49 |
мелкосортный прокатный стан |
ұсақ сұрыпты илемді орнақ |
техника термині, ұсақ сұрыпты илемдейтін орнақ. «Мелкосортный прокатный стан» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «ұсақ сұрыпты илемді орнақ» дегеннің орнына «ұсақ сұрыпты илемдеу орнағы» деп берсе, терминнің мағынасы нақтылана түсетін тәрізді. Себебі қазақ тілінде -ды/-ді қосымшасы бір нәрсенің бар екенін, мол екенін (сулы, малды т.с.с.) білдіретін қосымша. Бұл жерде «прокатный» сөзі «илемі бар» деген мәнде емес, «илемдейтін, илемдеу үшін қолданылатын» деген мәнде жұмсалып тұр. Оның үстіне «Орысша-қазақша сөздікте» «листопрокатный стан» тіркесінің баламасы «қаңылтыр илемдеу орнағы» түрінде берілген. Сол себепті бірізділік сақтау, сөз мағынасын нақтылау мақсатында «ұсақ сұрыпты илемдеу орнағы» деп берген дұрыс деп ойлаймыз. |
||
|
50 |
ярлык |
таңба, белгі |
техника термині, тауар туралы ақпарат (салмағы, көлемі, құны, өндірушісі, дайындалған мерзімі, жарамдылық мерзімі т.с.с.) көрсетілген, тауарға жапсырылатын қағаз, тауарға қойылатын белгі |
||
|
51 |
установка очистки электролита |
электролитті тазарту қондырғысы |
техника термині, электролитті электрлі-химиялық өңдеу кезінде пайда болған қоқыстан тазартуға арналған қондырғы |
||
|
52 |
установка по откатке шлаковых котлов |
қож қазандықтарын тасымалдау қондырғысы |
техника термині, кеннен металл қорытқаннан кейін я таскөмір сияқты отынды жаққаннан кейін қалатын қалдық қазандықтарын тасымалдауға арналған қондырғы |
||
|
53 |
фильтрат |
сүзгі құрал |
техника термині, «фильтрат» сөзі «сүзгіден өткізілген, тазартылған сұйықтық» дегенді білдіреід. Сол себепті қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылып отырған «сүзгі құрал» атауы ол сөздің («фильтрат») мағынасын бере алмайды. Сондықтан «Орысша-қазақша сөздікте» келтірілген «сусүзбе» деген атауды тұрақтандырған дұрыс деп есептейміз. |
||
|
54 |
фильтр-пресс «Андритц» |
«Андритц» сүзгі-баспағы |
техника термині, сұйықтықты сүзіп, нығыздауға арналған арнайы қондырғы. «Фильтр-пресс «Андритц» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «Андритц» сүзгі-нығыздаушысы» тіркесін қолданған дұрыс деп есептейміз. |
||
|
55 |
цех электролиза меди |
мыс электролиздеу цехы |
техника термині, электр тогы арқылы химиялық элементтерден мыс айыратын цех |
||
|
56 |
крепь |
бекітпе |
техника термині, тау жыныстарының құлауына жол бермеу, шахта, тоннель, метрополитен үшін пайдаланылатын жасанды құрылыс. Бұл орайда «крепь» сөзінің баламасы ретінде «бекітпе» сөзі сәйкес келмейді. «Бекітпе» сөзі бекіту үшін қолданылатын шағын тетік. Сол себепті крепь» сөзінің баламасы ретінде «тіреу» сөзін қолданған дұрыс деп ойлаймыз. |
||
|
57 |
валовая добавленная стоимость |
жалпы қосымша құн |
қаржы-экономикалық термин, тауар шығару мен аралық тұтыну арасындағы айырма |
||
|
58 |
высокая добавленная стоимость |
жоғары қосылған құн |
қаржы-экономикалық термин, қосылған құн; қосылма құн |
||
|
59 |
дооснащение |
толық, жете жарақтандыру |
техника термині, толық жабдықтау, толық қамтамасыз ету |
||
|
60 |
древесина |
сүрек |
техника термині, ағаштың қабық астындағы қатты бөлігі |
||
|
61 |
изделие |
бұйым |
техника термині, нәрсе, зат |
||
|
62 |
неисчерпаемые ресурсы |
сарқылмас ресурстар |
техника термині, Күн көзі, жел энергиясы, су энергиясы т.с.с. табиғаттың сарқылмас қоры, қоршаған ортадағы өзгермейтін қор |
||
|
63 |
чулки |
шұлық |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин, киім атауы, әйел адамдардың тізесіне дейін тартып киетін киімі |
||
|
64 |
чулочный |
шұлықтық, шұлық |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин, шұлыққа қатысты, шұлыққа тән |
||
|
65 |
шаблон |
шаблон, қалып |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин, көп бұйымды бір-бірінен бұлжытпай, айнытпай жасау үшін дайындалған үлгі немесе қалып |
||
|
66 |
ширина борта |
өңір ені |
жеңіл өнеркәсіпке қатысты термин, киімнің қаусырылатын өңірінің ені |
||
|
Терминдер (геология және жер қойнауын пайдалану саласы бойынша) |
|||||
|
67 |
полевые работы |
дала жұмыстары |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, на қатысты термин, алғашқы мәлімет жинау жұмыстары жүргізілетін, зертханасыз, ашық жер |
||
|
68 |
выработка |
қазба |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, на қатысты термин, Жер қойнауында немесе оның бетінде кен жұмыстарын жүргізу нәтижесінде пайда болатын кен құрылысы |
||
|
69 |
выемочные единицы |
қазбалау бірліктері |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, на қатысты термин, біркелкі геологиялық шартжағдайлары бар пайдалы қазбалар кенорнының өлшем бірлігі |
||
|
70 |
горная масса |
тау-кен массасы |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, на қатысты термин, тау жыныстарының ұсақталған бөлігі |
||
|
71 |
полевой штрек |
алаптық қуақаз |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, на қатысты термин, руда мен көмір кенорындарын жерасты өңдеуде қолданылатын көлденең қазылған кенорны |
||
|
72 |
рудоспуск |
кенқұдық |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, на қатысты термин, кенді жинақтауға арналған жер астындағы жасанды аймақ |
||
|
73 |
целик |
кентірек |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, на қатысты термин, кенорнын өңдеген кезде әлі де қол тимеген пайдалы қазбаның бөлігі |
||
|
74 |
отложения |
түзілім |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, геологиялық қабат; геологиялық шөгінділер |
||
|
75 |
горный склон |
тау беткейі |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, Жер бетіндегі және су астындағы табиғи объектілерде (тау, төбе, жота, ойыс, кемер, қия) экзогендік (сыртқы) және эндогендік (ішкі) процестер нәтижесінде қалыптасатын еңіс бет. |
||
|
76 |
недр |
жер қойнауы |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, жер астындағы байлық; жер астындағы кен |
||
|
77 |
недропользования |
жер қойнауын пайдалану |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, жер астындағы кенді пайдалану |
||
|
78 |
недропользователи |
жер қойнауын пайдаланушылар |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, жер астындағы кенді пайдаланушылар |
||
|
79 |
сейсморазведочные работы |
сейсмикалық барлау жұмыстары |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, Жердің құрылысын тереңдете зерттеп, пайдалы қазбаларды табуға бағытталған зерттеу жұмыстары |
||
|
80 |
геологическое доизучение |
геологиялық жете зерттеу |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, геологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын тыңғылықты түрде жүргізу |
||
|
81 |
геологоразведочные работы |
геологиялық барлау жұмыстары |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, пайдалы қазбалар кенорнын тауып, игеру мақсатымен жүргізілетін геологиялық т.б. жұмыстар кешені |
||
|
82 |
геологосъемка |
геологиялық түсірілім |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, пайдалы қазбалар кенорнын тауып, игеру мақсатымен кенорындарын суретке түсіру |
||
|
83 |
рациональное использование недр |
жер қойнауын тиімді пайдалану |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, жер астындағы кенді тиімді пайдалану |
||
|
84 |
горно-металлургический комплекс |
тау-кен-металлургиялық кешен |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, «горно-металлургический комплекс» тіркесін қазақ тілінде «тау-кен-металлургия кешені» түрінде берген дұрыс деп есептейміз. Себебі орыс тіліндегі сын есімдер қазақ тілінде тәуелдік жалғауы, зат есімнің алдынан келген зат есінің анықтауыштық қызметте қолданылуы арқылы беріледі. Мәселен, медицинский университет қазақ тілінде медицина университеті түрінде беріледі т.с.с. Сондықтан «горно-металлургический комплекс» тіркесін «тау-кен-металлургиялық кешен» дегеннен гөрі «тау-кен-металлургия кешені» деп берген дұрыс. |
