Сабақтың тақырыбы: Ас –адамның арқауы (В1деңгейі)
Сабақтың мақсаты: тыңдаушыларға ұлттық тағамдар және сусындар, оның денсаулыққа пайдасы жөнінде түсіндіре отырып, дұрыс тамақтану туралы мәлімет беру. Қыстырма сөздердің, мақал-мәтелдер мен тыйым сөздердің қолданылуын түсіндіру. Тыңдаушылардың сөздік қорларын толықтыру, тыңдау, жазу, оқу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой тастау, мәнерлеп оқу, тыңдап түсіну.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекі құрал-жабдықтар: бейнекөрініс, слайд, үлестірмелі парақшалар, суреттер, сөздіктер, тағамдар.
Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі
Алға жайып тұз-дәмін,
Келтіреді үй сәнін.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны,
Кеңпейіл де арайлы,
Осы жерден тарайды. Толығырақ