Электронды БАҚ-та (abai.kz және mtdi.kz сайттарында) және телеарнада (Алматы телеарнасы) қазақ руханиятына қатысты бірқатар іс-шараларға ат салысып жүрген «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының қаржылай қолдауымен Мемлекеттік тілді дамыту институты инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында халық ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлерді біріздендіру шараларын ұйымдастыруға арналған «Бесігіңді түзе» жобасын жүзеге асыруды бастағандығы туралы айтылған еді. Бала тәрбиесіне берері мол осы жобаның жұмысы жайлы институттың басшысы Бижомарт Қапалбековке жолығып мән-жайды білген едік. – Бұл жоба идея күйінде қалмас үшін тырмысып жұмыс жасап жатырмыз. Ұсыныспен Мәдениет министрлігіне шыққан болатынбыз. Тіл комитеті төрағасының атынан «мәселе министрлік назарында болады» – деген жауап келді. Жобаны бірқатар демеуші компанияларға да жіберген болатынбыз, ішінен Исламбек Салжан мырза басқаратын «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорынан нақты қолдау таптық. Міне, бүгін концепциясы жасалды. Стратегиялық жоспары, жұмыс кестесі бекітіліп, жұмысты бастап кеттік. Толығырақ