||
|
85 |
предел |
шек |
техника термині, бір нәрсенің шегі, шеті |
||
|
86 |
технологически неизбежное сжигание газа |
газды еріксіз жағу |
техника термині, операцияларды газ жақпай орындау мүмкін болмағандықтан, газ өңдеу технологиялық үдерісінде газды жағу |
||
|
87 |
нормированные потери |
нормаланған ысырап |
техника термині, белгілі бір шектен аспаған, нормаға сәйкес жасалған шығын. Қазақ тілінде «ысырап» сөзі жағымсыз мәнде жұмсалады, яғни ол «қаржыны т.с.с. шектен тыс көп қолдану, бейберекет пайдалану» дегенді білдіреді. Яғни ол нормаға келмейтін, нормадан асып кеткен шығын. Сондықтан «нормированные потери» тіркесінің баламасы ретінде «нормаланған ысырап» тіркесін алуға келмейді. Сол себепті ол тіркестің баламасын «жоспарланған шығасы» деп алуға болатын сияқты. Оның үстіне «Орысша-қазақша сөздікте» «непланируемые потери» тіркесі « жоспар-ланбайтын шығасы» деп алынған екен. ендеше, сол ұстанымды «нормированные потери» тіркесіне де пайдалануға болады деп ойлаймыз. |
||
|
88 |
безопасное недропользование |
жер қойнауын қауіпсіз пайдалану |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, жер қойнауын пайдалануға байланысты операцияларды жүргізген кезде экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау |
||
|
89 |
концентрация прав |
құқықтарды шоғырландыру |
құқық саласының термині, түрлі субъектілердің, түрлі топ мүшелерінің ортақ мүдде жолында бір орталыққа шоғырлануы |
||
|
90 |
коммерческое обнаружение |
коммерциялық табу |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, келісімшарттп көрсетілген аумақты барлау нәтижесінде коммерциялық мүддеге сәйкес мемлекеттік сараптама растаған бір не бірнеше кен орнын табу. «Коммерциялық табу» тіркесі калька жолымен аударылғандықтан, бұл бағыттағы терминологиялық ізденістерді жандандыра түсу қажет деп ойлаймыз. |
||
|
91 |
горный отвод |
тау-кендік бөлу |
геологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты термин, пайдалы қазбаларды өңдеу мақсатымен кәсіпорынға пайдалануға ұсынылатын жер қойнауының бір бөлігі |
||
|
Терминдер (туризм саласы бойынша) |
|||||
|
92 |
туристический имидж |
туристік имидж |
туризм саласының термині, еліміздегі туристік нысандарды көрсету, насихаттау |
||
|
93 |
выездной туризм |
шығу туризмі |
туризм саласының термині, басқа елдерге баратын туристік сапар |
||
|
94 |
въездной туризм |
келу туризмі |
туризм саласының термині, біздің елге шетелдіктер келетін туристік сапар |
||
|
95 |
туристская организация |
туристік ұйым |
туризм саласының термині, саяхатшыларға қызмет көрсететін ұйым |
||
|
96 |
событийный туризм |
оқиғалы туризм |
туризм саласының термині, спорттық және ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларға бару көзделетін туризм |
||
|
97 |
туристская деятельность |
туристік қызмет |
туризм саласының термині, жеке адамдар мен заңды тұлғаларға туристік қызмет көрсетуге бағытталған кәсіпкерлік қызмет |
||
|
98 |
туристский маршрут |
туристік маршрут |
туризм саласының термині, туриске танымдық, спорттық, эстетикалық т.с.с. маңызы бар нысандар белгіленген географиялық мекендер, түрлі нысандар тізбесі көрсетілген жазба |
||
|
99 |
продвижение туристского продукта |
туристік өнімді ұсыну |
туризм саласының термині, туристік қызмет көрсетуге бағытталған шаралар кешені (жарнама, түрлі көрмелер мен жәрмеңкелер, туристік ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталог, буклет шығарып, тарату) |
||
|
100 |
ночевка |
түнеу |
туризм саласының термині, табиғат аясындағы туристік нысанда түнеп шығу |
||
|
101 |
экскурсионная деятельность |
экскурсиялық қызмет |
туризм саласының термині, елдегі танымдық мәні бар туристік нысандарды аз уақытта аралап шығу ісін ұйымдастыруды мақсат ететін кәсіпкерлік қызмет |
||
|
Терминдер (техникалық реттеу және метрология саласы бойынша) |
|||||
|
102 |
аффилированный |
аффилирленген, үлестес, тазартылған |
«Аффилированный» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «үлестес» сөзін алуға болады. Ал «аффилирленген» сөзі калька жолымен жасалған атау, қазақ тілінің өзіндік ерекшелігіне сай келмейді, сол сияқты «тазартылған» атауы да «аффилированный» сөзінің баламасы бола алмайды. Себебі көпмағыналы сөздер ретінде берілген «үлестес», «тазартылған» сөздерінің ешқандай мағыналық жақындығы жоқ. Сондықтан «аффилированный» сөзінің баламасы ретінде әзірше «үлестес» сөзін ғана алуға болады. |
||
|
103 |
калибровочные лабораторий |
калибрлеу зертханалары |
метрология термині, өлшем құралдарын калибрлейтін құрылымдық бөлімше |
||
|
104 |
метрологическая аттестация |
метрологиялық аттестаттау |
метрология термині, үлгі ретінде алуға жарамдылығын тексеру мақсатында өлшем сипаттамалары мен ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған шаралар кешені |
||
|
105 |
поверочные лабораторий |
салыстырып, тексеретін зертхана |
метрология термині, өлшем құралдарын салыстырып тексеретін құрылымдық бөлімше |
||
|
106 |
подтверждение соответствия |
сәйкестікті растау |
метрология термині, нысанның техникалық регламентке, стандарттар мен шарттарда көрсетілген талаптарға сәйкестiгiн құжатпен (сәйкестiк туралы декларация немесе сәйкестiк сертификаты) мақұлдау |
||
|
107 |
испытательные лабораторий |
сынақ зертханалары |
метрология термині, зерттеулер жүргізіп, сынақтан өткізетін құрылымдық бөлiмше |
||
|
108 |
аффилированный |
аффилирленген, үлестес, тазартылған |
«Аффилированный» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «үлестес» сөзін алуға болады. Ал «аффилирленген» сөзі калька жолымен жасалған атау, қазақ тілінің өзіндік ерекшелігіне сай келмейді, сол сияқты «тазартылған» атауы да «аффилированный» сөзінің баламасы бола алмайды. Себебі көпмағыналы сөздер ретінде берілген «үлестес», «тазартылған» сөздерінің ешқандай мағыналық жақындығы жоқ. Сондықтан «аффилированный» сөзінің баламасы ретінде әзірше «үлестес» сөзін ғана алуға болады. |
||
|
109 |
система каталогизации продукции |
өнімді каталогтау жүйесі |
өнімнің сипаттамасы мен өндірушілер туралы ақпарат көрсетілген тізім. «Система каталогизации продукции» тіркесінің баламасы ретінде берілген «өнімді каталогтау жүйесі» тіркесінің құрамындағы «каталогтау» сөзінің орнына қазақ тілінде жиі қолданылып жүрген әрі «Орысша-қазақша сөздікте» көрсетілген «тізімдеу» сөзін алған дұрыс деп есептейміз. |
||
|
110 |
жизненный цикл продукции |
өнімнің өмірлік циклі |
өнiмге деген қажеттіліктің пайда болуынан бастап, оның жобалануы, жасалуы, өндірілуі, пайдаланылуы, кәдеге жарауы, сақталуы, тасымалдануы, жойылуы т.с.с. қамтылған үдеріс жиынтығы. Қазақ тілінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес «өмір» сөзі адамға ғана қатысты, яғни адамзат мәнді зат есімдерге қатысты қолданылады. Сол себепті өнімге қатысты «өмірлік» деген қолданыс қазақ тілі үшін жат. Осыған байланысты «жизненный цикл продукции» тіркесінің баламасын «өнімнің жарамдылық мерзімі» деп атаған дұрыс болар ма екен деп ойлаймыз. Әлде де қазақ тілінен сәйкес келетін балама іздестіру қажет. |
||
|
111 |
знак соответствия |
сәйкестік белгісі |
сатып алушыларды өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгi расталғаны туралы хабардар ететін белгi |
||
|
112 |
добровольное подтверждение соответствия |
сәйкестікті ерікті растау |
өндіруші не сатушының ұсынысы бойынша жүргiзiлетін, өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң стандартқа, өзге де құжаттардағы талаптарға сәйкестiгiн растайтын рәсiм |
||
|
113 |
гармонизированный стандарт |
үйлестірілген стандарт |
техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететiн стандарт |
||
|
114 |
технический барьер |
техникалық кедергі |
