Қай тілдің болмасын дамуы мен сол елдің терминологиясының дамуымен тығыз байланысты. Себебі, тіл, негізінен, жаңадан енген терминдер арқылы дамиды.
Терминология мәселесі әрқашан да өзектілік сипатын жойған емес. Өйткені адамзат баласының өнертапқыштық әлеуеті таусылмайынша, ғылым тілі өміршеңдігін жоғалтпайтындығы ақиқат. Жаңадан ашылған ғылым, ойлап табылған ұғым, жаңадан шыққан заманауи техникалар бәрі дерлік тілде терминология арқылы көрініс табады. Ғылымның күн санап қарыштап дамып жатқаны оның жаңа терминдерге толықсып, тіл лексикасының молайғандығын білдіреді.
Терминологияның өзектілік сипатын Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларынан да айқын байқауымызға болады. Елбасы 2014 жылғы «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Осы заманғы ғылыми терминологияның негізін латын тілінен енген сөздер құраса, ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүниежүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде.
Алдарыңызда ұсынылып отыған 30 томдық салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік қазақ терминдерін біріздендіру, терминқорын реттеу, арттыру мақсатында әзірленген.
300 мыңнан астам терминді қамтыған 30 томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша салалық терминологиялық сөздік – 350-ге жуық ғалым мен сала мамандарының бірнеше жылдық еңбегінің нәтижесі болып табылады.










Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.