Қай тілдің болмасын дамуы мен сол елдің терминологиясының дамуымен тығыз байланысты. Себебі, тіл, негізінен, жаңадан енген терминдер арқылы дамиды.
Терминология мәселесі әрқашан да өзектілік сипатын жойған емес. Өйткені адамзат баласының өнертапқыштық әлеуеті таусылмайынша, ғылым тілі өміршеңдігін жоғалтпайтындығы ақиқат. Жаңадан ашылған ғылым, ойлап табылған ұғым, жаңадан шыққан заманауи техникалар бәрі дерлік тілде терминология арқылы көрініс табады. Ғылымның күн санап қарыштап дамып жатқаны оның жаңа терминдерге толықсып, тіл лексикасының молайғандығын білдіреді. Толығырақ
2012 жылдың 14 желтоқсаны Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына өзінің Жолдауын жариялады. Толығырақ
Бұл кітап қазақ терминологиясының өзекті мәселелеріне, терминологияның қалыптасу процесіне арналған. Қолданыстағы әдіс-тәсілдер, терминологияның қазіргі тәжірибеде қолданылуы жөнінде сөз етіледі. Жинақта ғылыми көзқарастар және қазақ терминологиясы мәселелері жөнінде кеңінен талқыланады.
Тілдерді қолдану мен дамыту бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Себебі, тіл саясаты, оның ішінде мемлекеттік тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне, оның мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты. Толығырақ
Белгілі абайтанушы, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметұлы дайындап отырған бұл кітапта ұлы Абай мұрасы, оның зерттелуі туралы жазылған құнды деректер мен мұрағат қазыналары егжей-тегжейлі екшеліп, Абайтану тарихының қалыптасу жағдайы сала-салаға бөлініп баяндалған. Толығырақ
«Тілашар» қазақ тілін ересектерге бастауыш деңгейіне арналған бағдарламалық кешен. «Тілашар» курсы әдістемелік құралдан, жазу дәптерінен, DVD дискілерінен тұрады. Толығырақ
Бөрікті тастап, бөріден кұтылуға болмайды.
Жау жоқта жарақ коп,
Жау келгенде таяқ та табылмас. Толығырақ
Малды бақсаң қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттаннан
Қой бермейді қорадан. Толығырақ