техникалық регламенттер мен стандарттарда қамтылатын талаптардың алуан түрлiлiгi немесе өзгермелiлiгi салдарынан туындайтын кедергi |
||
|
115 |
предприятия-изготовитель |
дайындаушы кәсіпорын |
тапсырысты орындаушы немесе өндіруші ұйым. Қазіргі кезде «изготовитель» сөзінің баламасы қазақ тілінде «өндіруші» түрінде әбден қалыптасты. Сол себепті «предприятие-изготовитель» сөзінің баламасын қазақ тілінде «өндіруші кәсіпорын» деп берілгені дұрыс болады деп ойлаймыз. |
||
|
116 |
область аккредитации |
аккредиттеу саласы |
нысанның нақты талаптарға, стандарттарға сәйкестігін ресми түрде мақұлдау саласы. |
||
|
Терминдер (ақпараттық технология саласы бойынша) |
|||||
|
117 |
абонентская задолженность |
абоненттік берешек |
телекоммуникация саласына қатысты, торапты пайдаланушы абоненттің берешегі |
||
|
118 |
абонентский отдел |
абоненттік бөлім |
телекоммуникация саласына қатысты, жеке абоненттермен, клиенттермен жұмыс істейтін бөлім |
||
|
119 |
абонентская плата |
абоненттік төлем |
телекоммуникация саласына қатысты, абоненттің торапты пайдаланғаны үшін беретін төлемі |
||
|
120 |
абонентская сеть |
абоненттік желі |
телекоммуникация саласына қатысты, тұрғын жайына байланысты абонентке қызмет көрсететін техникалық құрал, қондырғы, кабельдік тораптар жиынтығы |
||
|
121 |
абонентская установка |
абоненттік қондырғы |
телекоммуникация саласына қатысты, келіссөз жүргізуге арналған қондырғы |
||
|
122 |
абонентско-расчетная группа |
абоненттік –есептік топ |
ақпараттық технология саласына қатысты термин, абоненттермен қаржы-есеп айырысатын топ |
||
|
123 |
файл абсолютной загрузки |
абсолют жүктеу файлы |
ақпараттық технология саласына қатысты термин, файл жүктеудің ең қарапайым, бастапқы нұсқасы |
||
|
124 |
автоматизированная система проектирования |
автоматтандырылған жобалау жүйесі |
ақпараттық технология саласына қатысты термин, «автоматизированная система проектирования» тіркесін қазақ тіліндегі баламасы ретінде «жобалаудың автоматтандырылған жүйесі» тіркесін алған жөн деп ойлаймыз. Себебі «автоматтанды-рылған жобалау жүйесі» тіркесі орыс тілінде «система автоматизированного проектирования» түрінде аударылады. |
||
|
125 |
автоматическая телефонная станция |
автоматты телефон стансасы |
телекоммуникация саласына қатысты, автоматтандырылған телефон стансысы. Соңғы (2013) жарық көрген «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне» сәйкес «станция» сөзінің баламасы «стансы» түрінде жазылып жүр. Сондықтан «автоматты телефон стансысы» деп алған дұрыс. |
||
|
126 |
программа автозагрузки |
автожүктеу программасы |
ақпараттық технология саласына қатысты термин, автоматты түрде жүктеуге арналған арналған бағдарлама. Қазіргі кезде «программа» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «бағдарлама» сөзі тұрақтанды. Сол себепті «программа автозагрузки» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын «автожүктеу бағдарламасы» деп алған дұрыс. |
||
|
127 |
автоматическая система контроля |
автоматты бақылау жүйесі |
ақпараттық технология саласына қатысты термин, бақылауды автоматты түрде жүзеге асыратын жүйе. «Автоматическая система контроля» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын «бақылаудың автоматты жүйесі» деп алған дұрыс деп есептейміз. Себебі «автоматты бақылау жүйесі» тіркесін орыс тіліне аударғанда, «система автоматического контроля» түрінде болады. |
||
|
128 |
автоматизированная система управления |
автоматтандырылған басқару жүйесі |
ақпараттық технология саласына қатысты термин, басқарудың автоматтандырылған жүйесі. «Автоматтандырылған басқару жүйесі» тіркесі орыс тіліне «Система автоматизированного управления» түрінде аударылады. «Автоматизированная система управления» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын «Басқарудың автоматтандырылған жүйесі» деп алған дұрыс деп есептейміз. |
||
|
129 |
автоматическое включение |
автоматты түрде қосылу |
ақпараттық технология саласына қатысты термин, техникалық құрал-жабдықтың өздігінен іске қосылуы. |
||
|
130 |
автоматизированная система |
автоматтандырылған жүйе |
ақпараттық технология саласына қатысты термин, автоматты түрде жүзеге асатын жүйе |
||
|
131 |
аварийная обстановка |
апаттық жағдай |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, телекоммуникация құрал-жабдығының істен шығып қалуы. Қазақ тілінде зат есімнің зат есімнің алдынан келіп, анықтауыштық қызмет атқара береді (алтын қасық, қол сағат т.с.с.). Сол себепті «апаттық жағдай» тіркесін «апат жағдайы» деп алуға болады. |
||
|
132 |
автоматизированное рабочее место |
автоматтандырылған жұмыс орны |
ақпараттық технология саласына қатысты термин, түрлі нысан орналасқан, автоматтандырылған электрондық жұмыс орны |
||
|
133 |
модем с автовызовам |
автошақырмалы модем |
ақпараттық технология, байланыс, телекоммуникация салаларына қатысты термин, компьютер желілері жүйесінде цифрлық сигналдарды аналогтық түрге, кейін оны керісінше түрлендіретін модулятор, демодулятор құрылғылары, байланыс, телекоммуникация саласына қатысты |
||
|
134 |
адресная память |
адрестік жад |
ақпараттық технология саласына қатысты термин, деректерді қабылдап, сақтауға, басқаларға таратуға арналған ЭЕМ функционалдық бөлігі |
||
|
135 |
вычисление адреса |
адресті есептеу |
Ақпараттық технология саласына қатысты термин, орнын анықтау. «Вычисление адреса» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын «орнын анықтау» түрінде алған дұрыс деп есептейміз. Себебі бұл жерде «вычисление» сөзі «есептеу, санау» мәнінде емес, «анықтау, табу» мәнінде жұмсалып тұр. Сонымен қатар «адрес» сөзінің қазақ тіліндегі баламасын ақпараттық технология саласына қатысты «орын» деп алуға болады. Сондықтан «вычисление адреса» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын «адресті есептеу» деп алғаннан гөрі «орнын анықтау» деп алған жөн деп ойлаймыз. |
||
|
136 |
информационная линия |
ақпараттық желі |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, ақпарат таратуға арналған компьютерлік желі. |
||
|
137 |
сжатие информации |
ақпаратты сығымдау |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, ақпаратты тез әрі тиімді түрде жеткізу үшін сығымдау |
||
|
138 |
информационный ролик |
ақпараттық аунақша |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, көп шығынды талап етпейтін, алайда ел арасына тез насихатталатын жарнама түрі. «Ролик» сөзінің техникалық термин ретіндегі мәні қазақ тіліне «аунақша» түрінде аударылады. Алайда ақпараттық технология, телекоммуникация термині ретінде «ролик» сөзі мүлде басқа мағынаны білдіреді. Сондықтан «информационный ролик» тіркесін «ақпараттық аунақша» деп аударуға келмейді. |
||
|
139 |
адаптер информационного интерфейса |
ақпараттық интерфейс бейімдеуіші |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, ақпараттық интерфейсті реттеп, бейімдеуге арналған құрылғы |
||
|
140 |
поле информационных разрядов |
ақпараттық разрядтар өрісі |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты. Қазақ тілінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес «разряд» сөзі көптік қосымшасы жалғанбай-ақ жалпылық ұғымда жұмсала береді. Санауға келмейтін атауларға көптік жалғауы қосылмайды. Сол себепті «разряд» сөзін жекеше тұлғада қолданып, тіркесті «ақпараттық разряд өрісі» деп алуға болады. Жалпы алғанда, атауды әлі де нақтылай түсуге болады деп ойлаймыз. |
||
|
141 |
классификатор информационных технологий |
