Соңғы жазбалар
  • Петропавл қаласында «Тіл – татулық тірегі» этнос жастарының республикалық форумы өтеді
  • Көптілділік – уақыт талабы, ел болашағы
  • Үштұғырлы тіл саясаты: келешек ұрпақ ұпайынан ұтылмасын десек
  • Үштұғырлы тіл: Қазақстанда тілдерді оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері хақында
  • Елімізде үш тілде білім беру жүйесі кезең-кезеңімен жүргізіледі
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Сапарбаевтың сыны қытайларға сабақ болды

Ақтөбеде қытайлық «СНПС-Ақтөбелік транспорттық компания» мен «Шығыс мұнай және сервистік қызмет» компанияларының бірнеше есептік кездесулері өтті. Сапарбаевтың сынынан кейін екі ұйым да қазақ-қытай тілін меңгерген аудармашылар жалдаған деп хабарлайды NUR.KZ порталы NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев үш аудармашы бойжеткеннің қазақ екеніне назар аударып, «қазақ қыздары қытай тілін меңгерген болса, қытайлықтар да қазақ тілін білуі тиіс», – деп әзілдеп үлгерді.

«Бұны өзара сыйластық деп атауға болады», — деді облыс әкімі.

Аудармашылардың бірі Қытай тумасы екен. Ол тек қазақ және қытай тілдерін білетіндіктен, қасындағы әріптесі орыс тілінен аударуға қолғабыс болған.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Ұлы қорған» қазақ-қытай компаниясының өкілдерін қазақ тілін құрметтеуге шақырған болатын. Шенеунік ұжымға мемлекеттік тілде сөз сөйлегенде Қытай елінің өкілдеріне оны аударып беретін ешкім табылмаған.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев компания ұжымы алдында елдің экономикалық ахуалы туралы әңгімелеген кіріспе сөзінің соңында:

— Басшыларыңыз түсініп отыр ма? Аудармашы бар ма? — деп сұрады ұжымнан. Сол кезде компанияның ұлты қытай аудармашысы:

— Біз қазақшадан аудара алмаймыз. Егер сіз орысша сөйлесеңіз мен бірден аударар едім, — деді.

— Қазақ тілін білмеуіңіз дұрыс емес. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қай тіл? — деп қайта сұрақ қойды облыс әкімі.

— Қазақ және орыс тілдері.
— Жоқ, олай емес. Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі. Сондықтан қазақ тілін үйренуге де тырысу керек, — деді Бердібек Сапарбаев қытайлық компанияның қазақша білмейтін аудармашысына.

http://www.gu-gu.kz/

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

(Жалпы 57 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминология-лық анықтамалық
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминдер мен ұғымдар
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[1] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[2] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[3] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Мамыр (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Нау    
  1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31  
Профиль