Үстіміздегі жылдың сәуір айының 27 мен 29 аралығында Астана қаласында Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Медицина саласындағы терминдерді біріздендіру жолдары»- атты республикалық деңгейде біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын аяқтады.
Курсқа еліміздің әр өңіріндегі медициналық мекемелердегі мемлекеттік тілді жетілдіру және іс жүргізуші мамандар келіп қатысты. Аталмыш шараның көздеген мақсаты, денсаулық сақтау саласындағы терминдердің қолданысы, мемлекеттік тілге көшу үдерісін белсенді түрде жүргізу және ісқағаздарын жүргізуді жүйелеу бойынша медицина саласындағы мемлекеттік тіл мамандарының біліктілігін арттыру болды.
Негізінен ұйымдастырылған курс тыңдаушыларының басым көпшілігі денсаулық сақтау және сауықтыру мекемелерінің мамандары болғандықтан атаулы сала бойынша аударма және құжат әзірлеу істеріндегі түйткілді мәселелерді біріздендіруге назар аударылды.
Үш күнге созылған курс тыңдаушыларының алдында елімізге белгілі филологтар, аудармашылар мен терминологтар дәріс оқыды. Атап айтқанда, филология ғылымдарының докторы, профессор Жантас Алтайұлы Жақыпов, медицина ғылымдарының кандидаты Ахмет-төре Мұхамбедия сондай-ақ, белгілі аудармашы Кеңес Юсуп және тағы басқалар дәріс оқыды.
Курс толықтай аяқталған соң, өңірлерден келген тыңдаушыларға арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.









Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.