ақпараттық технологиялар сыныптауышы |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты. Соңғы жылдары мектепке қатысты «класс» сөзінің баламасы ретінде «сынып» сөзі қолданылып жүргені мәлім. Алайда сол сөзден өрбіген сөздер орыс немесе шет тілдер үшін бір сөзжасамдық ұяға негізделгенмен, ол қазақ тілінің заңдылықтарына сәйкес келе бермейді. Себебі «класс» сөзі қазақ тілінде омонимдік қатар құрайды, полисемиялық (көпмағыналық) қатары да көп. Соған сәйкес «класс» сөзінің баламасын барлық жерде «сынып» деп ала беруге болмайды. Бұл – қазақ тілінің байлығы, тілінің көркемдігі, қазақтың әр сөзді талғаммен, орнымен, қисынды жүйесімен қолдана білгенінің айғағы. Ендеше, «классификатор информационных технологий» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын «ақпараттық технологиялар сыныптауышы» деп алуға әсте болмайды. Оның орнына «ақпараттық технологияны жіктеуші» деп алуға болатын шығар деп ойлаймыз. |
||
|
142 |
информационная сеть |
ақпараттық тор |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, компьютер құрылғыларының сипаттамасы енгізілген ақпараттық желі. Бұл орайда «сеть» сөзі ақпараттық технологияға қатысты қолданылғандықтан, «тор» дегеннен гөрі «желі» сөзі дәл келеді. Сондықтан «информационная сеть» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «ақпараттық желі» тіркесін алған дұрыс болады деп ойлаймыз. |
||
|
143 |
ссылка вперед |
алға сілтеме |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, «алға» деген жазуы бар тетік. Атаудың баламасын әлі де нақтылай түсу керек, себебі «алға сілтеме» тіркесін «алдыңғы жаққа сілтеме» деп те түсінуге болады. Терминге қойылатын талапқа сәйкес атау сөз екіұшты мәнде жұмсалмауы керек. |
||
|
144 |
исходная информация |
алғашқы ақпарат |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, бастапқы дерек |
||
|
145 |
блок-схема алгоритма |
алгоритм блок-сұлбасы |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, алгоритмнің шартты бейнесі. Қазақ тілінде «сұлба» сөзі «схема» сөзінің баламасы бола алмайды. «Қазақша-орысша сөздікте» сұлба сөзінің баламалары «очертание, силуэт», «контур» түрінде берілген. Ал «Орысша-қазақша сөздікте» «блок-схема» сөзі «топтама-тәсім» түрінде берілген. Ендеше, «блок-схема алгоритма» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын сөздікте берілгшендей, «алгоритмнің топтама-тәсімі» деп қалдырған дұрыс болатын сияқты. |
||
|
146 |
команда алгоритма |
алгоритм пәрмені |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты. «Команда алгоритма» тіркесінің баламасы ретінде берілген «алгоритм пәрмені» тіркесі әлі де ойлануды, осы бағытта ізденуді қажет етеді деп ойлаймыз. Біріншіден, бұл тіркес орыс тілінен калька тәсілімен алынған, екіншіден, «пәрмен» сөзі адамға қатысты қолданылады. Жансыз нәрсеге қатысты қолданылмайды. Сондықтан бұл тіркес қазақ тілінің заңдылықтарына қайшы. |
||
|
147 |
код операции |
амал коды |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, амалдың белгілі бір адамдар ғана білетін коды |
||
|
148 |
последовательность операций |
амалдар тізбегі |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, орындалатын амалдардың реттілігі |
||
|
149 |
генерация операционной системы |
амалдық жүйені тудыру |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, амалдар жүйесін белгілі бір конфигурацияға негіздеп, соның режіміне түсіру. «Генерация операционной системы» тіркесінің баламасы ретінде ұсынылған «амалдық жүйені тудыру» тіркесі әлі де нақтылай түсуді керек етеді. Бұл жерде мәселе амалдар жүйесін тудыруға қатысты емес, амалдар жүйесін белгілі бір конфигурацияға, режімге негіздеуге байланысты. Сол себепті «амалдар жүйесін негіздеу» деп алған жөн болар ма екен деп ойлаймыз. Алайда сала мамандарымен ақылдаса отырып, әлі де нақтылау қажет. |
||
|
150 |
программист-аналитик |
аналитик-программаушы |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, компьютер бағдарламаларын дайындап, сараптайтын маман. «Программист-аналитик» сөзінің баламасы ретінде «аналитик-программаушы» атауы берілген. Сірә, «программалаушы» демекші болған шығар. Бұл балама калька жолымен беріліп, сөздері орыс тіліндегі нұсқамен алынған да қосымшалары ғана өзгертілген. Мұндай баламалар тілімізге орасан зиян келтірері, өз заңдылығымен дамуына нұқсан келтірері сөзсіз. «Программист-аналитик» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «сарапшы-бағдарламашы» сөзін алуға болатын шығар деп ойлаймыз. |
||
|
151 |
аналоговый сигнал |
аналогты дабыл |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, бір нәрсенің даусына ұқсайтын, соған барабар дабыл. «Аналогты» сөзінің орнына «ұқсас» сөзін алуға болады деп ойлаймыз. Сонда «аналоговый сигнал» тіркесінің баламасы – «ұқсас дабыл» болады. |
||
|
152 |
система обработки аналоговых данных |
аналогты деректерді өңдеу жүйесі |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, өзара ұқсас мәліметтерді өңдеу жүйесі. Жоғарыда айтқанымыздай, «аналогты» сөзінің орнына «ұқсас» сөзін алуға болады. Сонда «ұқсас мәліметті өңдеу жүйесі» деп алған дұрыс болады деп ойлаймыз. |
||
|
153 |
фоновая программа |
аялық программа |
Ақпараттық технология саласына қатысты, аялық режімде жұмыс істеуге негізделген бағдарлама. Қазіргі қазақ тілінде «программа» сөзінің баламасы ретінде «бағдарлама» сөзі біршама тұрақталып қалды. 2006-2013 жылдары жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» де «программа» сөзінің баламасы ретінде «бағдарлама» сөзі алынды. Сол себепті терминді тұрақтандыру мақсатында «аялық программа» дегеннің орнына «аялық бағдарлама» деп алу қажет деп ойлаймыз. |
||
|
154 |
доступ по каналу связи |
байланыс арнасы бойынша қолжетім |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, байланысу арқылы қарым-қатынас орнату. «Доступ по каналу связи» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «байланыс арнасы бойынша қолжетім» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Сондықтан мүлде түсініксіз болып шыққан. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет деп ойлаймыз. |
||
|
155 |
блокировать |
бұғаттау, бұғат қою |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, операция орындалып біткенше басқа операцияларға жол бермей, тосқауыл қою |
||
|
156 |
мастер настраиваемых задач |
бапталатын тапсырмалар шебері |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, байланысу арқылы қарым-қатынас орнату. «Мастер настраиваемых задач» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «бапталатын тапсырмалар шебері» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Сондықтан мүлде түсініксіз болып шыққан. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет. |
||
|
157 |
брак, дефект |
ақау |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларының термині, ақпараттық технология саласына қатысты қандай да бір амалды орындау барысында пайда болған кемшілік, ақау |
||
|
158 |
введенный код |
енгізілген код |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, амалды (операцияны) белгілі бір адамдар ғана білуі үшін арнайы енгізілетін код, шифр |
||
|
159 |
взаиморасчет |
өзара есеп айырысу |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, көрсетілген қызметке сәйкес өзара келісім негізінде есептесу, есеп айырысу |
||
|
160 |
вне сети |
желіден тыс |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, желіге енбейтін, одан бөлек |
||
|
161 |
вне зоны покрытия |
байланыс аясынан тыс жерде |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, төлем аймағынан тыс. «Вне зоны покрытия» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «байланыс аясынан тыс жерде» тіркесі қазіргі кезде ұялы телефондардың байланыс аясынан тыс жерде екенін білдіру үшін жұмсалып жүр. Сол себепті «байланыс аясынан тыс жерде» тіркесі «вне зоны покрытия» тіркесінің баламасы ретінде қолданыла алмайды. Себебі терминге қойылатын негізгі талаптардың бірі – атау сөз бірмәнді болуы керек. Сондықтан білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды нақтылай түсу қажет. |
||
|
162 |
установка головок |
бастиектерді орнату |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларының термині, «бастиек» сөзі жалпылық ұғымда жұмсалып, жекеше тұлғада тұрып-ақ көптік, жалпылық ұғымды білдіре алады. Соған сәйкес «установка головок» тіркесіндегі көптік мәнді зат есім қазақ тілінде жекеше тұлғада беріле алады. Сондықтан «бастиектерді орнату» деген тіркестің орнына «бастиек орнату» деп алуға болады. |
||
|
163 |
распечатка |
басылма |
ақпараттық технология саласына қатысты, электронды нұсқадағы жазбаны қағазға басып шығару. «Распечатка» сөзінің баламасы ретінде берілген «басылма» сөзі жасанды, түсініксіз болып шыққан. Атауды әлі де нақтылау қажет. |
||
|
164 |
кнопка |
батырма |
ақпараттық технология саласына қатысты, белгі беру мақсатында басылатын, ақпараттық құрылғыларға тіркелген тетік. «Кнопка» сөзінің баламасы ретінде берілген «батырма» сөзі ол сөздің мағынасын бере алмайды. Себебі «кнопка» сөзінде «батыру» мәні мүлде жоқ. Сол себепті келтірілген балама нұсқа түсініксіз болып шыққан. «Кнопка» сөзінің баламасы ретінде эфирде берілетін зияткерлік ойындарда «тетік» сөзі қолданылып жүр. Алайда атауды әлі де нақтылау қажет. |
||
|
165 |
кнопочная панель |
батырмалы тақта |
ақпараттық технология саласына қатысты, тетіктері бар панель. «Батырмалы тақта» тіркесі – «кнопочная панель» тіркесін калькалау жолымен аудару нәтижесінде пайда болған балама. Жоғарыда көрсеткеніміздей, аударушылар «кнопка» сөзінің баламасы ретінде «батырма» сөзін алғандықтан, сол сөзден өрбіген «кнопочный» сөзін «батырмалы» деп алған. Алайда не, қалай, қайда бататыны түсініксіз. Терминге қойылатын негізгі талапқа сәйкес терминнің мазмұны, мәні сөзне анық байқалып тұруы керек. Бұл жерде «батырма» сөзі оны қабылдаған адамды шатастырып, жаңсақ түсінік береді. Сол себепті бұл тіркес «кнопочная панель» тіркесінің баламасы бола алмайды. |
||
|
166 |
кэш вывода страниц |
бет шығару кэші |
ақпараттық технология саласына қатысты, бет шығаруға арналған кэш. |
||
|
167 |
метка блока |
блок тамғасы |
ақпараттық технология саласына қатысты, «метка блока» тіркесінің баламасы ретінде берілген «блок тамғасы» тіркесі атаудың мағынасын бере алмайды. Аударушының «метка» сөзінің баламасы ретінде не себепті «тамға» сөзін алып отырғаны түсініксіз. Түріктердің «таңба» деген сөзін еуропалықтардың (орыстардың) өзгертіп, өздерінің дыбыс жұйесіне салып, «тамга» деп қолданып кеткені мәлім. Қазақ тілінде «тамга» деген сөз жоқ. Ол сөздің баламасы ретінде «Орысша-қазақша сөздікте» «белгі, таңба» сөздері берілген. Бұл күнде «метка» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «белгі» сөзі қолданылып келеді. «Метка блока» тіркесінің баламасы ретінде «блок тамғасы» тіркесінің орнына «топтама белгісі» немесе «блок белгісі» деп алуға болар еді. Алайда атауды әлі де нақтылау қажет. |
||
|
168 |
пустой цикл |
бос қайталым |
ақпараттық технология саласына қатысты, белгілі уақыттың ішінде орындалған істер жиыны, топтама. «Пустой цикл» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «бос қайталым» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Себебі қазақ тілінде «қайталым» деген сөз жоқ. Әрине, терминжасаушылар өз тарапынан жаңа сөз ұсына алатыны белгілі. Алайда ұсынылған атау терминжасам талаптарына толық жауап бере алатындай, уәжді негізі бар сөз болуы керек. Ал «бос қайталым» мүлде түсініксіз, терминжасам талаптарына қайшы келетін тіркес болып шыққан. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет. |
||
|
169 |
пустой язык |
бос тіл |
ақпараттық технология саласына қатысты. «Пустой язык» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «бос тіл» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Сондықтан мүлде түсініксіз болып шыққан. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет. |
||
|
170 |
гибридный (комбинированный) компьютер |
будан (аралас) компьютер |
ақпараттық технология саласына қатысты, балама және сандық есептеу қондырғыларының ерекшеліктері бар аралас есептеу жүйесі |
||
|
171 |
окно предупреждений |
ескертулер терезесі |
ақпараттық технология саласына қатысты, бөлек экран тәрізді жұмыс істейтін дисплей экранының бөлігі, кез келген хабарды ескертетін терезе |
||
|
172 |
загрузочный диск |
жүктейтін дискі |
ақпараттық технология саласына қатысты, ақпарат жүктеуге арналған диск |
||
|
173 |
балансировка нагрузки |
жүктемені теңгеру |
ақпараттық технология саласына қатысты, жүктелген ақпаратты реттеу, теңшеу |
||
|
174 |
интерационный цикл |
интеративті қайталым |
ақпараттық технология саласына қатысты, «интерационный цикл» тіркесін де, қазақ тіліндегі калька жолымен жасалған баламасын, «интеративті қайталым» жасанды тіркесін де сөздіктерден таба алмадық. Сондықтан екі тілде де түсініксіз болған атау туралы ештеңе айта алмай отырмыз. Білікті мамандармен кеңесу қажет. |
||
|
175 |
перенос по кабелью |
кәбіл арқылы тасымал |
Телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, кабель арқылы жеткізу. «Перенос по кабелью» тіркесі орыс тілі орфографиясы бойынша «перенос по кабелю» деп жазылуы керек. Қазақ тіліндегі калька жолымен жасалған баламасы – «кәбіл арқылы тасымал» – жасанды тіркес, оны қазақ тілінде «кабель арқылы жеткізу», кабельдің көмегімен тасымалдау» деп аударуға келетін сияқты. Білікті мамандармен кеңесу қажет. |
||
|
176 |
ход кадровой развертки |
кадрлық жаймалау жүрісі |
ақпараттық технология саласына қатысты, «ход кадровой развертки» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «кадрлық жаймалау жүрісі» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Сондықтан мүлде түсініксіз болып шыққан: кадрды қалай жаймалайды, жаймалаудың жүрісі бола ма?… Мұндай қолданыстарға тосқауыл қою керек деп білеміз. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет. |
||
|
177 |
замена сим-карты |
сим-картаны ауыстыру |
Ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, бір сим-картаның орнына екіншісін алмастырып салу. Көпшіліктің қолданысында, сөйлеу тілінде қолданылып жүрген тіркесті сол күйінде әдеби тілге енгізе салғаннан гөрі терминология талаптарына сәйкестендіре отырып, үлгі болатындай тіркестер ұсыну қажет деп ойлаймыз. Республикалық терминология комиссиясының бекітуіне ұсынылған терминдерге асқан жауапкершілікпен қарау қажет деп білеміз. |
||
|
178 |
главное меню |
бас мәзір |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, бағдарламаларды ашып, жуық аралықта пайдаланған жазбаларды, жүйенің басқа да ерекшеліктеріне кіруге мүмкіндік беретін құрылғы. «Главное меню» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «бас мәзір» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет. |
||
|
179 |
емкость канала связи |
байланыс арнасының сыйымдылығы |
Ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, ақпаратты жіберушіден қабылдаушыға жеткізетін белгілердің таралымы мен техникалық құралдар жүйесінің көлемі. «Емкость канала связи» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «байланыс арнасының сыйымдылығы» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет. |
||
|
180 |
широкополосный канал |
кеңжолақты арна |
Ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты. «Широкополосный канал» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «кеңжолақты арна» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет. |
||
|
181 |
расширенный фильтр |
кеңейтілген сүзгі |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, сүзгі жазбаларының үстіңгі жақтарында орналасқан арнайы кестеде бүкіл критерийлер көрсетілген сүзгінің түрі. «Расширенный фильтр» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «кеңейтілген сүзгі» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет. |
||
|
182 |
широковещательный трафик |
кеңтаратымды трафик |
Ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты. «Широковещательный трафик» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «кеңтаратымды трафик» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет. |
||
|
183 |
обратная трансляция |
кері аудару |
Ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты. «Обратная трансляция» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «кері аудару» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет. |
||
|
184 |
устройство декодирующее |
кері кодтау құрылғысы |
Ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты. Деректерді кодтық комбинацияларымен бейнелеу немесе деректер элементі мен символдар жиынының кодтық комбинацияларын кері сәйкестендіру |
||
|
185 |
автосоединение фигур |
кескіндерді автоқосу |
ақпараттық технология саласына қатысты, кескіндерді автоматты түрде қосу. «Автосоединение фигур» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «кескіндерді автоқосу» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. «Автоқосу» сөзі қазақ тілі үшін мүлде жат, себебі «авто» сөзі зат есімдердің алдынан келіп, еркін тіркескенмен, етістіктерге келгенде қысқармай, көбінесе толық нұсқасы беріледі. Сол себепті «автоқосу» орыс тілінің үлгісімен жасалған, қазақ үшін мүлде түсініксіз сөзқолданыс болып шыққан. Мұндай қолданыстар тіліміздің тазалығына нұқсан келтіреді. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет. |
||
|
186 |
центрирование изображения |
кескінді ортаға келтіру |
ақпараттық технология саласына қатысты, кескінді ортаға, орталыққа қарай әкелу |
||
|
187 |
язык-оболочка |
қабықша-тіл |
ақпараттық технология саласына қатысты, «Язык-оболочка» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «қабықша-тіл» сөзі калька жолымен жасалған, жасанды қос сөз. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет. |
||
|
188 |
реплика |
қағытпа |
ақпараттық технология саласына қатысты, «реплика» сөзінің баламасы әрдайым «қағытпа» түрінде келе бермейді. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет. |
||
|
189 |
конфликт |
қақтығыс, жанжал |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты. «Конфликт» сөзі мәнмәтінге байланысты түрлі мағыналарды білдіре алады: дау; жанжал; қақтығыс; шиеленіс т.с.с. Сол себепті білікті мамандармен кеңесе отырып, терминнің мағынасын нақтылау қажет. Әрі ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты қолданылған кезде атау қандай мәнде жұмсалатынын айқындау қажет. |
||
|
190 |
всплывающее окно |
қалқыма терезе |
ақпараттық технология саласына қатысты, таңдап алынған түйінді сөзді түсіндіретін қосымша мәліметі бар терезе. «Всплывающее окно» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «қалқыма терезе» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Бұл орайда Қытай қазақтарының тәжірибелерін де негізге алу қажет деп білеміз. Орыс тілінде «мышь», ағылшын тілінде «mouse» түрінде қолданылып жүрген атау бүгінде «тінтуір» деп аталып жүр. Қазақ ұғымына етене жақын, түсінікті де дәл. Сол сияқты басқа баламаларды ұсынған кезде білікті мамандармен кеңесе отырып, атаудың ұлттық сипатта болуына ерекше мән беру қажет деп білеміз. |
||
|
191 |
карманный компьютер |
қалталық компьютер |
ақпараттық технология саласына қатысты, өзіңмен бірге алып жүруге ыңғайлы, шағын компьютер. «Карманный компьютер» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «қалталық компьютер» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Бұл орайда да Қытай қазақтарының тәжірибелерін де негізге алу қажет деп білеміз. Қытайда «ұялы телефон» дегеннің орнына «қол фон», «қол телефон» тіркестері қалыптасқан. Қазақта «қол сағат», «қол шатыр» т.с.с. тіркестер алып жүруге ыңғайлы, шағын нәрсені атау үшін қолданылған. Яғни жаңа сөз жасауда тілімізде бұрыннан бар, жалпылық сипат алған сөзжасам тәсілдерін негізге алған. Сол себепті жаңа сөз қазақ ұғымына етене жақын, түсінікті де дәл болып шыққан. Қытай қазақтарының сөзжасамдық ұстанымдарын да ескере отырып, қазақ тілінде балама ұсынуда білікті мамандармен кеңесе отырып, атаудың ұлттық сипатта болуына ерекше мән беру қажет деп ойлаймыз. |
||
|
192 |
механизм доступа |
қолжетім тетігі |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты. «Механизм доступа» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «қолжетім тетігі» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. |
||
|
193 |
удаление надстроек |
қондырманы жою |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты. «Удаление надстроек» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «қондырманы жою» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. |
||
|
194 |
значок документа |
құжат таңбашасы |
ақпараттық технология саласына қатысты, құжаттың қысқаша сөзтаңбасы бар кішкене графикалық бейнесі. «Значок документа» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «құжат таңбашасы» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. |
||
|
195 |
информационный контент |
ақпараттық контент |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, «Информационный контент» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «ақпараттық контент» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. |
||
|
196 |
контрольно-испытательный пункт |
бақылау-сынау пункті |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, «контрольно-испытательный пункт» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «бақылау-сынау пункті» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. |
||
|
197 |
кронштейн |
тіреуіш |
Бұл атауды ақпараттық технология терминдерінің қатарына қоспауға да болады. |
||
|
198 |
хронометраж |
мерзімөлшем |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, қайталанып отыратын еңбек операцияларына жұмсалған жұмыс уақытын зерделеу әдісі. «Мерзімөлшем» сөзі «хронометраж» атауының толық баламасы бола алмайды, калька жолымен жасалған, жасанды сөз. |
||
|
199 |
компоновка модулей |
модулдерді тұтастыру |
ақпараттық технология саласына қатысты, «компоновка модулей» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «модулдерді тұтастыру» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Оның үстіне «ь» белгісінің жазылу емлесіне сәйкес «ь» әрпінен кейін дауыссыз дыбыстардан басталған қосымша жалғанса, «ь» сақталады да дауысты дыбыстар келсе, ол түсіп қалады. Ал «модулдерді» сөзінде «ь» себепсіз түсірілген. Соңғы жылдары терминдерді «ь» (жіңішкелік) белгісінсіз жазу үрдіс алып келеді. Олай болған жағдайда тұтас сөз жуанданады, себебі жіңішкелік белгісі түсіп қалғандықтан, оны жіңішке айтудың қажеттілігі болмайды. Мысалы: персональділік емес, персоналдылық, темпоральділік емес, – темпоралдылық т.с.с. Соған орай «ь» белгісі мақсатты түрде түсірілген болса, модулдерді емес, модулдарды болуы керек. Сол себепті аударушының сөзді «модулдерді» түрінде қолдануының уәжін түсіне алмадық. |
||
|
200 |
прозрачная обработка |
мөлдір өңдеу |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, «прозрачная обработка» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «мөлдір өңдеу» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. |
||
|
201 |
калибровка |
мөлшерлегіш |
«Мөлшерлегіш» сөзі «калибровка» атауының толық баламасы бола бермейді, калька жолымен жасалған, жасанды сөз. Бұл атауды ақпараттық технология терминдерінің қатарына қоспауға да болады. |
||
|
202 |
оперативное запоминающее устройство |
оперативті жадтау құрылғысы |
Ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, «оперативное запоминающее устройство» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «оперативное запоминающее устройство» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. |
||
|
203 |
оптоволоконный кабель |
оптоталшықты кәбіл |
Жұмыс орнында терминалдық жабдықты қосуға арналған байланыстырушы оптикалық талшықты кәбіл Ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, «оптоволоконный кабель» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «оптоталшықты кәбіл» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. «Оптоталшықты» сөзі қазақ тілі үшін мүлде жат, себебі «о» қосымшасы орыс тілінде сөзбайланыстырушылық қызмет атқарғанмен, қазақ тілінде ондай екі сөзді өзара біріктіріп тұратын қосымша жоқ. Сол себепті «оптоталшықты» түрінде орыс тілінің үлгісімен алғаннан гөрі тіркестің толық нұсқасын беріп, сипаттама тәсілмен «оптикалық талшықты» деп алу керек еді деп ойлаймыз. «Оптоталшықты» біріккен сөзі орыс тілінің үлгісімен жасалған, қазақ үшін мүлде түсініксіз сөзқолданыс болып шыққан. Мұндай қолданыстар тіліміздің тазалығына нұқсан келтіреді. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет. |
||
|
204 |
число витков |
орамдар саны |
Ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, «число витков» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «орамдар саны» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Әрі «орам» сөзі жалпылық ұғымда қолданылады. Сондықтан орыс тілінің үлгісімен көптік тұлғасында қолданудың қажеті жоқ. Сонымен қатар қазақ тілінің заңдылығы бойынша, «сан» сөзімен тіркескен зат есімдер жекеше тұлғада қолданылады. Сондықтан «орамдар саны» емес, «орам саны» түрінде беруге болады. |
||
|
205 |
установочная метка |
орналастыру тамғасы |
Ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, «установочная метка» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «орналастыру тамғасы» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Аударушының «метка» сөзінің баламасы ретінде «тамға» сөзін не себепті алып отырғаны түсініксіз. Түріктердің «таңба» деген сөзін орыстар өзгертіп, өздерінің дыбыс жүйесіне салып, «тамга» деп қолданып кеткен. Қазақ тілінде «тамга» деген сөз жоқ. Ол сөздің баламасы ретінде «Орысша-қазақша сөздікте» «белгі, таңба» сөздері берілген. Бұл күнде «метка» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «белгі» сөзі қолданылып келеді. Атауды әлі де нақтылау қажет.ы |
||
|
206 |
центральный узел связи |
орталық байланыс торабы |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, бір-біріне немесе орталық серверге қосылған ортақ ресурстарды қолданатын компьютерлер тобы. «Центральный узел связи» тіркесінің баламасы «орталық байланыс торабы» түрінде емес, «байланыстың ортақ торабы» түрінде берілуі керек. Себебі мұндағы «центральный» (орталық) сөзі байланысқа емес, торапқа қатысты. |
||
|
207 |
паутина |
өрмек |
Бұл атауды ақпараттық технология терминдерінің қатарына қоспауға да |
||
|
208 |
шнур измерительного прибора |
өлшеу аспабының бауы |
Ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, «шнур измерительного прибора» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «өлшеу аспабының бауы» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. |
||
|
209 |
штатив прибора |
аспап тағаны |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, «штатив прибора» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «аспап тағаны» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. |
||
|
210 |
мышь |
інтуір |
ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты. Дисплей экранындағы сілтеме көрсеткіш қалпын өңдеуге арналған құрылғы. «Мышь» сөзінің қазақша баламасын аударушы «інтуір» деп алыпты (неге олай алғаны да, ол сөздің мағынасы да түсініксіз!). Алайда бүгінгі таңда ол «тінтуір» түрінде қалыптасып, тұрақтанып кетті. «Інтуір» деп алғанда, «мышь» атауына жақындатқысы келген де шығар. Алайда терминнің міндетті түрде калька жолымен жасалып, басқа тілдің ерекшелігіне сәйкес құрылуы міндетті емес. |
||
|
211 |
процессор с плавающей точкой |
қалқыма нүктелі процессор |
ақпараттық технология саласына қатысты, негізгі процессордың функционалдық мүмкіндіктерін толықтыратын процессор. «Процессор с плавающей точкой» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «қалқыма нүктелі процессор» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. |
||
|
212 |
оператор умолчания |
келісім операторы |
Ақпараттық технология саласына қатысты, «оператор умолчания» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «келісім операторы» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. |
||
|
213 |
разветвленная сеть |
тармақталған тор |
Ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, «разветвленная сеть» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «тармақталған тор» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. |
||
|
214 |
язык управления пакетом |
дестені басқару тілі |
Ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, «язык управления пакетом» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «дестені басқару тілі» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. |
||
|
215 |
портативный компьютер |
тасымалды компьютер |
Барлық бағдарламалық жүйемен қамтамасыз етілген, алып жүруге оңай, ықшам компьютер. «Портативный компьютер» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «тасымалды компьютер» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. |
||
|
216 |
цифроаналоговый преобразователь |
цифрлық аналогтық түрлендіргіш |
Ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс салаларына қатысты, сандық кодты ұқсас (баламалық) дабылға алмастыруға мүмкіндік беретін қондырғы. «Цифроаналоговый преобразователь» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «цифрлық аналогтық түрлендіргіш» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Оның үстіне «цифр», «аналог» сөздерінің қазақ тілінде баламасы болғанына қарамастан, орыс тіліндегі нұсқасы берілген. Білікті мамандармен кеңесе отырып, атауды қайта қарау қажет. |
||
|
Терминдер (көлік, автожол, авиация, су көлігі салалары бойынша) |
|||||
|
217 |
автобан |
автобан |
көлік-қатынас термині, басқа жолдармен бір деңгейлі қиылысы болмайтын, автомобильдердің жылдам қозғалысына арналған жол, неміс технологиясымен жасалған автомобиль жолы |
||
|
218 |
авиация малая |
кіші авиация |
көлік-қатынас термині, азаматтық авиацияның бөлігі |
||
|
219 |
автобус пригородный |
қаламаңылық автобус, қаламаңдық автобус |
Елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақтағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдайтын автобус. «Пригородный автобус» атауының қазақ тіліндегі баламасы ретінде «қаламаңы автобусы» деп алған дұрыс деп ойлаймыз. Қазақ тілінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес зат есім зат есімнің алдынан келсе немесе тәуелдік қатынаста тұрып та анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Сол себепті «қаламаңылық» дегеннің орнына «қаламаңы» сөзін қолдансақ та ол анықтауыштық қатынаста қолданылады. |
||
|
220 |
автозаправка |
автомайқұю |
Жанармай құю стансысында автокөлікке жанармай құю. «Автозаправка» сөзінің баламасы ретінде ұсынылған «автомайқұю» сөзі калька жолымен жасалған жасанды сөз. Шын мәнінде, ол жерде «авто» сөзі автокөліктерге қатысты қолданылған атау, ол жерге автокөліктер ғана баратыны түсінікті. Сондықтан «автозаправка» сөзінің қазақ тіліндегі баламасын «жанармай бекеті» деп алуға болады. |
||
|
221 |
автомагистраль |
автокүрежол, автомагистраль |
Бір-бірінен жолақпен, кейде қоршаумен бөлiнген, жүру бөлiктерi бар, басқа жолдарды, темiржол не трамвай жолдарын, жаяу жүргінші не велосипедпен жүретiн жолды бiр деңгейде кесiп өтпейтiн жол. Автомагистральдің негізгі, маңызды, үлкен жол екенін негізге ала отырып, «күре» сөзінің осы мәнін уәж ете отырып, «автомагистраль» сөзінің баламасы ретінде «күре жол» деп алуға болады деп ойлаймыз. |
||
|
222 |
асбестовая крошка |
асбест үгіндісі |
асбест техникалық, асбоцементтік өнімдерде қолданалытын цемент ұнтағынан жасалған материал |
||
|
223 |
асбестоцементное покрытие |
асбестті-цементтік жабын |
автожол құрылысында қолданылатын материал. «Асбестті-цементтік жабын» дегеннің орнына «асбестті-цементті жабын» деп алған дұрыс болады деп ойлаймыз. Себебі қазақ тілінде –лы/-лі қосымшасы бір нәрсенің бар екенін, мол екенін білдіреді. Яғни автожол құрылысында пайдаланылатын материалдың – жабынның құрамында асбест пен цементтің бар екенін, көп екенін білдіреді. |
||
|
224 |
асфальт волокнистый |
талшықты асфальт |
Асфальт жамылғысының бір қабаты |
||
|
225 |
асфальтобетоноукладчик |
а/б жайғыш |
Жолға асфальт-бетонды төсейтін құрал. «Асфальтобетоноукладчик» сөзінің қазақ тіліндегі баламасын «а/б жайғыш» түрінде емес, «асфальт-бетон төсеуші» деп алған дұрыс деп ойлаймыз. Бұл орайда «асфальтобетон» сөзінің құрамындағы екі сөзді байланыстырушы -о қосымшасы қазақ тілінде түсіп қалады. Сөз құрамындағы әріп санын көбейте бермеу, сөзді ықшамдау мақсатымен қазақ тіліндегі нұсқаны біріккен сөз емес, қос сөз түрінде беріп, дефис арқылы жазуға болады: «асфальт-бетон». |
||
|
226 |
асфальтразогреватель самоходный |
өздігінен жүретін асфальтқыздырғыш |
Жол құрылысында пайдаланылатын құрал, өздігінен жүріп, асфальтты қыздыратын құрал. |
||
|
227 |
аэрофотосьемки |
аэрофототүсіру |
ұшақ, тікұшақта т.б. орнатылған аэрофотоаппараттың көмегімен аймақты биіктен суретке түсіру, жол құрылысында пайдаланатын құрал. |
||
|
228 |
борт |
ернеу, ергенек, шеті |
Автокөліктің жүк таситын бөлігі. Салалық терминдердің мағынасы нақты болып, нақты бір мағынада жұмсалуы керек. Термин атаулыға қойылатын негізгі талаптың біріне сәйкес, термин түрліше ұғынылмауы керек. Сол себепті келтірілген атаулардың ішінде «борт» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «ернеу» сөзін алуға болатын сияқты. |
||
|
229 |
бесстыковой |
Түйіспесіз жол |
Бір бағытта екі жаққа кететін жол. «Бесстыковой путь» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «түйіспесіз жол» дегеннен гөрі «тоғыспайтын жол» деп алған дұрыс болатын сияқты. |
||
|
230 |
дорожное полотно |
жол төсемі |
Жол құрылысында автомобиль жолының ортасында не астында қолданылатын конструктивті элемент |
||
|
231 |
естественный щебень |
табиғи шағылтас |
Тау тастарының үгіндісінен құралған материал |
||
|
232 |
мол |
тосқауыл |
су толқынынан қорғайтын жағамен жалғасып жасалатын гидротехникалық қоршау |
||
|
233 |
несущий |
тіреуіш |
Салмақ түсетін конструкция |
||
|
234 |
обочина |
жол жағасы, жолдың жиегі, жолдың жағасы, жолжаға |
Автожолдың көлік тоқтауға мүмкіндігі бар жиегі. Термин атаулыға қойылатын негізгі талаптың біріне сәйкес, термин түрліше ұғынылмауы керек. Сондықтан келтірілген атаулардың ішінде «обочина» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «жолдың жиегі» сөзін алуға болатын сияқты. Себебі «жаға» сөзі өзен, көлге қатысты қолданылады, ал жолға қатысты «жиек» сөзін қолданған дұрыс. |
||
|
235 |
ограждение |
қоршау, қоршап қою, кедергі |
Автожолда, темір жолда қар басып кетпеуі үшін құрылатын кедергі құралы Термин атаулыға қойылатын негізгі талаптың біріне сәйкес, термин түрліше ұғынылмауы керек. Сондықтан келтірілген атаулардың ішінде «ограждение» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «қоршау» сөзін алуға болады. «Ограждение» қолдан жасалады, сондықтан «кедергі» сөзінен гөрі «қоршау» сөзі дұрысырақ болады. Әрі терминнің қысқа да нұсқа болу талабына сәйкес «қоршап қою» тіркесінен гөрі бір ғана сөзбен, «қоршау» деп берген дұрыс. Оның үстіне «ограджение» сөзі – зат есім, ал «қоршап қою» – етістік. Сондықтан ең абзалы – «қоршау». |
||
|
236 |
оттиск |
бедер |
мәтінді не графикалық суретті қағазға, картонға т.б. басып шығарғаннан пайда болған өрнек. |
||
|
237 |
оттиск печати |
мөр бедері, мөр таңбасы |
Мөрдің мәтіні мен суретін басып шығару |
||
|
238 |
отсев |
тас ұнтақтары |
Жолды салу кезінде төсейтін тас ұнтақтары |
||
|
239 |
пневматическая шина, пневмошина, пневматик |
пневматикалық шина, пневмошина, |
дөңгелекті қаптайтын темір құрсау немесе ішіне ауа толтырылған резеңке |
||
|
240 |
правоустанавливающие документы на земельный участок |
жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар |
құжат түрі Қазіргі кезде «участок» сөзінің баламасы ретінде «телім» сөзі біршама орнығып, тұрақтанып қалды. Сондықтан «правоустанавливающие документы на земельный участок» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын «жер теліміне құқық белгілейтін құжаттар» деп алуға болады. |
||
|
241 |
рулежная дорожка |
жермен жүру жолдары |
әуеайлағының ұшу жолағының бір бөлігі |
||
|
242 |
сварщик |
дәнекерлеуші, металлпісіруші |
мамандық атауы Термин атаулыға қойылатын негізгі талаптың біріне сәйкес, термин түрліше ұғынылмауы керек. Сондықтан келтірілген атаулардың ішінде «сварщик» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «дәнекерлеуші» сөзін алуға болады. Бұл сөз қазіргі кезде тілімізде біршама орнығып, тұрақтанып қалды. Әрі терминнің қысқа да нұсқа болу талабына сәйкес сипаттама түріндегі «металлпісіруші» сөзінен гөрі бір ғана сөзбен, «дәнекерлеуші» деп берген дұрыс деп ойлаймыз. |
||
|
243 |
фрахт |
фрахт, кірепұл, кіре, кеме кіресі, жалдау ақысы |
жүктi тасымалдағаны үшiн алынатын ақы, сондай-ақ бербоут-чартер мен тайм-чартер шарттары бойынша берiлетiн сыйақы Терминге қойылатын негізгі талаптың біріне сәйкес, термин түрліше ұғынылмауы керек. Сондықтан келтірілген атаулардың ішінде «фрахт» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «кірепұл» сөзін алуға болады. Әрі терминнің қысқа да нұсқа болу талабына сәйкес «кеме кіресі», «жалдау ақысы» тіркестерінен гөрі бір ғана сөзбен, «кірепұл» деп берген дұрыс деп ойлаймыз. |
||
|
244 |
фрахтование |
кеме жалдау, кіреге алу |
Кемені жалдау, кеме жалдау шартына сәйкес жүк тасымалдау шартын жасасу, өзіне сеніп тапсырылған жүкті белгіленген ақыға тиісті портқа жеткізуге міндеттелу |
||
|
245 |
фрахтовщик |
кеме жалдаушы, кеменi жалдаушы |
кеме жалдау шартында жүк тасымалдау шартын жасасқан, өзіне сеніп тапсырылған жүкті белгіленген ақыға тиісті портқа жеткізуге міндеттенген тарап. «фрахтовщик» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «кеме жалдаушы», «кеменi жалдаушы» түріндегі сипаттама тіркестерден гөрі қысқа да бір сөзбен «кірекеш» деп алуға болады. Оның үстіне «кеме жалдаушы», «кеменi жалдаушы» тіркестері «фрахтовщик» сөзінің емес, «фрахтователь» сөзінің баламалары. |
||
|
246 |
фрахтователь |
кемемен жалданушы |
кеменi жалдау шартының жолаушыларды, жүктi тасымалдау не сауда жасау мақсатында белгiлi бiр мерзiмге кеме беретiн тарап, «фрахтователь» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде берілген «кемемен жалданушы» тіркесі қазақ тілі үшін жат қолданыс. Сондықтан сөз түсініксіз болып шыққан. Дұрысында, «фрахтователь» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы – «кеме жалдаушы», «кеменi жалдаушы». Бұл сөздің мағынасы «Орысша-қазақша сөздікте» де осылай («кеме жалдаушы») көрсетілген. |
||
|
247 |
щебень |
шағылтас, шақпатас |
ұсақталған, қиыршық тас Терминге қойылатын негізгі талаптардың бірі – бірізділікті сақтау мақсатымен «щебень» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «шағылтас» сөзін алуға болады. |
||
|
248 |
ямочный ремонт |
шұңқырлық жөндеу |
Жергілікті желідегі автожолдарда шұңқырлап қалған ойларды бітеу арқылы жасалатын жөндеу жұмыстары «Ямочный ремонт» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде ұсынылған «шұңқырлық жөндеу» тіркесі калька жолымен жасалған, жасанды тіркес. Сондықтан мүлде түсініксіз болып шыққан. Дұрысында, «шұңқырларды бітеу» деп алуға да болатын сияқты. Бұл орайда білікті мамандармен кеңесе отырып, нақтылай түсу қажет. |
||










Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.